2022 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстардың есебі

 Коммуналдық-шаруашылық бөлімі

  1. Сумен жабдықтау

         Инженерлік желілерді дамыту аясында ағымдағы жылы 8 шағынауданда (Құрамыс, Таужолы, Жайлау, Ақжар, Қарғалы, Шұғыла, Тастыбұлақ және Таусамалы) құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды.

         Бүгінгі таңда 129,5 шақырым су құбыры және 65,9 шақырым  кәріз желілерінің құрылысы (жоба бойынша 149,6 шақырым су құбыры  74,8 шақырым кәріз ).

         Қарғалы өзенінде өнімділігі тәулігіне 15 000 м3 ұлғайта отырып, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Қарғалы су сүзгілеу станциясының» құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта корпусты орнату толығымен аяқталды. Ішкі инженерлік желілерді монтаждау және ішкі әрлеу жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ көлденең тұндырғышты гидрооқшаулау жұмыстары бар.

         «Ақсай су сүзгілеу станциясының» жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өттіп, конкурс жарияланды.

         «АГС-Пласт» ЖШС мердігерлік ұйымының күшімен 19 шақырым. су құбыры (12,5 шақырым аяқталды) және 15,7 шақырым кәріз (11,7 шақырым аяқталды) құрылысы жүргізілуде. Жалпы 22 көшеде 1421 тұрғын үй орталық сумен қамтамасыз етіледі (18 көшеде жұмыстар аяқталды).

         «BSB Construction» мекемесімен жалпы ұзындығы 45 шақырым құрайтын 89 көшеге жаңа жол құрылысын салу жұмыстарын жасау жоспарланған, бүгінгі күні инженерлік желілері толығымен аяқталған.    4 көшеде асфальт төсенішін салуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

         «Алматы Су» КММ аппатық қызметінің күшімен есепті кезеңде 201 апаттық жағдай жойылды. (жер асты - 90, құдық ішінде - 111).

         Көктем, жаз айларында арнайы техникамен ауыз су жеткізу ұйымдастырылады. Жұмырылдырған арнайы техниканың саны 15 бірлік.

         Бұл бағыттағы жұмыстар бөлім мамандарының бақылауында.

  1. Электрмен жабдықтау

         Алматы қаласы әкімдігінің 04.10.2019 ж. №4/573, 21.11.2019 ж. №4/621, 27.05.2020 ж. №2/170 және 19.01.2022 ж. № 1/4 қаулыларына сәйкес барлығы - 80 дана трансформаторлық қондырғылар (бұдан әрі-ТҚ) және 202,4 шқ. электр желілері «Алатау Жарық компаниясы» АҚ тегеріміне берілді. Қазіргі уақытта тұтынушыларға дербес шоттарды ашу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

         Ағымдағы жылы «Премьера» тұрғын үй кешенінің электр желілерімен  6 дана ТҚ «АЖК» АҚ теңгеріміне өткізіліп, 29 көп қабатты тұрғын үй          2175 пәтерге дербес шотарды ашу жұмыстары атқарылды.

  1. Жылумен жабдықтау

«Алматы Жайлы қалалық орта басқармасының» тапсырысы бойынша Шұғыла шағынауданы «Агидель-АС» ЖШС- мен қазандықтың құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде. Сыртқы газ желілерін тарту және корпусты монтаждау аяқталу барысында.

Жылыту маусымы кезінде тұрғындардың өтініштері бойынша «Алматы ЖЖ» ЖШС күшімен жылу желілерін өңдеп жуу жүргізілді.

  1. Жер қазу жұмыстары

         Ағымдағы жылдың басынан апатты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін асфальт жабыны қалпына келтірілмеген 39 шұңқыр анықталды.

         Бүгінгі таңда мердігерлік ұйымның күшімен қазба жұмыстарынан кейін орын алған 20 шұңқырлар қалпына келтірілді. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

  1. Аула аумақтарын жөндеу

Аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің аумағында  103  аула орналасқан. Оның ішінде 76 аула  (78,3%) 2015 -2021 ж. аралығында күрделі жөндеуден өткізілді.

Ағымдағы жылдың II тоқсанында «Бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында «Шұғыла» тұрғын үй кешенінің 2 ауласында ағымдағы  жөндеу өткізу жоспарланған.

  1. Тұрғын үй кешендерімен жұмыс (МИБ)

01.01.2022  жылдан бастап аудан аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен  45 кездесу өткізіліп «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына өзгеріс енгізілуіне байланысты басқарудың жаңа нысанына өткізу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта 32 МИБ,        44 ЖС рәсімделді (100 үй - 38%).Бөлім мамандарымен аталған жұмыстарды жалғастыру үшін көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен кездесу өткізуге жұмыс кестесі бекітілді. Мамыр айының соңына дейін жұмыстар аяқталады

  1. 7. Құжат айналымы

2022 жылдың I тоқсанында 1515 хат келіп түсті, оның ішінде: 150-қызметтік хат, 10 - заңды тұлғалар, 55 - жеке тұлғалар, 1300- әлеуметтік желілерден. Барлық жазбаша, ауызша түрде келіп түскен өтініштерге мерзімінде жауап берілді.

Дата публикации
13 апреля 2022