Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің есебі

Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің есебі

2022 жылғы 4 айдың қорытындысы бойынша аудандағы салық түсімдерінің сомасы 9,75 млрд. теңгені құрады, жоспардың орындалуы 117%. Өткен жылғы сәйкес кезеңге өсімі 121 %.

Оның ішінде: республикалық бюждетке 3,9  млрд. теңге, жергілікті бюджетке 5,7 млрд. теңге.          

2022 жылғы қаңтар-сәуір өндіріс көлемі 3,6 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 118,5 %  пайызды құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 48,7 млрд. теңге соммасын құрады, өткен жылғы сәйкес кезеңге 168,1%.

Бөлшек сауда айналымының көлемі 1010,7 млн теңгені құрады, көтерме сауда көлемі  347,9 млн теңге.

Шағын және орта кәсіпорындарының саны- 3 194, жұмыс істейтіндер- 2 533.⠀

Қоғамдық көлік

Қазіргі таңда, аудан аумағында 21 (253 автобус) бағытта қоғамдық көлік қызмет көрсетеді.

Аудан аумағында бар жалпы 124 аялдама бекеттерінің, 109-ы 2016-2020 жж. жаңадан орнатылды. 2021 жылы «Бюджетке қатысу» жобасы аясында 7 аялдама конструкциясы орнатылды.

 Жол белгілері мен таңбалары

«СМЭУ» ЖШС мердігер компаниясымен 45 жол белгісі орнатылып, 48 қайта қалпына келтірілді.

Аудан аумағында 5 мыңнан астам жол белгісі бар.

Ағымдағы жылы Шаляпин-Рымжанов, Жандосов-Егінсу көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам орнату жоспарланған.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы мониторингі

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның көтерілу фактілерін болдырмау мақсатында тұрақты негізде ауданда орналасқан сауда кәсіпорындарына бару арқылы баға мониторингі жүргізілуде, сондай-ақ осындай фактілерді болдырмау үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

отчет
Дата публикации
02 июня 2022