2022 жылдың 2 тоқсаны бойынша «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары туралы талдамалық анықтама
«Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ (әрі қарай – әкім аппараты) қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы (әрі қарай – СЖТІТ) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік Қағидаларына сәйкес жүргізілді.
СЖТІТ аудан әкімінің 2022 жылғы 20 маусымдағы №80 н/қ өкімі негізінде әкім аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі, ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімімен жүргізіліп, СЖТІТ жүргізілуіне басшылық, үйлестіру және жауапкершілік әкім орынбасарына жүктелді.
СЖТІТ келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) Наурызбай ауданы әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
СЖТІТ 2022 жылғы 20 - 23 маусым аралығында жүргізіліп, талданатын кезең 2022 жылғы 2 тоқсан белгіленген.
Наурызбай ауданы әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық және құқықтық актілерде СЖТІТ
Тәуекелдер: Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №2/264 қаулысымен бекітілген әкім аппаратының ережесінде ескірген, жарамсыз заңды мекенжай көрсетілген.
Тәуекелдер сипаттамасы: бұл сәйкессіздік аудан тұрғындарының наразылығын тудыра отырып, мемлекеттік органдармен хаттарды ескірген, жарамсыз заңды мекенжай бойынша жолдауына әкеледі.
Жою бойынша ұсынымдар: 2022 жылдың соңына дейін ескі ереженің күшін жою туралы және жаңа ережені бекіту туралы Алматы қаласы әкімдігі қаулыларының жобаларын әзірлеу қажет.
Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ішкі құжаттарында СЖТІТ
Келесі құжаттар қаралды:
Осы бағытта тәуекелдер анықталмады.