Қоршаған ортаны және экологияны қорғау бөлімшесінің 1 тоқсан есебі

Наурызбай аудандық қоршаған ортаны және экологияны қорғау бөлімшесінің 05.01.2022ж.-31.03.2022ж. аралығында атқарылған жұмыстары бойынша  ЕСЕБІ

  1. Наурызбай аудандық Қоршаған ортаны және экологияны қорғау бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен және Алматы қаласының «Құтқару қызметімен» бірлесе, Ақсай және Тастыбұлақ өзендерін қоқыс қалдықтарынан және инертті материалдардан тазарту жұмыстары атқарылды.
  2. Қоқыс шығаратын мекемелер бойынша: Таусамалы шағын ауданының контейнерлері уақытылы қоқыстан тазаланбауына байланысты, «Алғабас» ЖК төрағасына  әкімшілік хаттама толтырылып, «Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесіне» сәйкес түсініктеме жұмыстары жүргізілді.
  3. Аудандағы заңды тұлғалармен жұмыс бойынша: Күнделікті Наурызбай ауданының табиғатты қорғау полиция қызметкерлерімен бірлесе ауданның магистральді көшелері бойынша заңды тұлғаларға тиесілі іргелес жатқан аумақтар мен тұрақтарды қоқыстан тазарту бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ өрескел құқық бұзушыларға тиісті шаралар қабылданып әкімшілік хаттамалар  толтырылуда.

«Алматы қаласының жасыл екпелерін күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларын бекіту туралы» және  «Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесіне» сәйкес салынған айыппұлдар туралы атқарылған жұмыстары мәліметі (05.01.2022ж. – 31.03.2022ж.)

 

Атауы

Хаттамалар саны / АЕК / соммасы

1

№ 505, 386-шы баптарғака сәйкес толтырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар:

- ПИК

 

 

-

3

- мердігер ұйымдары

1 хаттама

30 АЕК / 91 890 тг.

4

- жеке тұлғалар

84  хаттамалар

310 АЕК / 949 530 тг.

(оның ішінде 43 - ескертулер)

5

- заңды тұлғалар

21 хаттамалар

230 АЕК / 704 490 тг.

(оның ішінде - 11  ескертулер)

6

- жасыл желектер бойынша

 

1 хаттама

15 АЕК / 45 945 тг. 

7

Рәсімделген хаттамалар

 

107  хаттамалар

(оның ішінде: 53 айыппұлдар,

              54 - ескертулер)

585  АЕК  (соммасы: 1 791 855 тг.)

Дата публикации
05 апреля 2022