Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ІІ тоқсандағы есебі
2 сәуір күні білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп мұғалімдері арасында волейболдан жарыс өтті.
7 сәуір күні Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті және Наурызбай ауданының ТЖ басқармасымен Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеуге арналған айлыққа белсенді қатысқаны үшін аумақта орналасқан барлық мектептер марапатталды.
8 сәуір күні аудандық отбасылық кітапханада Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай «Мұхтар Әуезов - қазақ әдебиетінің тарланы» тақырыбында әдебиеттанушы Мақсат Дүйісмағамбетов, журналист Аманжан Еңсебайұлы, жазушы Нұрдаулет Ақыштың қатысуымен мектеп ұстаздары және оқушыларымен кездесу өтті.
11 сәуір күні нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл штабының мүшелеріне арналған семинар-тренинг өткізілді.
18 сәуір күні білім және медицина саласының қызметкерлерімен Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, көпбалалы аналар және ардагерлер кеңесі мүшелерінің арасында аудандық дебат турнирі өтті.
26 сәуір күні №15 санаториялық мектеп-интернатының ұйымдастыруымен дзюдодан қалалық ашық біріншілік өтті.
28 сәуір күні аудандық кітапханада балалар әдебиетінің ақын-жазушыларымен дөңгелек үстел өтті.
28 сәуір күні 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында аудан жастары арасында шағын футболдан жарыс өтті.
29 сәуір күні Алматы қаласы жастары арасында өткен шағын футболдан жарыста Наурызбай ауданы Жастар құрамы жүлделі 3 орынға ие болды.
1 мамыр күні «1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі» күні мерекесіне орай концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
3 мамыр күні есірткі және есірткіге қарсы іс-қимыл жөніндегі штабының жұмысы аясында нарколог-дәрігердің қатысуымен аудан мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары мен ата-аналарға дәрістер өткізілді.
3 мамыр күні 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай Наурызбай ауданының мемлекеттік қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өтті.
7 мамыр күні «7 мамыр - Отан қорғаушылар күні» мерекесіне орай «ҰҚК Шекара қызметі басқармасы» алаңында сарбаздардың ант беру рәсімі және аудан әкімінің әскери қызметкерлерді марапаттау шарасы.
9 мамыр күні «Ұлы Жеңіс күнінің 77» жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ескерткішіне гүл қою рәсімі.
9 мамыр күні Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай аудандық мерекелік шара өтті.
15 мамыр күні «Халықаралық Отбасы күніне» орай Наурызбай ауданының Білім орталықтарының өнерлі жастары мен жасөспірімдері саябақта қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік шара өткізді.
23 мамыр күні аудандық кітапханада Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Жанәділ Райымбек және әнші, композитор Ұшқын Жамалбектің қатысуымен «Тәрбие басы - тал бесік» тақырыбында жастармен кездесу өтті.
25 мамыр күні аудандық білім мекемелерде «Сыңғырла соңғы қоңырау» шарасы өтті.
27 мамыр күні Алматы қаласы жастары арасында «SARBAZ RACE - 2022» әскери-патриоттық ойындардан жарыс өтті.
27 мамыр күні ауданның белсенді жастары аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
1 маусым күні «1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай аудандық мерекелік шара өтті.
2 маусым күні денсаулық сақтау мекемелерінің ұжымы балалар күніне орай концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
4 маусым күні ҚР Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне 30 жыл толуына орай аудан жастары автошеру ұйымдастырды.
4 маусым күні ҰҚК Шекара қызметі басқармасындағы Отан алдындағы борышын өтеуші сарбаздардың Мемлекеттік Гимнді орындады.
4 маусым күні мемлекеттік қызметкерлер мен ауданның ардагерлері Мемлекеттік Гимнді орындады.
11 маусым күні ауданымыздағы №186 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Серік Али Асылұлы 2022 жылы спорттың Муайтай түрінен 51 кг салмақта ересектер арасында ең жас Әлем чемпионы атанып, «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атанды.
13 маусым күні Наурызбай ауданында жекеменшік балабақшалардың бүлдіршіндері арасында каратэден турнир өтті.
Барлығы 27 шара өтті.