Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің есебі

Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің жылдық есебі

2021 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша аудандағы салық түсімдерінің сомасы                   15,9 млрд. теңгені құрады, жоспардың орындалуы 106 %. Өткен жылғы сәйкес кезеңге өсімі  130 %. Оның ішінде: республикалық бюждетке 7  млрд. теңге, жергілікті бюджетке 8,9 млрд. теңге.          

2021 жылғы қаңтар-қарашадағы өндіріс көлемі 6,9 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 121,1 %  пайызды құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 102,4 млрд. теңге соммасын құрады, өткен жылғы сәйкес кезеңге 110,6%.

Бөлшек сауда айналымының көлемі 5,1 млрд теңгені құрады, көтерме сауда көлемі                  4,7 млрд. теңге.

Шағын және орта кәсіпорындарының саны- 11 108, жұмыс істейтіндер- 8 614.

Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай мемелекеттік бағдарламалары

 «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2,7 млрд теңгеге 150 жоба мақұлданды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы бойынша 516,7 млн теңгеге 13 жоба.

«Almaty business» бағдарламасы 9 жоба 516,7 млн теңгеге жеңілдетілген несие алды.

«Almaty business-2025» бағдарламасы 7 жоба 176 млн теңгеге жеңілдетілген несие алды.

Сондай-ақ, кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің мамандарымен күнделікті түрде барлық мүдделі шағын және орта бизнес субъектілеріне кері байланыс арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.⠀

Қоғамдық көлік

Қазіргі таңда, аудан аумағында 21 бағытта қоғамдық көлік қызмет көрсетеді.

№104 А маршруттың схемасы Байзақ батыр және Ақтамберді жырау көшелерін қамту арқылы өзгертілді.

30 желтоқсан күні Абай, Алатау даңғылы арқылы жаңа №55 маршрут іске қосылды.

Аудан аумағында бар жалпы 124 аялдама бекеттерінің, 94-і 2016-2018 жж. жаңадан орнатылды. 2019 жылы 15 жаңа аялдама орнатылды.

Ағымадағы жылы «Бюджетке қатысу» жобасы аясында 7 аялдама конструкциясы орнатылды. 

       Жол белгілері мен таңбалары

«СМЭУ» ЖШС мердігер компаниясымен 150 жол белгісі орнатылып, 78 қайта қалпына келтірілді, 106 «жаяу жүргіншілер өткелі» жол таңбасы жаңартылды.

Аудан аумағында 5 мыңнан астам жол белгісі бар.

Ағымдағы жылы Жандосов-Дәулеткерей, Жандосов-Карьерная көшелерінің қиылысында бағдаршам нысандары салынды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы мониторингі

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның көтерілу фактілерін болдырмау мақсатында тұрақты негізде ауданда орналасқан сауда кәсіпорындарына бару арқылы баға мониторингі жүргізілуде, сондай-ақ осындай фактілерді болдырмау үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Кәсіпкерлік нысандарының мониторингі

Ауданда карантин режимінің және санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуын анықтау бойынша 4 мониторингтік топ  («Атамекен» ҰКП, Жергілікті полиция қызметі, әкім аппараты) жұмыс істеуде.

Ағымдағы жыл басынан бері 379 жеке тұлға және 90 заңды тұлға бойынша материал,   ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425 бабы бойынша жауапкершілікке тарту үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялқ басқармасына жолданды.

 

Дата публикации
31 декабря 2021