Өтініштерді іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ(Абай\Бекешев)

Абай - Бекешев - Әбділдин - Рымғали Нұрғали көшелерінің шаршысында тұратын тұрғындармен көшпелі кездесу барысында келіп түскен өтініштерді іске асыру жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ (30.03.2022ж.)

 Барлығы: 34 сұрақ, оның ішінде:

- түсініктеме берілді -5;

- толық көлемде орындалды - 17;

- жұмыс барысында - 12.

№

Сұрақ

Т.А.Ж.

Мекен-жайы,байланыс нөмірі

Орындау мерзімі

Статусы

1.   

1. Шаляпин көшесін тесу жоспары барысында Берел және Лашын көшелерінің қызыл сызыққа түсуі

Шалқыбаев М.

 

2022  жылғы

15 сәуір

Түніктеме берілді

Қазіргі таңда Шаляпин көшесін тесу бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланбаған.

2. Абай даңғылы мен Диқан көшесінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер өткеліндегі арық үстіне жабын плитасын орнату

Орындалды

Абай даңғылы мен Диқан көшесінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер өткеліндегі арық үстіне жабын плитасын орнатылды

3. Абай даңғылында жарықтандыру және суғару жүйесін іске қосу бойынша

Жұмыс барысында

Абай даңғылының құрылыс жобасы аясындағы жұмыстар толық көлемде аяқталмаған, жоба аясында жолдың жүру бөлігінің бүкіл ені бойынша асфальт жабынының ұсақ түйіршікті (таза) қабатын орнату, қайталанатын жолақтар, жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін салу, аялдама павильондарын шынылау жарықтандыру желілерін, жекелеген аумақтарды көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

4. Тұрғындарға тиісті аумағын таза ұстау және қоқыс жәшіктерін орнату бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Орындалды

Аудан аумағын таза ұстау және қоқыс жәшітерін орнату бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

2.   

1. Диқан көшесінен Абай даңғылына шығатын жолды ашу

Сатыбалдина А.

2022 жылғы

15 сәуір

Түніктеме берілді

Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасының ақпараты бойынша, Диқан көшесі тұрғындарының ұжымдық өтініші негізінде, сондай-ақ балабақшаның бар екендігін ескере отырып, көшенің ені тар болғандықтан, тұйық көше ретінде қалдыру туралы шешім қабылданды.

2. Диқан және Береке  көшелерінде бірбағытты жол қозғалысын ұйымдастыруды қарастыру

Жұмыс барысында

Диқан көшесін ашу туралы шешім қабылдаған жағдайда, бірбағытты жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша аталған көше тұрғындарының толық келісімімен өтініш жазылғаннан кейін Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасымен қарастырылатын болады.

3. Әбдіқалықов көшесін инженерлік желілер құрылысының жобасына, Берел көшесін кәріз желісін жүргізу бойынша жаңа жобаға қосу

Жұмыс барысында

Бағдарлама әкімгері Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасына инженерлік желілердің құрылыс жобасына қосымша өзгеріс енгізіп, жобадан тыс қалған аумақтарға жаңа жоба әзірлеу жөнінде ұсыныс берілді.

4. Берел көшесін жарықтандыру мәселесі

Жұмыс барысында

Бағдарлама әкімгері Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасына сыртқы жарықтандыру желілерінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін жарықтандырылмаған көшелердің тізімі, соның ішінде Берел көшесіне өтінім жолданғандығын хабарлаймыз.

3.   

1. Жеке су ұңғымасын қалалық су желілеріне қосу мәселесі

Есеналиев С.

 

2022 жылғы

2 мамыр

Жұмыс барысында

Жеке теңгерімдегі инженерлік желілерді Алматы су желілеріне қосу бойынша кеңес беріліп, қазіргі таңда ұңғыма иесі күшімен құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

2. Ақжар шағынауданында инженерлік желілер құрылысының жобалық сметалық құжаттамасына енгізілмей қалған көшелерді жаңа жобаға қосу

Жұмыс барысында

Бағдарлама әкімгері Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылым-дық  даму басқармасына инженерлік желілердің құрылыс жобасына қосымша өзгеріс енгізіп, жобадан тыс қалған аумақтарға жаңа жоба әзірлеу жөнінде ұсыныс берілді.

4.   

1. Қазақ тілі мәселесі

 

Байсынов Ә.

 

2022 жылғы

2 мамыр

Орындалды

Қазақ тілін қолдану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2. Белібаев көшесінен Абай даңғылына шығатын жолды ашу

Түніктеме берілді

Белібаев көшесін Абай даңғылына қосуға мүмкіндік жоқ.

3. Жекеменшік трансформаторлық қосалқы станцияны қала теңгеріміне өткізу

Орындалды

Тұрғындарға трансформатор қондырғыларын Алматы қаласының коммуналдық меншігіне өткізу реті бойынша түсініндіру жұмыстары жүргізілді.

5.   

Ақжар шағынауданындағы құрылысы жүріп жатқан 4 қабатты тұрғын үйдің жаңа инженерлік желілерге қосылуы

Раисова Г.А.

 

2022 жылғы

15 сәуір

Орындалды

 «Alatau Golf residences» ТК-нің жаңа инженерлік желілерге қосылу бойынша орнына шығып қарастырылды.

6.   

Өмірзақов және Лашын көшелерінің қиылысындағы арық жүйесін қалпына келтіру

Уакасов Т.

 

2022 жылғы

2 мамыр

Орындалды

Өмірзақов және Лашын көшелерінің қиылысындағы арық желілері қалпына келтірілді.

7.   

1. Абай даңғылының бойына спорт және балалар алаңын салу

Ахметов Р.

 

2022 жылдың соңына дейін

 

Жұмыс барысында

Ағымдағы жылы Абай даңғылының бойына спорт және балалар ойын алыңын салу аббатандыру барысында қарастырылады.

2. Кәріз желісін жүргізу

Түніктеме берілді

Абоненттік кәріз желілерін жүргізу жобада қарастырылмаған. Магистральдық желілерге өз күшімен қосылуы бойынша түсініктеме жұмыстары жүргізілді.

3. Арық желісінің құрылысын қарастыру

Жұмыс барысында

Инженерлік желілердің құрылысы аяқталғаннан кейін арық желісінің құрылысы қарастырылады.

4. Берел көшесі бойындағы ашық қалған құдықтарды қақпақтармен жабу

Жұмыс барысында

Аталған ескерту мердігер ұйымға тиісті шара қолдану үшін жеткізілді.

5. Қаңғыбас иттерді аулау

Орындалды

Тапсырма тұрақты бақылауда. Алматы қаласы Қалалық ветеринарлық қызметінің мамандарымен орнына шығып жұмыстар жүргізілді.

8.   

1. Рымғали Нұрғали көшесі, 40 үй мекенжай бойынша трансформаторлық қосалқы станцияның меншік иесін анықтау

Тулкебаева М.

 

2022 жылғы

15 сәуір

Орындалды

Аталған трансформаторлық қосалқы станцияның меншік иесін анықталды. Рымгали Нургали көшесінде 48 абонентті электр қуатымен қамтамасыз етеді.

 

2. Электр жарығының жиі өшірілуі себебін анықтау

Орындалды

Аталған мекен жайды электр желісімен қамтамасыз ететін трансформаторлық қосалқы станцияның жекеменшік болуына байланысты, объектіде тиісті күтіп ұстау жұмыстары жүргізілмей аппаттық жағдайлар орын алып келетіні анықталды. 

9.   

1. Тұрғындардың тиісті аумағын таза ұстауы және қоқыс жәшіктерін орнату бойынша хабарландыру 

Шаткимбаева Ғ.

 

2022 жылғы

15 сәуір

Орындалды

Аудан аумағын таза ұстау және қоқыс жәшітерін орнату бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

2. Таусамалы шағынауданы  Арман-5 көшесі бойында орналасқан жекеменшік ғимарат жұмысының заңдылығын анықтау

Орындалды

Өтініш иесімен байланыс орнатылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

3. Қаңғыбас иттерді аулау

Орындалды

Тапсырма тұрақты бақылауда. Алматы қаласы Қалалық ветеринарлық қызметінің мамандарымен орнына шығып жұмыстар жүргізілді.

10.           

1. Береке -1,2,3 көшелерінің атауын өзгерту  бойынша

Жұлдызбаев Т.

2022 жылғы

2 мамыр

Жұмыс барысында

Алматы қаласы Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығымен қарастырылады.

2. Айманов көшесінің төменгі жағына арық желісінің құрылысын қарастыру

Жұмыс барысында

Айманов көшесінде арық желілерінің құрылысы инженерлік желілер құрылысы аяқталғаннан кейін қарастырылады (су құбыры, кәріз желісі);

3. Инженерлік желілердің құрылысынан кейін жолға инертті материалдарды себу

Жұмыс барысында

Инженерлік желілердің құрылысынан кейін жолға инертті материалдарды себу жұмыстары уақытылы жүргізілуде.

11.           

Белжайлау  және Диқан көшелері  арқылы Абай көшесіне дейінгі жолды ашу

Есжанов Қ.

 

2022 жылдың соңына дейін

Түніктеме берілді

Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасының ақпараты бойынша, Диқан көшесі тұрғындарының ұжымдық өтініші негізінде, сондай-ақ балабақшаның бар екендігін ескере отырып, көшенің ені тар болғандықтан, тұйық көше ретінде қалдыру туралы шешім қабылданды.

12.           

Қаңғыбас иттерді аулау

Чупекова Ш. К.

 

2022 жылдың

4 сәуір

Орындалды

Тапсырма тұрақты бақылауда. Алматы қаласы Қалалық ветеринарлық қызметінің мамандарымен орнына шығып жұмыстар жүргізілді.

13.           

1. Көктерек к-сі, 221 мекенжайында орналасқан үйдің кәріз желісіне қосылмай қалуы

Ихтамбаев А.С.

2022 жылғы

15 сәуір

Орындалды

Аталған мекенжайда жобаға сәйкес кәріз желілерінің құрылысы қарастырылмаған, Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы Шұғыла шағынауданының инженерлік желілердің құрылысымен қамтылмаған учаскелері үшін жаңа жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуде.

2. Газ құбырының жүргізілмеуіне байланысты

Орындалды

Тұтынушы газ желісіне қосылуды қызмет көрсететін ұйымнан техникалық шарттар алғаннан кейін орындайды.

14.           

Берел және Лашын көшелерінің суармалы су мәселесі

Бекжігітов Е.

 

2022 жылғы

15 сәуір

Орындалды

Суармалы су мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

15.           

Жекеменшік трансформаторлық қосалқы станцияны қала теңгеріміне өткізу

 

Жарбеков С.

 

2022 жылғы

15 сәуір

Орындалды

Тұрғындарға трансформатор қондырғыларын Алматы қаласының коммуналдық меншігіне өткізу реті бойынша түсініндіру жұмыстары жүргізілді.

Дата публикации
25 апреля 2022