Наурызбай ауданы әкімі аппаратының Азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімімен 01.01 – 31.01.2022 ж. атқарған жұмыс есебі
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстары мен сұрақтар үнемі бақылауда. Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі 8 түрлер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
01.01.2022 ж. - 31.01.2022 ж. аралығы бойынша АХАТ бөлімі келесі мемлекеттік қызметтерді көрсеткен:
- Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша – 3 (Мем.корпорация – 3, мем.орган – 0, ПЭП -0);
- Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша – 205 (Мем.корпорация – 74, мем.орган – 1, пэп - 130);
- Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру бойынша – 10 (Мем.орган – 0, Мем.корпорация – 10) ;
- Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру бойынша – 108 (Мем.корпорация – 96, ПЭП – 12, мем.орган – 0);
- Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық
хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша –85 (ПЭП - 53, мем.орган – 32);
- Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша – 15 (Мем.корпорация – 8, ПЭП - 4, мем.орган – 3);
- Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша – 324 (Мем.корпорация – 173, ПЭП - 139, мем.орган – 12);
- Азаматтық хал акт жазбаларын жою – 0 (Мем.орган – 0).
Барлығы 01.01.2022 ж. – 31.01.2022 ж. аралығындағы мемлеттік қызметті алған адамдар саны – 750 өтініш (Мем.корпорация – 364, ПЭП - 338, мем.орган – 48).
Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу анықталмаған.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша шағымдар анықталмаған.