2022 жылдың І тоқсанына арналған электрондық құжат айналымы ақпараты
Жалпы құжат айналымы:
Наурызбай ауданы әкімінің аппаратына 2022 жылдың І тоқсанында 1023 – кіріс хат-хабар, оның ішінде: 49 – заңды тұлғадан, 295 - жеке тұлғадан, 3 – директивтік, 676 – қызметтік құжат келіп түсті. Шығыс хат-хабар – 1246, оның ішінде: 49 - заңды тұлғадан, 295 – жеке тұлғадан, 601 – қызметтік, 301 – бастамашыл құжат. Жалпы құжат айналымы – 2269 құрайды.
2022 жылдың І тоқсанында Наурызбай ауданы әкімі аппаратындағы жалпы құжат айналым 2269 хат-хабарды құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,4 %-ға аз (2021 ж.- 3357 құжат айналымды құрады).
Жеке және заңды тұлға өтініштері:
Аудан әкімінің аппаратына 2022 жылдың І тоқсанында жеке және заңды тұлғадан 344 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,1 %-ға аз (2021 ж. – 472 өтініш келіп түскен).
Жеке және заңды тұлға өтініштерінің барлығы – 344, оның ішінде 42 – қанағаттанарлық, 134 - түсініктеме берілді, 168 – басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілді, бас тартылған – жоқ.
Азаматтардың өтініштерінің басым көпшілігі коммуналдық-шаруашылық мәселелері - 86, көріктендіру - 43, әлеуметтік қамтамасыз ету - 31, жер мәселесі – 25, қоғамдық көлік – 16, жол және жаяу жүргіншілер жолын жөндеу - 15, ҚТҚ шығару жөнінде – 10, және де басқада мәселелер – 118.
Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты өтініштерде көрсетілген мәселелерді шешу үшін және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында барлық қажетті шараларды қолдануда.
Қызметтік хат-хабар:
Сондай-ақ аудан әкімінің аппаратына 2022 жылдың І тоқсанында 676 қызметтік хат-хабар келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,4 %-ға аз (2021 ж. – 958 қызметтік хат-хабар келіп түскен).
Азаматтарды қабылдау: «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарында жеке тұлғалардың және заңды тұлға өкілдерінің қабылдауын ұйымдастыру туралы» ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 974 қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімі және әкім орынбасарлары жеке қабылдауында жалпы 36 қабылдау өткізілді (257 адам), оның ішінде: аудан әкімі – 19 қабылдау (131 адам), оның орынбасарлары – 17 қабылдау (126 адам).
Өтініштерден оң шешілгені – 32, түсініктеме берілгені - 92, басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілгені - 12.
Open Almaty
«Open Almaty» Алматы қаласының қоғамдық қабылдауынан 2022 жылы қаңтар-наурыз айлары аралығында 25 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,4%-ға аз. (2021 ж. – 37 өтініш келіп түскен). Қазіргі уақытта 25 өтініш қаралып, жауаптары «Open Almaty» Алматы қаласының қоғамдық қабылдауына және өтініш иелеріне жіберілді.