Наурызбай ауданы әкімі аппаратының көріктендіру бөлімімен 2021 жылы төмендегідей жұмыстар жүргізілді:
ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
2021 жылы ұзындығы 16,4 шақырым 29 көшеге 859,374 млн.теңгеге орташа жол жөндеу жұмстары жүргізілді.
«ДСУ-13» мердігерлік ұйымымен Қарағайлы ш/а Тәжиев көшесінде автомобиль өтпесін қайта жаңарту жүргізілді.
«Алонс «ӨҚФ» мердігерлік ұйымымен Сабденов көшесінен Райымбек даңғылына дейін Алатау даңғылының құрылысы аяқталды.
«АлматыДорстрой» мердігерлік ұйымымен Құрамыс шағын ауданының 9 шақырым құрайтын 11 көшесіне жаңа жол құрылысының жобасы жүзеге асырылды.
Жолдарды ағымдағы жөндеу
Жыл басынан бері 28 000 м2 астам шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 180 люк пен тор көтерілді.
Сондай-ақ, ұзындығы 916 м «МЖӘ» аясында тротуарларды орнату бойынша жұмыстар орындалды.
Қонаев көшесін қайта құру
2020 жылы «Яссауи көшесінен Рысқұлов көшесіне дейін Қонаев (Алматы) көшесін қайта жаңарту» нысаны бойынша ұзындығы 1,2 шақырым мемлекеттік қажеттілікке сатып алынған 38 учаскеден 24 жер телімін бұзу жұмыстары жүргізілді.
2021 жылы құрылыстармен 14 жер учаскесін сүру (барлығы 38), инженерлік желілерді (газ құбыры, электр желісі, су құбыры, байланыс желісі) көшіру бойынша жұмыстар атқарылып, жол жүру бөлігін кеңейту, тротуарлар мен арық желілерін орнату жүргізілді. Сыртқы жарықтандыру желілері, тротуарлар мен веложолдар салынып, ағаштар отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Тротуарлар
Қалалық мобилділік басқармасымен 4,7 км (7 көше) жаяу жүргінші жолы салынды.
«Бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында 4,4 шақырым (6 көше) жаяу жүргінші жолы салынды.
Арық желілері
«Бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында 5 көшеде 4 шақырым арық желісі салынды.
Сыртқы жарықтандыру желісін салу
Ағымдағы жылы «Бюджетке қатысу-2021» бағдарламасы аясында Таужолы, Тастыбұлақ шағын ауданында сыртқы 185 жарық нүктелері жарықтандыру орнатылды.
Сондай-ақ, 45 жаяу жүргіншілер өткелі жарықтандырылды.
Бағдарлама әкімгері Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасына ұзындығы 43 км жарықтандырылмаған 59 көше мен тұйық көшенің сыртқы жарықтандыру желісінің жаңа құрылысына ЖСҚ әзірлеуге өтінім жолданды.
Қоғамдық аумақтарды абаттандыру
Ағымдағы жылы 30 қоғамдық орындар абаттандырылды, оның ішінде 16 балалар ойыны және 12 спорт, 3 скейт, 3 баскетбол және 2 футбол алаңы салынды, 2 жаяу-серуендеу аймағы жайластырылды.
Сондай-ақ, «Тастыбұлақ» саябағын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Тастыбұлақ өзенінің арнасын абаттандырылып, демалыс орындары ұйымдастырылды, жарықтандыру бағаналары орнатылды .
Қарғалы, Ақжар және Тастыбұлақ шағын аудандағы зираттар аумағына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аулаларының қоршаулары ауыстырылып, іргелес жатқан аумақтар абаттандырылды.
Көгалдандыру
Ауданның 2021 жылға арналған гүлді-сәндік безендіру көлемі 7 326 м2 құрайды. Оның ішінде, қызғалдақ – 1200 м2, раушан – 1048 м2, көпжылдықтар-1078 м2, біржылдықтар – 4000 м2 гүлдер отырғызылды.
2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 9000 ағаштарға санитарлық қырқу, 409 ағашты пішіндеп қырқу, 40 апатты ағаштарды кесу жұмыстары атқарылды.
2021 жылға аудан аумағында аудан әкімдігімен 830 (700 - жапырақты, 80 - қылқан жапырақты) ағаштар отырғызылды, «Бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында 50 (30 - жапырақты, 20 – қылқан жапырақты) заңды тұлғалармен - 2380 (жапырақты) ағаш отырғызылды.
Қонаев көшесінің бойындағы аумақтарды көгалдандыру аясында 281 жапырақты ағаш отырғызылды.
Сондай-ақ, Алматы қаласын көгалдандыру стратегиясы аясында Жасыл экономика басқармасы 17 702 (жапырақты-16252 дана, қылқан жапырақты-1450 дана)ағаш отырғызуды жоспарлап отыр.
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету:
Аудан аумағында тұрақты негізде аумақты санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 3 қоқыс шығарушы ұйым, 3 көше тазалау ұйымы және арық желілерін тазалау бойынша жұмыстар жүргізетін ұйым жұмылдырылған.
Жалпы алғанда, 2020-2021 жылдардағы қысқы кезеңдерде аталған компаниялармен жұмыстарды орындау барысында шамамен 40 мың м3 қар шығарылды, ал жазғы кезеңдерде жүргізілген апта сайынғы жергілікті сенбіліктерді ескере отырып, шамамен 120 мың м3 қоқыс шығарылды.
Алматы қаласының Құтқару қызметімен бірлесіп, өзен арналары мен өткелдерді мұз бен қатты-тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Ауданның экологиялық қызметі және полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс істеген кезде заңды және жеке тұлғалар арасында абаттандыру ережелерін бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты негізде рейдтер жүргізілді. Бүгінгі таңда 175 хаттама, оның ішінде 33 айыппұл (730 АЕК) 2 129410 теңге сомасына және 142 әкімшілік ескерту сипатындағы хаттамалар толтырылды.