Азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімінің 01.02 – 28.02.2022 ж. атқарған жұмысы туралы есебі
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстары мен сұрақтар үнемі бақылауда. Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі 8 түрлер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
01.02.2022 ж. - 28.02.2022 ж. аралығы бойынша АХАТ бөлімі келесі мемлекеттік қызметтерді көрсеткен:
- Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша – 19 (Мем.корпорация – 19, мем.орган – 0, ПЭП -0);
- Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша – 220 (Мем.корпорация – 81, мем.орган – 2, пэп - 137);
- Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру бойынша – 12 (Мем.орган – 0, Мем.корпорация – 12) ;
- Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру бойынша – 204 (Мем.корпорация – 188, ПЭП – 16, мем.орган – 0);
- Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық
хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша –76 (ПЭП - 41, мем.орган – 22);
- Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша – 22 (Мем.корпорация – 17, ПЭП - 5, мем.орган – 0);
- Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша – 449 (Мем.корпорация – 234, ПЭП - 172, мем.орган – 43);
- Азаматтық хал акт жазбаларын жою – 2 (Мем.орган – 2).
Барлығы 01.02.2022 ж. – 28.02.2022 ж. аралығындағы мемлеттік қызметті алған адамдар саны – 1004 өтініш (Мем.корпорация – 551, ПЭП - 371, мем.орган – 82).
Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу анықталмаған.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша шағымдар анықталмаған.