2021 жылғы тексерулер бойынша ақпарат
Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен 2021 жылы «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппараты» КММ қатысты "Жергілікті атқарушы органдар қызметі тиімділігінің мемлекеттік аудиті"аудиторлық іс-шарасы өткізілді.
2021 жылғы 24 желтоқсандағы №30 ұйғарымға сәйкес, 2022 жылдың 01 сәуіріне дейін жауапты қызметкерге тәртіптік жаза қолдану және бухгалтерлік есеп бойынша - 22 321,4 мың теңге, жұмыстар/қызметтер арқылы -33 462,3 мың теңге, бюджетке қайтару бойынша -12 826,1 мың теңге тапсырылды.
Сондай-ақ, төмендегілер ұсынылады:
- қаржылық есептілікті қалыптастырудың бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қамтамасыз ету, қаржылық тәртіпке, оның ішінде бухгалтерлік есепті жүргізудің толықтығы мен дұрыстығына бақылауды күшейту;
- бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейту, оның ішінде "Бақытты отбасы" ҚҚ жалға алушыларын Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасымен мүліктік жалдау шартын жасасуға міндеттеу.
- бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру көлемі мен сандық көрсеткіштер өзгерген кезде қайта бекіту мерзімдерін сақтау;
- бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізудің жүйелі мониторингін жүзеге асыру;
- құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын бақылауды күшейту;
- мемлекеттік сатып алу жоспарлары мен есептерін веб-порталда орналастыру мерзімін сақтау, талап-арызбен сотқа уақтылы жүгіну.