Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің 1 тоқсан есебі

Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің есебі

2022 жылғы 3 айдың қорытындысы бойынша аудандағы салық түсімдерінің сомасы  5,5 млрд. теңгені құрады, жоспардың орындалуы 127%. Өткен жылғы сәйкес кезеңге өсімі 132 %. Оның ішінде: республикалық бюждетке 2,3  млрд. теңге, жергілікті бюджетке 3,2 млрд. теңге.          

2021 жылғы қаңтар-ақпандағы өндіріс көлемі 1,6 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 108,9 %  пайызды құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 19,7 млрд. теңге соммасын құрады, өткен жылғы сәйкес кезеңге 113,9%.

Бөлшек сауда айналымының көлемі 538 млн теңгені құрады, көтерме сауда көлемі 282 млн теңге.

Шағын және орта кәсіпорындарының саны- 11 836, жұмыс істейтіндер- 9 431.

Қоғамдық көлік

Қазіргі таңда, аудан аумағында 21 (253 автобус) бағытта қоғамдық көлік қызмет көрсетеді.

Аудан аумағында бар жалпы 124 аялдама бекеттерінің, 109-ы 2016-2020 жж. жаңадан орнатылды. 2021 жылы «Бюджетке қатысу» жобасы аясында 7 аялдама конструкциясы орнатылды.

Жол белгілері мен таңбалары

«СМЭУ» ЖШС мердігер компаниясымен 45 жол белгісі орнатылып, 48 қайта қалпына келтірілді.

Аудан аумағында 5 мыңнан астам жол белгісі бар.

Ағымдағы жылы Шаляпин-Рымжанов, Жандосов-Егінсу көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам орнату жоспарланған.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы мониторингі

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның көтерілу фактілерін болдырмау мақсатында тұрақты негізде ауданда орналасқан сауда кәсіпорындарына бару арқылы баға мониторингі жүргізілуде, сондай-ақ осындай фактілерді болдырмау үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

 

 

отчет
Дата публикации
05 апреля 2022