Коммуналдық-шаруашылық бөлімінің 2021 жылдық есебі

Коммуналдық-шаруашылық бөлімінің 2021 жылда атқарылған жұмыстарының есеб

  1. Сумен жабдықтау

Инженерлік желілерді дамыту жобасы аясында ағымдағы жылы 9 жоба Жайлау, Қарғалы, Құрамыс, Таусамалы, Тастыбұлақ, Таужолы, Ақжар, Шұгыла 149,6 шм су және 74,8 шм кәріз желісі және тәулігіне 15 000 м3 су беретін Қарғалы су сүзгіш станциясын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оның 129,5 шм су және 65,9 шм кәріз құбырларын салу, жол жабынын асфальттау жұмыстары және  Қарғалы су сүзгіш станциясы мердігер ұйымы «Реголит» ЖШС күшімен 60%-ға жұмысы аяқталды. Станцияны 2022 жылдың 1 тоқсанында қолданысқа беруді жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ Іле-Алатау ұлттық саябағы аумағында Ақсай өзеніне «Толағай-2050» мердігерлік ұйымымен бөгет (платина) салынуда. Бұл дегеніміз өзеннің лайлануына және судың бастапқы сапасының нашарлауына байланысты, халықты үздіксіз су желілерімен қамтамасыз ету үшін «Absolut Trade LTD» ЖШС мердігерінің күшімен «Тоқтысай» бұлағынан қолданыстағы су қабылдағышқа дейнгі ұзындығы 3,5 шақырым құрайтын уақытша айналма құбырының құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтап, қолданысқа берілді.

Ақсай өзеніне салынатын су сүзгіш стациясының жобасы мемлекеттік сараптамадан өтіп, конкурстық рәсімдері жүргізілуде.

Шұғыла шағын ауданының Алатау көшесінде орналасқан 41 көпқабатты тұрғын үй кешендеріне баратын магистральдық су желісінде 2020-2021 жж. аралығында бірқатар  апаттық жағдайлар орын алып, ауыз суы жиі тоқтатылуына байланысты, «Төтенше жағдайлар департаменті» мақұлдауымен, жалпы ұзындығы 788,65 м. болатын құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталып, жаңа су желілері қолданысқа берілді.

Жазғы мезгілде аудан тұрғындарының өтінімдері бойынша, бөлім мамандарының қадағалауымен, арнайы техникалармен (водовоз) ауыз суды жеткізу ұйымдастырылады.

«АлматыСу» аудандық апаттық бөлімнің күшімен 652 апат қалпына келтірілді.

(469-ы жер астынан кеткен сулар, 183-і су құдығынан орын алған апаттық жағдайлар).                        

  1. Жылумен жабдықтау

Жылыту маусымы  1 қазанынан басталғалы «АлЖЖ» ЖШС-гі ұйым инженерлері күшімен 6 денсаулық сақтау, 4 білім беру нысандары және ПИК қызметкерлерімен бірлесе 249 көпқабатты тұрғын үйлер орталықтанған жылу жүйесіне қосылып штаттық режимде жұмыс істеуде.

Қалқаман шағын ауданында орналасқан «Қалалық патологиялық-анатомиялық бюро» МКК шығыс аумағынан «АлЖЖ» ЖШС күшімен жалпы ұзындығы 300 м. (диаметр133) жылу жүйесі жаңартылды.

«Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасының» КММ тапсырысы бойынша Шұғыла ауданында орналасқан «Премьера» қазандығының (беру және кері қайтару құбыры) 400 мм-ден 600 мм-ге дейін ұлғайту жұмыстары аяқталып іске қосылды. Сондай-ақ «Агидель-АС» ЖШС мердігер ұйымымен жылу жүйесін көбейту мақсатында қосымша қазандық құрылысының жұмыстары басталды. Қазіргі таңда негізін дайындап, метал конструкциясын монтаждау және сыртқы газ желілерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар 2022 жылдың жылыту маусымына дейін аяқталып, қолданысқа берілу жоспарланған.

  1. Электрмен жабдықтау

Алматы қаласы әкімінің 04.10.2019ж. №4/573, 21.11.2019ж. №4/621 және 27.05.2020ж. №2/170 қаулысына сәйкес барлығы - 54 дана трансформатор қондырғысы мен 122,2 шақырым электр желілері «Алатау жарық компаниясы» АҚ теңгеріміне өткізілді. Қазіргі уақытта трансформатор қондырғыларының меншік иелерімен және бау-бақша бірлестігі төрағаларымен жеке есеп-шот ашу шаралары жүргізілуде. Сол бағытта биылға қосымша 29 дана трансформатор қондырғылары және ВЛ-0,4 кВ 111,2 км шақырым электр желілері сот шешімімен иесіз деп танылып, «Алатау жарық компаниясы» АҚ теңгеріміне өткізіледі.

  1. Қазу жұмыстары

Апаттық жағадайлардан кейін асфальт жабындыларын қалпына келтіру жұмыстарын тексеру жүргізу бойынша 134 шұңқыр анықталып, 122-сі қалпына келтіріліп, 12-сі жумыс барысында екендігі анықталды.

  1. Аулаларды жөндеу

Аудан бойынша 266 көп қабатты тұрғын үйлердің аумағында  91 аула орналасқан. Оның ішінде 76 аула  (83,3%) 2015 - 2020 жж. аралығында күрделі жөндеуден өткізілді.

Ағымдағы жылы «Бюджетке қатысу» жобасы аясында «Хан-Тенгри» ТК аумағында 5 аулада жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, «Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасының» КММ тапсырысы бойынша «Шұғыла Сити» ТК 5-ші кезектегі аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары бойынша 4 ойын алаңы, 6 спорт аймағы, 20 көп қабатты тұрғын үй ауласын асфальттау, 135 жарықтандыру тіректерін орнату жұмыстары аяқталуда.

  1. Кондоминиумды басқарудың жаңа формасына көшу

01.01.2021 жылдан бастап аудан аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен 230 кездесу өткізіліп «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына өзгеріс енгізілуіне байланысты басқарудың жаңа нысанына өткізу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде бүгінгі күні «Әділет департаментіне» 53 көп қабатты тұрғын үйді қамтыйтын 29 МИБ (мүлік иелерінің бірлестігі) және 44  ЖС (жәй серіктестік) тіркелді. Басқарудың жаңа нысанына көшу рәсімдерін 88 КПТҮ жүргізуде.

Басқарудың жаңа нысанына өтуге келмейтін 27 КПТҮ бар, олар: 11 ескі апатты үйлер және Шұғыла ТҮК «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ қарасты 16 тұрғын үй.

  1. Газбен жабдықтау

 «Шугла Сити» ТК 1428 пәтерден тұратын 20 көп қабатты үйлер қолданысқа берілген. Аталған тұрғын үй кешенінде бөлімнің қадағалауымен 25 қарашадан бастап «КазТрансГазАймақ» АҚ бірлесе орталықтанған газға қосу жұмыстары аяқталуда.

Сондай-ақ «Алма сити» ТК 62 көп қабатты тұрғын үйдің 17-сі, 434 пәтері орталықтанған газ желісіне қосылып, кестеге сәйкес жалғасуда.

  1. «Бюджетке қатысу» бағдарламасы

«Бюджетке Қатысу» бағдарламасы аясында аула аумақтарын жөндеуге 2 жобаның сметалық құжаттамалары жасалынды. Аталған жобалар 2022 жылы жүзеге асырылады.

9.Құжаттама және хаттар

2021 жылы бөлімге жалпы саны 9820 хаттар келіп түсті: 929-кіріс хат-хабар, 123-заңды тұлғалар, 560-жеке тұлғалардан. Әлеуметтік желілер арқылы хат алмасу 8 208. Барлық хаттар мерзімінде қарастырылып, тиісті жауаптары берілді.

         

отчет
Дата публикации
10 января 2022