Көріктендіру бөлімінің 2022 жылы 5 айдағы жұмыстары туралы есебі

 Көріктендіру бөлімінің 2022 жылдың 5 айына атқарылған жұмыстары туралы есебі

Аудан аумағының санитарлық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету бойынша мердігерлік ұйымдар басшыларының қатысуымен комиссиялық аралау жұмыстары жүргізіліп, анықталған бұзушылықтар мерзімінде жойылады.

Бұдан басқа, Алматы қаласының санитарлық тазалау және абаттандыру жөніндегі қалалық штабының хаттамалары негізінде күн сайын Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасы ұсынған аудан аумағын санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша ескертулер пысықталды.

«Алматы Тазалық» МКК, «Стамп сервис» ЖШС және «BSB Construction» ЖШС мердігерлік ұйымдары 2022 жылға арналған шарттар негізінде қалалық, аудандық және жергілікті маңызы бар көшелерді тазалау жұмыстарын жүргізді.

Бұл ретте келесі жұмыс түрлері орындалды:

- сыпыру, қар күреу;

- жолдарды тайғаққа қарсы қоспамен себу;

- аумақты уробка;

- аумақты механикаландырылған жинау;

- урналарды тазалау және дезинфекциялау;

- қарды тиеу және шығару;

- арық желілерін тазалау.

Сондай-ақ, жыл басынан бері аудан аумағында аудан тұрғындары мен мердігер ұйымдардың қатысуымен 25 жергілікті сенбілік өткізіліп, 3500 м3 қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, өзен арналарын тазалау және тереңдету жұмыстарын жүргізу кезінде 1500 м3 қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

«Алматықалажарық» МКК-мен бірлесіп сыртқы жарықтандырудың ақаулы желілері мен шамдарын жою, жөндеу және ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Ауданның қызмет көрсететін ұйымдарымен жер үсті және жер асты өткелдері элементтері, қоқыс жәшіктерін, орындықтар және аялдама кешендерін сырлау бойынша жұмыстар жүргізді.

Жаңа құрылысты және көше-жол желісін орташа жөндеуді, арық желілері мен тротуарлардың жаңа құрылысын талап ететін көшелерді тексеру бойынша жұмыс жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша көшелер тізімі 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына енгізу үшін тиісті басқармаларға берілді.

Алматы қаласының Қалалық мобилділік басқармасы Наурызбай ауданының аумағында «Асмар строй» ЖШС мердігерлік ұйымымен жалпы ауданы 2000 ш. м. жолдарға ағымдағы (шұңқырлы) жөндеу жүргізді.

 «Алон» ПСФ» ЖШС мердігерлік ұйымымен Тастыбұлақ ш.а инженерлік желілерден кейін асфальт жабынын қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Таусамалы шағын аудандағы Ақбата және Қонаев көшелерінің орташа жол жөндеужұмыстары аяқталды, Әшімов көшесіне (Шаляпин көшесінен Райымбек даңғылына дейін) күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда;

«BCS construction» ЖШС мердігерлік ұйымымен «Ақжар» шағынауданының 4 көшесінде жаңа жол құрылысы аяқталды.

Жыл басынан бері 16 000 ағаш отырғызылды.

Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасымен бірлесіп, жалпы ауданы 7194 м2 гүлді-декоративті безендіру жұмыстары жүргізілді.

Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасымен бірлесіп, Жасыл желектерді отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 1400-ге жуық көшет отырғызылды.

«НПО экология және өсімдіктерді қорғау» ЖШС мердігерлік ұйымымен жасыл желектерді минералды-витаминді азықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

«Stamp service» ЖШС мердігерлік ұйымымен жасыл желектерді химиялық және билогикалық өңдеу бойынша жұмыстар басталды.

«Анкор-2005» ЖШС мердігерлік ұйымымен жаппай дератизациялаудың бірінші турының жұмыстары басталды.

Алматы қаласының Қалалық мобилділік басқармасы Наурызбай ауданының аумағында «Асмар строй» ЖШС мердігерлік ұйымымен жалпы ауданы 2000 ш. м. жолдарға ағымдағы (шұңқырлы) жөндеу жүргізді.,

Әлеуметтік нысандардың құрылысы белсенді жүргізілуде:

  1. Қалқаман Қарақұлов көшесі, 29 ш/а 1500 орынға араналған мектеп.

Аяқталу мерзімі: маусым, 2022 ж.;

  1. Қарғалы ш/а Кенесары хан көшесі, 2 мекенжайы бойынша Халықаралық «Зерде» мектебі. Аяқтау мерзімі 2022 жылғы 2 тоқсан
  2. Шұғыла ш/а Алатау даңғылы, 1200 орынға арналған мектеп. Аяқтау мерзімі 2023 жылғы 2 тоқсан
  3. Шұғыла ауданындағы, мектеп жасындағы балаларға арналған 675 орындық инновациялық шығармашылық орталығы.. Аяқтау мерзімі: 2023 жылғы 2 тоқсан
  4. Абай саяжайлары «Алма сити-5» ТК. 1200 орынға арналған мектеп. Аяқтау мерзімі 2023 жылғы 2 тоқсан
  5. 1200 орынға арналған мектеп «Шұғыла сити» ТК. Аяқтау мерзімі 2023 жылы 2 тоқсан.

         

Дата публикации
31 мая 2022