Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының 2022 жылғы 5 айда атқарылған жұмыстар туралы есебі
Қаржы-шаруашылық бөлімі:
2022 жылы бюджеттен бөлінген сомасы 3 689 405,0 мың теңге. 2022 жылғы 5 айда қабылданған міндеттемелердің сомасы 2 887 349,5 мың теңге (79%) құрайды, жылдың басынан бастап міндеттемелер бойынша 797 756,9 мың теңге (22%) төленді.
001 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге 308 249 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 166 155 690 тг, 131 722 013 тг төленді.
003 Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсетуге 29 604 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 12 445 933 тг, 12 445 933 тг төленді.
006 Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдауға 7 000 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 7 000 000 тг, 4 000 000 тг орындалды.
008 Елді мекендерде көшелерді жарықтандыруға 197 089 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 197 089 000 тг, 102 589 000 тг төленді.
009 Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге 828 532 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 814 636 711 тг, 365 124 979 тг төленді.
011 Елді мекендерді абаттандыру мен көгаландыруға 2 318 931 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 1 690 078 257 тг, 181 874 999 тг төленді.