АХАТ саласының 2021 ж. 2-жартыжылдық есебі

Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі 8 түрі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

01.07.2021 ж. - 30.12.2021 ж. аралығы бойынша АХАТ бөлімі келесі мемлекеттік қызметтерді көрсеткен:

  1. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша – 79 (Мем.корпорация – 77, мем.орган – 0, ПЭП -2);
  2. Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша – 1791 (Мем.корпорация – 544, мем.орган – 1203, пэп - 44);
  3. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру бойынша – 41 (Мем.орган – 0, Мем.корпорация – 41) ;
  4. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру бойынша – 1006 (Мем.корпорация – 939, ПЭП – 63, мем.орган – 4);
  5. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық

хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша –738 (ПЭП - 447, мем.орган – 291);

  1. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша – 122 (Мем.корпорация – 85, ПЭП – 19, мем.орган – 18);
  2. Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша – 2627 (Мем.корпорация – 1669, ПЭП - 728, мем.орган – 230)
  3. Азаматтық хал акт жазбаларын жою – 1 (Мем.орган – 1).

Барлығы  01.07.2021 ж. – 31.12.2021 ж. аралығындағы мемлеттік қызметті алған адамдар саны – 6405 өтініш (Мем.корпорация – 3355, ПЭП - 2462, мем.орган – 588).

Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу анықталмаған.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша шағымдар анықталмаған.

 

Дата публикации
12 января 2022