Наурызбай ауданы әкімі аппаратының 2021 жылғы атқарылған жұмыстарының есебі
Қаржы-шаруашылық бөлімі:
2021 жылы бюджеттен бөлінген сомасы 3 360 981,0 мың теңге. 2021 жылғы қабылданған міндеттемелердің сомасы 3 360 981,0 мың теңге (100%) құрайды, жылдың басынан бастап міндеттемелер бойынша 3 360 981,0 мың теңге (100%) төленді.
001 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге 774 182 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 774 182 000 тг, 774 182 000 тг төленді.
003 Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсетуге 27 670 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 27 670 000 тг, 27 670 000 тг төленді.
006 Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдауға 7 000 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 7 000 000 тг, 7 000 000 тг орындалды.
008 Елді мекендерде көшелерді жарықтандыруға 176 749 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 176 749 000 тг, 176 749 000 тг төленді.
009 Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге 818 503 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 818 503 000 тг, 818 503 000 тг төленді.
011 Елді мекендерді абаттандыру мен көгаландыруға 1 556 877 000 тг бөлінді, қабылданған міндеттемелердің сомасы 1 556 877 000 тг, 1 556 877 000 тг төленді.