Өтініштерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары(Ақжар ш\а)

Ақжар шағынауданының тұрғындарымен көшпелі кездесу барысында келіп түскен өтініштерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (12.03.2022ж.)

 Барлығы: 10 сұрақ, оның ішінде:

- түсініктеме берілді - 2;

- толық көлемде орындалды - 3;

- жұмыс барысында - 5.

№

Сұрақ

Т.Ә.Ж.

адрес/контакты

Орындау мерзімі

Статусы

1.   

1.Инженерлік желілерге халықтың әлеуметтік  осал топтарын жеңілдікпен қосылуын қарастыру

Раисова Г.А.

 

2022 жылғы 18 наурыз

 

Жұмыс барысында

Бүгінгі күні Ақжар шағынауданын аралаудан кейін 25  халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары анықталды. Ағымдағы жылдың 16 мамырына дейінгі мерзімде мердігер ұйымға аталған тізім толық көлемде құрылыс жұмыстарын атқару үшін жіберілетін болады.

2.Кәріз коллекторы бойынша

Орындалды

Кәріз коллекторы құрылысының жобасы бойынша толық ақпарат ұсынылды.

3.Көшесінің қайта қазылуы

Жұмыс барысында

Инженерлік желілер құрылысынан кейін асфальт жабынын қайта қазуды болдырмау мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

2.   

Құрылыс жұмыстарынан кейін Лашын көшесіне инертті материалдарды себу (құм)

Жанжігіт А.

 

2022 жылғы

15 наурыз

Орындалды

Лашын көшесі бойынша инертті материалдар себу жұмыстары жүргізілді. Бұл мәселе «Толағай 2050» ЖШС мердігерлік ұйымына жеткізілді, тиісті шаралар қабылданды.

3.   

Су мәселесі

Нұрланова Х.

 

2022 жылғы 31 наурыз

Жұмыс барысында

Аталған мекенжай бойынша «Алматы су» МКК желісі жоқ. Ауыз суды беру жеке ұңғыма арқылы жүзеге асырылады. Жеке теңгерімдегі инженерлік желілерді Алматы су желілеріне қосу бойынша кеңес беріліп, қазіргі таңда ұңғыма иесі күшімен құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  Жаңа су құбыры желілерін пайдалануға беру ағымдағы жылдың 5 мамырына дейін жоспарланып отыр.

4.   

1.Молдагалиев көшесіндегі инженерлік желілердің құрылысы барысында бұзылған арық желілерін жол жөндеу жұмыстары барысында қалпына келтіру

Добаева К.

 

2022 жылғы 15 наурыз

 

 

Жұмыс барысында

Мердігер ұйым күшімен инженерлік желілер құрылысы барысында орын алған ақаулар 20 мамырға дейін қалпына келтірілетін болады. Қазіргі таңда аталған мекен жайда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

2.Айманов көшесі бойындағы кәріз жүйесінің дұрыс жүргізілмеуі

2022 жылғы  2 мамыр

Түніктеме берілді

Айманов көшесі бойынша магистралды су құбыры желілерінің құрылысы аяқталды. Кәріз желісіне тұрғындар өз күшімен қосылатындығы түсіндірілді.

3.№22 қоғамдық маршрутының бұрынғы бағытын қалпына келтіру

Жұмыс барысында

№22 маршруттың сызбасы көшенің асфальт жабынын қалпына келтіргеннен кейін қалпына келтіріледі.

5.   

1.Кәріз желісіне қосылу

 

Джаналиев М.Р.

 

2022 жылғы 15 наурыз

Түніктеме берілді

Кәріз желісіне тұрғындар өз күшімен қосылатындығы түсіндірілді.

6.   

Су мәселесі

 

Мурадова Ф.

 

2022 жылғы 31 наурыз

Орындалды

Аталған мекенжай бойынша «Алматы су» МКК желісі жоқ. Ауыз суды беру жеке ұңғыма арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі күні ауыз су беру штаттық режимде жұмыс істейді.

Дата публикации
25 апреля 2022