Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 5 айлық есебі

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 5 айлық есебі:

11 қаңтар «Қаңтар оқиғасы» кезеңінде азқамтылған отбасыларға демеушілер және белсенді жастардық қолдауымен азық-түлік жинақтары жеткізілді.

12 қаңтар қоғам қайраткерлері арасында «Күшіміз бірлікте» тақырыбында әлеуметтік роликтер түсіріліп, әлеуметтік желілерде жарияланды.

16 қаңтар елдегі төтенше жадай барысында қызмет етуші әскерилер мен полиция қзметкерлеріне аудан жастарымен  ыстық тамақ таратылды.

24 қаңтар Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 355 жыл толуына орай Наурызбай ауданының білім мекемелерінің оқушылары арасында «Қазақтың үш биі және Қазақ хандығының заңдары» тақырыбында дебат турнирі өтті.

3 ақпан Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай аудан мектептерінің 8 сынып оқушылары арасында қашықтықта «Kahoot» платформасында «Қырық мысал» интеллектуалдық сайысы өтті.

4 ақпан Мемлекеттік мекемелердің басшыларымен жастарды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту мәселесі бойынша жұмыс кеңесі өтті.

9 ақпан  Наурызбай ауданы бойынша нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл штабының нәтижелі және тиімді жұмысын арттыру мақсатында «Забота» дағдарыс орталығымен кезекті семинар-тренинг өткізілді.

12 ақпан аудандық «Жастар кеңесі» өтті.

14 ақпан білім мекемелерінің дәстүрлі оқу форматына көшуіне байланысты мектептердегі санитарлық талаптардың сақталуы бойынша аралау жұмысы жүргізілді.

15 ақпан «Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің біржолата шығарылған күніне» орай ауған соғысы ардагерлері аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

15 ақпан құзырлы мекеме қызметкерлерімен құрылған «Жастар» жұмыс тобының отырысы өтті.

17 ақпан – 28 ақпан аралығында барлық білім мекемелерінде ауған соғысы ардагерлерімен «Ерлік ізі өшпейді» тақырыбында кездесу кештері ұйымдастырылды.

17 ақпан  «Жастар ресурстық орталығының» белсенді жастары аудандағы жалғызбасты зейнеткерлердің ауласын мұз-қардан тазалап, қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

17 ақпан аудан жастарымен Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай, ахметтанушы Райхан Имаханбетқызымен мұражай үйіне онлайн саяхат жасалды.

18 ақпан  аудан ұстаздары арасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты жыр байқауы өтті.

19 ақпан  «Қаңтар оқиғасы» барысында халықтың әлеуметтік осал тобына қолдау көрсеткен кәсіпкерлерді марапаттау рәсімі өтті.

24 ақпан аудан зейнеткерлері арасында шахматтан жарыс ұйымдастырылды.

26 ақпан аудан жастары арасында баскетболдан өзара жарыс өтті.

1 наурыз барлық білім мекемелерінде оқитын өзге ұлт өкілдерінің балалары және ата-аналары әлеуметтік желіде «Қазақ еліне мың алғыс!» бейне челленджін жариялады.

1 наурыз Алғыс айту күнінде түрлі этностар арасында жыл сайын дәстүрге айналған «Бір шаңырақ астында» акциясы өтті.

2 наурыз «Бір ұлт - бір отбасы» қайырымдылық акциясы аясында аудандық ұйғыр диаспорасының төрағасы Малик Қадырұлының ұйымдастыруымен «Шапағат» әлеуметтік орталығындағы ерекше қажеттіліктері бар балаларға мерекелік сыйлықтар таратылды.

2 наурыз аудандағы түрлі этнос өкілдері әртүрлі сала қызметкерлеріне «Алғыс айту күні» қарсаңында өз ризашылықтарын білдірді.

3 наурыз аудан әкімінің төрағалығымен және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Қ. Шалабаевтың қатысуымен Наурызбай аудандық  «Қазақ тілі» қоғамы филиалын және бастауыш ұйымдарды құру туралы кеңес өтті.

3 наурыз аудандық отбасылық кітапханада «Т.Айбергенов» жұрналының редакторы Салтанат Айбергеновамен оқырмандар кездесуі өтті.

4 наурыз аудандық отбасылық кітапханада ақын, сазгер Жолдыбай Музаппаровпен оқырмандар кездесуі өтті.

5 наурыз «8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні» қарсаңында аудандық білім мекемелерінің әйел ұстаздары арасында волейболдан жарыс өткізілді.

6 наурыз жалғызбасты зейнеткерлер үйінде «Қарттарым - асыл қазынам!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, сыйлықтар табысталды.

6 наурыз «Qulpynai Bakery» наубайханасының кәсіпкері және гүл бағбандарының қатысуымен «Тазалық» мердігерлік ұйымының аналарына 8-наурыз мерекесіне гүл шоқтарын сыйлады.

7 наурыз аудан жастарына ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Құрақ көрпе» тігу «Ұрпақтар сабақтастығы» атты шеберлік сағаты өткізілді.

8 наурыз «8 наурыз - халықаралық әйелдер күніне» орай мерекелік концерт өтті.

8 наурыз аудан жастарымен бірге көшедегі кездейсоқ әйел-қыздарға гүл сыйлау шарасы өтті.

9 наурыз аудандағы қалалық емхана қызметкерлерлері «Ашық есік күндерін» және зейнеткерлерге үйде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырды.

14 наурыз «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз» мерекесіне орай, білім мекемелерінің жас мамандары арасында «Жеті ата, жеті ұрпақ» тақырыбында ұлттық дәстүрлерді насихаттау бағытында интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды.

17 наурыз аудандық отбасылық кітапханада ақын Бауыржан Әліқожамен оқырмандар кездесуі өтті.

18 наурыз аудандық мемлекеттік және кәсіптік мекеме қызметкерлерімен «Қазақ тілі» қоғамын және бастауыш ұйымдарын құру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру тақырыбы аясында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Құсман Кәрімұлы Шалабаевпен жиналыс өтті.

19 наурыз аудандық мектеп оқушылары арасында асық атудан жарыс өтті.

20 наурыз аудандағы қалалық емханаларда «Наурыз мейрамына» орай емделушілерге ұлттық тағамдар мен бауырсақтан дәм татқызды.

21 наурыз Алматы қаласы бойынша ең көлемді Наурыз мейрамы Наурызбай ауданында аталып өтті. Мерекеге 10 мыңнан аса адам қатысты, 18 қазақ киіз үйі тігіліп, әр киіз үй жанында салт-дәстүрден қойылым қойылды. 1.5 тоннадан аса Наурыз көже, 2000-нан аса адамға бауырсақ таратылып, 15 түрлі спорттық жарыстар, садақ ату, сиыр сауу, қошқар көтеру және құрақ көрпе көрмесі, балалар алаңы, тамақтану орындары ұйымдастырылды.

24 наурыз  «Жастар және руханият» тақырыбында аудан жастарының Наиб Мүфти Кенжеәлі Мырзабаевпен кездесуі өтті.

25 наурыз аудандағы жекеменшік балабақшалардағы тәрбиешілер арасында «Монтесорри технология» тақырыбында сайыс өтті.

28 наурыз заманауи ұлттық нақыштағы киімдер тігуден білім мекемелері арасында сайыс өтті.

29 наурыз мектеп мұғалімдері арасында волейболдан жарыс өтті.

30 наурыз Қазақстан-Ресей медицина университетінің Психиатрия және наркология кафедрасының профессоры Қайратбек Талғатбекұлы Сарсембаев аудандағы мекемелердегі психологтар, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен жасөспірімдер ісіне жауапты инспекторларға «Жасөспірімдер психологиясы» тақырыбында дәріс-семинар өткізді.

2 сәуір білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп мұғалімдері арасында волейболдан жарыс өтті.

7 сәуір күні Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті және Наурызбай ауданының ТЖ басқармасымен Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеуге арналған айлыққа белсенді қатысқаны үшін аумақта орналасқан барлық мектептер марапатталды.

8 сәуір күні аудандық отбасылық кітапханада Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай «Мұхтар Әуезов - қазақ әдебиетінің тарланы» тақырыбында әдебиеттанушы Мақсат Дүйісмағамбетов, жұрналист Аманжан Еңсебайұлы, жазушы Нұрдаулет Ақыштың қатысуымен мектеп ұстаздары және оқушыларымен рухани кездесу өтті.

11 сәуір күні нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл штабының мүшелеріне арналған семинар-тренинг өткізілді.

18 сәуір күні білім және медицина саласының қызметкерлерімен Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, көпбалалы аналар және ардагерлер кеңесі мүшелерінің арасында аудандық дебат турнирі өтті.

26 сәуір күні №15 санаториялық мектеп-интернатының ұйымдастыруымен дзюдодан қалалық ашық біріншілік өтті.

28 сәуір күні аудандық кітапханада балалар әдебиетінің ақын-жазушыларымен дөңгелек үстел өтті.

28 сәуір күні 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында аудан жастары арасында шағын футболдан жарыс өтті.

29 сәуір күні Алматы қаласы жастары арасында өткен шағын футболдан жарыста Наурызбай ауданы Жастар құрамы  жүлделі 3 орынға ие болды.

1  мамыр  «1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі» күні мерекесіне орай концерттік бағдарлама өтті.

3 мамыр күні есірткі және есірткіге қарсы іс-қимыл жөніндегі штабының жұмысы аясында нарколог-дәрігердің қатысуымен аудан мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары мен ата-аналарға дәрістер өткізілді.

3 мамыр күні 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай Наурызбай ауданының мемлекеттік қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өтті.

7 мамыр күні «7 мамыр - Отан қорғаушылар күні» мерекесіне орай «ҰҚК Шекара қызметі басқармасы» алаңында сарбаздардың ант беру рәсімі және аудан әкімінің әскери қызметкерлерді марапаттау шарасы өтті.

9 мамыр күні «Ұлы Жеңіс күнінің 77» жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ескерткішіне тағзым жасап, гүл қою рәсімі өткізілді.

9 мамыр күні  Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай аудандық мерекелік шара өтті.

15 мамыр күні «Халықаралық Отбасы күніне» орай Наурызбай ауданының Білім орталықтарының өнерлі жастары мен жасөспірімдері саябақта қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік шара өткізді.

23 мамыр күні аудандық кітапханада Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Жанәділ Райымбек және әнші, композитор Ұшқын Жамалбектің қатысуымен «Тәрбие басы - тал бесік» тақырыбында жастармен кездесу өтті.

25 мамыр күні аудандық білім мекемелерде «Сыңғырла, соңғы қоңырау» шарасы өтті.

27 мамыр күні Алматы қаласы жастары арасында «SARBAZ RACE - 2022» әскери-патриоттық ойындардан жарыс өтті.

27 мамыр күні ауданның белсенді жастары аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Барлығы 63 шара өтті.

 

 

есеп
Дата публикации
14 июня 2022