Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің есебі
І тоқсан:
13 қаңтар әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарын талқылау отырысы өтті.
16 қаңтар аудан жастары арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті.
16 қаңтар аудан жастарының қатысуымен жалғыз тұратын зейнеткерлерге «Жылу сыйла» көмек көрсету акциясын өткізілді.
9 ақпан Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай аудан жастары арасында «Мұқағали - мәңгілік жыр» мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.
14 ақпан отбасындағы зорлық-зомбылық мәселелерін қарау бойынша әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы отырысы өтті.
18 ақпан Сидней олимпиадасының жеңімпазы, боксшы Ермахан Ыбрайымовпен мектеп оқушыларының кездесуі өтті.
19 ақпан аудан ұстаздары арасында шахматтан жарыс өтті.
28 ақпан аудандық кітапханада Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай ҚР Жазушылар одағының мүшелерімен бірге «Жамбыл – менің жай атым, Халық – менің шын атым» атты жыр кеші өтті.
1 наурыз «Алғыс айту» күні аудан тұрғындары пандемия кезінде халыққа қызмет етіп, көмектескендерге өз алғыстарын білдіріп арнайы сыйлықтарын табыстады.
1 наурыз аудандағы өзге ұлт өкілдері қазақ көршілерін қонақ қылып, алғыстарын білдірді.
1 наурыз аудандағы өзге ұл өкілдері қазақ еліне, жеріне алғыс білдіріп әлеуметтік желіде бейне жариялады.
1 наурыз барлық білім мекемелерінде оқитын өзге ұлт өкілдерінің балалары және ата-аналары әлеуметтік желіде «Қазақ еліне мың алғыс!» бейне челленджін жариялады.
5 наурыз аудан әкімінің орынбасары А. Орынбековтің аудан әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау рәсімі өтті.
1-5 наурыз аралығы әйелдер қауымына сұлулық салондарының ашық есік күндері өтті.
6 наурыз жалғызбасты зейнеткерлер үйінде «Қарттарым - асыл қазынам!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, сыйлықтар табысталды.
6 наурыз аудан әкімінің орынбасары А. Орынбеков 111 жастағы Ермекбаева Әсел апаны мереке қарсаңында құттықтады.
6 наурыз аудандық құрылымдық бөлімшелер 100 жастан асқан Даулетбаева Қаламқас және Сариева Сара апаларды мереке қарсаңында құттықтап, сыйлықтар табыстады.
7 наурыз 96 жастағы Ару ана Камила Қасымова Наурызбай ауданындағы жас әйелдерге ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Құрақ көрпе» тігу бойынша «Ұрпақтар сабақтастығы» атты шеберлік сағатын өткізді.
8 наурыз аудан жастарымен бірге көшедегі әйелдерге кездейсоқ гүл сыйлау шарасы өтті.
14 наурыз «Көрісу күні» аудан ардагерлерінің көрісу шарасы өтті.
14 наурыз жас мұғалімдердің ардагер ұстаздармен көрісу шарасы өтті.
15 наурыз мектеп оқушылары арасында «Қазақтың ұлттық ойындары» конференциясы өтті.
15 наурыз мектеп оқушылары арасында «Наурыз жыл басы» сурет салу байқауы өтті.
16 наурыз «Арай» хорының ансамблі «Ел арна» каналының «Бейне» деректі фильміне түсті.
16 наурыз «Табиғат күні» аясында мектеп оқушылары арасында «Менің эко үйім» қоршаған орта ластануының алдын алу бойынша акция өтті.
17 наурыз «Айналаңа қуаныш сыйла» мектеп оқушылары арасында ұлттық нақыштағы кәдесыйлар жасап, тарату шарасы өтті.
17 наурыз мемлекеттік кірістер басқармасы «Наурыз отбасыммен!» акциясы аясында әлеуметтік жағдайы осал топқа жататын 30 отбасыға азық-түлік себетін және ұлттық тағамдар табыстады.
18 наурыз «Әз-Наурыз» мерекесі қарсаңында ХҚКО және Пробация қызметі бөлімінің ұжымы №4 күндізгі болу бөлімшесінің балаларына арналған монтессори тақтасын, пуфик, ой дамытуға арналған ойыншықтар сыйға тартты.
19 наурыз аудан бүлдіршіндерінің «Наурыз құтты болсын!» бейне челленджі өтті.
20 наурыз Әлеуметтік әл-ауқат бөлімі аудан тұрғындарына ұлттық тағамдар әзірлеп, «Наурыз көже» таратты.
20 наурыз Санитарлық-эпидемиологиялық басқарма қызметкерлері аудан тұрғындарына ұлттық тағамдар әзірлеп, «Наурыз көже» таратты.
21 наурыз «Азаматтарға арналған үкімет» әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындарына ұлттық тағамдар әзірлеп, «Наурыз көже» таратты.
21 наурыз «Жайлау күні» аудан әкімі және құрылымдық бөлімшелер қызметкерлері, эстрада жұлдыздары, аудан жастарымен бірге 300 ағаш көшеттерін отырғызды.
22 наурыз «Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын!» аудан тұрғындары мен өнерлі жастарының құттықтау бейнеролигі жарияланды.
24 наурыз «Дәстүрімізді дәріптейік!» салт дәстүрге негізделген аудандық білім мекемлері арасында сайыс өтті.
26 наурыз ұлттық нақыштағы киімдер тігуден білім мекемелері арасында сайыс өтті.
27-31 наурыз аралығы мектеп оқушылары арасында «Қазақтың қолөнері» атты ұлттық нақыштағы бұйымдар жасау апталығы өтті.
Барлығы 37 шара өтті.
ІІ тоқсан:
7 сәуір «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі» комиссиясының І тоқсанға есебі және ІІ тоқсанға жұмыс жоспары бойынша жиналыс өтті.
12 сәуір «Адал ұрпақ!» ауданның белсенді жастарымен ағаш көшеттерін егу акциясы ұйымдастырылды.
23 сәуір «Робототехника ғажайыптары» аудандық көрме өтті.
25 сәуір «Туған жерді түлет!» әртүрлі ұлт өкілдерімен ағаш көшеттерін егу акциясы өтті.
28 сәуір «1 мамыр - Қазақстан халқының бірлік күні құтты болсын!» әртүрлі ұлт өкілдерінің мереке қарсаңында құттықтау бейнеролигі аудан әкімінің инстаграм парақшасына жарияланды.
30 сәуір «Бірлігіміз жарасқан!» аудан жастарының тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлап шоколад сыйлау акциясы өтті.
1 мамыр «Бірлік. Достық. Ынтымақ.» әртүрлі ұлт өкілдерінің би-шашу бейнеролигі түсірілді.
1 мамыр аудан әкімінің Алғыс хатымен түрлі салада жұмыс істейтін түрлі ұлт өкілдерін марапаттау рәсімі өтті.
1 мамыр «Бейбітшілік – ел тілегі!» аудан жастарының мәнерлеп өлең оқу челленджі өтті.
3 мамыр Ұлы Отан соғысының Тыл ардагері Жүнісхан Садықовпен сұхбат жарияланды.
5 мамыр аудан әкімінің Алғыс хатымен Отан қорғаушылар мен әр саланың өркендеуіне үлес қосып жүрген ер-азаматтарды марапаттады.
6 мамырҰлы Отан соғысының Тыл ардагерлері Ислямбек Қамажанов және Рая Мұхамеджановамен сұхбат жарияланды.
7 мамыр «Сарбаздың бір күні» Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара басқарамасының жеке құрамымен арнайы құттықтау бейнеролигі жарияланды.
8 мамыр Жеңіс күніне арналған монолог оқу эстафетасы өткізілді.
8 мамыр Ұлы Отан соғысының ардагері Полькин Александр Яковлевичті Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады.
8 мамыр ескерткішке гүл қою шарасы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл қою шарасы санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.
9 мамыр ҰОС ардагері Попыкин Степан Яковлевичті Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады.
9 мамыр Ұлы Отан соғысының Тыл ардагері Ертай Балбаевпен сұхбат жарияланды.
10 мамыр аудан жастары арасында патриоттық ән айту бойынша бейне челлендж өтті.
10 мамыр Ұлы Отан соғысының Тыл ардагері Аймурза Ахметов пен Кунсара Ахметовамен сұхбат жарияланды.
11 мамыр «Genius» балалар орталығы Жеңіс күнімен құттықтау шарасы өтті.
11 мамыр Ұлы Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында аудан жастары арасында «Мен елімнің – қорғаны» тақырыбында өлең жазу байқауы өтті.
17 мамыр «Парасат» орденінің иегері, ақын, сазгер, драматург Исраил Сапарбаймен 80 жас мерейтойы қарсаңында аудан тұрғындарымен кездесу өтті.
20 мамыр зейнеткерлер үйінде «Жас Толқын» өнер орталығының жастарымен концерт ұйымдастырылды.
20 мамыр Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерей тойына орай аудан желтоқсаншылары ардагерлер кеңесімен біріге сахналық қойылым қойып, шөбересі Жамбылов Мұратхан Әлімқұлұлымен кездесу өткізілді.
21 мамыр Наурызбай ауданы әкімінің өнер және мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі, «Жігіттер» тобының әншісі, «Дарын» жастар сыйлығының иегері Бағлан Әбдірайымов аудан жастарымен кездесті.
22 мамыр шекара басқармасының техникалық және кәсіптік даярлау бөлімінің сарбаздары арасында волейболдан жарыс өтті.
31 мамыр Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Шапағат» орталығының мүмкіндігі шектеулі балаларына сурет салудан шеберлік сабағы ұйымдастырылды.
1 маусым «Мерейлі аналар» қоғамдық қорымен көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға Алматы хайуанаттар бағында экскурсия ұйымдастырылды.
1 маусым Балаларды қорғау күніне орай «Перзент» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен «Ақсай» шатқалында teambuilding өтті.
1 маусым аудан мектептерінің үздік оқушыларына Қазақстан Мемлекеттік орталық мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.
1 маусым «1маусым - Халыкаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай балалар арасында шағын футболдан жарыс өтті.
4 маусым «Алма сити» ТК тұрғындарымен флешмоб өтті (тұрғындар жалауларын көтеріп, әнұранды хормен орындады).
4 маусым Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара басқармасының техникалық және кәсіптік даярлық бөлімінің әскери қызметшілері «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» күнімен құттықтады.
4 маусым «Наурызбай мақтаныштары» челлендж өтті.
4 маусым Мемлекеттік рәміздер күніне арналған автошеру ұйымдастырылды.
9 маусым жасөспірімдер арасында «Ұлылар ұлағаты» атты дөңгелек үстел өтті.
14 маусым Наурызбай ауданының «Таусамалы», «Ақбұлақ» базарлары мен Әуезов ауданының «Арыстан», «Сарыарқа», «Тигрохауд» базарлары қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыс өткізілді.
18 маусым медицина қызметкерлері күніне орай ауданда медицина саласы қызметкерлерін аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттау рәсімі өтті.
23 маусым «Қазақстан полициясы күні» қарсаңында аудан әкімін аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен марапаттау рәсімі өтті.
25 маусым «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық іріктеу кезеңі өтті.
27 маусым аудандық жергілікті полиция қызметінің инспекторлары отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар аясында болып жатқан түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» республикалық кең ауқымды акциясын өткізді.
29 маусым «Тәуелсіздік тарландары» атты кездесу өтті. Жазушы, философия ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш, театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толғанбай Жалғас Қонысбайұлы, Бокстан спорт шебері, бокстан Қазақстан чемпионы Сапарбай Айдаров аудан жастарымен кездесті.
30 маусым Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Шапағат» күндізгі болу орталығында «Rainbow» көрме-аукционы өтті.
Барлығы 44 іс-шара өткізілді.
ІІІ тоқсан:
4 шілде «Ұлттық домбыра күні» қарсаңында аудан жастарының арасында әлеуметтік желіде мерекелік челлендж ұйымдастырылды.
5 шілде «Астана күні» мерекесі қарсаңында ауданның әлеуметтік дамуына үлес қосқан қызметкерлерді аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттау рәсімі өтті.
6 шілде әртүрлі сала өкілдерімен қоғам қайраткерлерінің «Астана туған күніңмен!» құттықтау бейнеролигі әлеуметтік желілелерге орналастырылды.
7 шілде ауданның инфраструктуралық дамуы бойынша аудан тұрғындарының пікірлері арнайы бейнероликпен әлеуметтік желіде орналастырылды.
7 шілде Ақжар және Таусамалы шағынаудандарында әрқайсысы 120 орынға арналған 2 мемлекеттік балабақшаның құрылысы аяқталды.
8 шілде 30 жас суретшілер арасында Тәуелсіздіктің 30 жылында орын алған 30 тарихи оқиғаның суретін салу флешмобы өтті.
9 шілде Жамбыл облыстық мәслихат депутаты, «Dveri city» дүкендер желісінің негізін қалаушы Жылқыбаев Досбол Мәлікомарұлының қатысуымен аудан жастарымен «Жетістікке жетер жол» семинар тренингы өтті.
14 шілде аудан жастарының «Наурызбай жастары» форумы өтті.
20 шілде аудан жастарынан құралған еріктілер «Құрбан айт мерекесі» қарсаңында әлеуметтік азқамтылған отбасыларға азық-түлік себеті мен ет таратты.
22 шілде Есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасы, аудан әкімдігі қызметкерлері және жастар ресурстық орталығының жастары бірлесе отырып, есірткінің таралуына қарсы іс-шара өткізді.
23 шілде Республикалық «Игі істер» марафоны аясында Наурызбай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен және Индира Нұрғалиқызының демеушілік етуімен «Ақсай» клиникалық балалар ауруханасының ем алушы балаларына тегін ноутбуктер табыс етілді.
28 шілде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы қалалық кезеңінің жеңімпаздары – Ахметовтар отбасын марапаттады.
30 шілде «Салауатты жастар» орталығы мен Жастар ресурстық орталығының еріктілерінің ұйымдастыруымен жалғызбасты зейнеткерлердің үйіне дәрі-дәрмек қорабы мен көшелерде аудан тұрғындарына антисептиктер мен маскалар таратылды.
5 тамыз аудан белсенді жастар ұйымдарына коуч-мотиватор, бизнес спикер
Алтын Каникар «Көшбасшылық және командамен жұмыс» онлайн семинар-тренингі өтті.
6 тамыз «Абай күні» қарсаңында аудан тұрғындары арасында «Абай дана, Абай-дара» атты мәнерлеп өлең оқу челенджі өтті.
7 тамыз аудандық аула клубтарының жастарымен Барлық базары аумақтарында сенбілік өтті.
13 тамыз Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Халықаралық Жастар күніне» орай аудан жастарына «Тұлғалық даму» атты онлайн семинар тренингі өтті.
18 тамыз ел шекарасын күзеткен аудандағы шекарашыларды аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттау рәсімі өтті.
19 тамыз аудан ардагерлері мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен «Бүгінгі Қазақстан» конференциясы өтті.
20 тамыз «Қуаныш сила» қайырымдылық акциясы аясында аудандағы азқамтылған 30 отбасының балаларына әкімдік жас мамандары мектеп формасы, сөмке, тәттілер қорабы мен оқу құралдарын табыстады.
25 тамыз Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында аудан кәсіпкерлерінің қолдауымен 600 балаға мектеп формасы, сөмке, оқу құралдары табысталды.
28 тамыз «Қазақстан Республикасының Конституция күні» мерекесі қарсаңында заң саласының қызметкерлері аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
30 тамыз «Құрманғазы» оркестрімен ауданың көрікті жерлерінде ұлттық аспаппен әнұран орындалды. Арнайы бейне түсіріліп, әлеуметтік желілерде жарияланды.
2 қыркүйек аудан әкімінің қатысуымен «Upstream Zerek» жекеменшік мектебінің ресми ашылу салтанаты өтті.
3 қыркүйек Жастар ресурстық орталығы , «Салауатты жастар» ұйымымен бірлесе отырып «Денсаулығыңды сақта!» атты акция өткізді.
6 қыркүйек «Отбасы күніне» орай аудандағы ұзақ жыл отасқан жанұяларға аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен қызметтік бөлімшелердің 1 басшылары арнайы сыйлықтар табыс етті.
8 қыркүйек Наурызбай ауданының Полиция басқармасында «Республикалық отбасы күні» қарсаңында ауданымыздағы үлгілі отбасы, 60 жылға жуық отау құрған Балбаевтар жанұясымен «Отбасы құндылықтары» тақырыбында кездесу өтті.
10 қыркүйек «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсына Наурызбай ауданынан қатысып, Алматы қаласы бойынша жеңімпаз болған Ахметовтар отбасына Республикалық марапаттау шарасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыйлығы табысталды.
13 қыркүйек ауданның белсенді жастарына «Ақсай» шатқалына тимбилдинг ұйымдастырылды.
16 қыркүйек Мерейлі отбасы ұлттық конкурсының жеңімпаздары Ахметовтар отбасы ауданның азқамтылған жанұяларына қаржылай және азық-түлік түрінде көмек көрсетті.
17 қыркүйек Алматы қаласы күніне орай аудандық Демалыс орталықтары арасында «Apple city» фестивалі өтті.
19 қыркүйек «Alem park» атты аудандық отбасылық демалыс саябағының жаңа тұжырымдамалық жобасы таныстырылды.
18 қыркүйек аудандық дебат клубтары арасында «Алматы қаласының туризмін дамыту жолдары» тақырыбында пікірталас өтті.
20 қыркүйек «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубында «Қала күніне» арналған мерекелік сабақтар өткізілді.
20 қыркүйек аудан тұрғындарымен ақын, Жазушылар одағының төраға орынбасары Бақыт Беделханмен кездесу өтті.
21 қыркүйек аудан тұрғындары арасында «Алматы фотограф көзімен» челленджі өтті.
22 қыркүйек ауданның көпбалалы аналарының қолөнер туындылары қойылған «Дәстүрімізді дәріптейік» көрмесі өтті.
22 қыркүйек аудандық білім мекемелері арасында «Тәуелсіздік пен тіл егіз ұғым» тіл апталығы өтті.
23 қыркүйек аудандық білім мекемелірінің жоғарғы сынып оқитын 1000 бала арасында «Алматы тарих тағылымында» латын қарпімен шығарма жазу байқауы өтті.
24 қыркүйек Республикалық «Игі істер» марафоны аясында «Алматы күніне» орай Наурызбай ауданы мектептері жас мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Алматы - қуаныш қаласы» атты қайырымдылық акциясы өтті.
25 қыркүйек ауданның жас ақындары арасында «Алматы сен мені ақын еттің» жыр мүшайрасы өтті.
26 қыркүйек ауданның үздік оқушылары арасында «Алматы-болашақтың қаласы» эко жобалар сайысы өтті.
Барлығы 42 іс-шара өтті.
ІV тоқсан:
1 қазан «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында «Қарттар айлығының» ашылуына аудан ардагерлеріне мерекелік көнцерт ұйымдастырылды.
2 қазан аудан әкімінің орынбасары Мирас Нысаналиев және құрылымдық бөлімшелердің бірінші басшылары «Ұстаздар күні» мерекесіне орай ұзақ жыл қызмет атқарған мұғалімдерге аудан әкімінің Құрмет грамоталарын және сыйлықтар табыстап, құттықтады.
3 қазан аудандандағы әр сала қызметкерлері «Ұстаздар күніне» арнайы құттықтау бейнеролигін жариялады.
4 қазан аудан жастары «Қарттар айлығы» қарсаңында зейнеткер зиялы қауым өкілдерін мерекесімен құттықтап, сыйлықтар табыстады.
7 қазан №174 мектеп-гимназияында «Сәби» қайырымдылық қорының қолдауымен робототехника сыныбының ашылу рәсімі өтті.
8 қазан аудандық демалыс орталықтарының жастары Қарттар үйіндегі қызмет алушыларға мереке қарсаңында концерт қойып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
11 қазан аудан әкімі «Мерейлі отбасы – 2021» ұлттық конкурсының аудандық деңгейінде 1 орын иеленген Зеитовтар отбасын марапаттады.
12 қазан «Қарттар айлығында» аудан ардагерлері арасында спорттық спартакиада өтті.
14 қазан аудан жастары арасында жалғызбасты қарттарға «Қарттарым, асыл қазынам» қайырымдылық акциясы өтті.
17 қазан Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай «Туған жерді түлет» ағаш көшеттерін егу акциясы өтті.
19 қазан «Қамқорлық» дағдарыс орталығы және АҚШ-тың наркоманияға қарсы «CADCA» дүниежүзілің ұйымымен аудан жастарының семинары өтті.
22 қазан «Қамқорлық» дағдарыс орталығы және АҚШ-тың наркоманияға қарсы «CADCA» дүниежүзілің ұйымымен аудан жастары семинарының 2 бөлімі өтті.
27 қазан 8 аудан желтоқсаншылары арасында спорттық ойындардан спартакиада өтті.
29 қазан 8 аудан ардагерлеріне арналып аудан әкімінің мерекелік дастарханы жайылды.
30 қазан аудан ардагерлерінен құрылған «Арай» хоры Тастыбұлақ шағынауданындағы демалыс саябағында «Қарттар айлығының» қорытынды кешін өткізді.
2 қараша ақын Мұратхан Шоқанның аудан жастарымен кездесуі өтті.
4 қараша «I-Shuak» білім орталығы азқамтылған отбасылардың балаларына 70 грант бөліп, қайырымдылық акциясын өткізді.
7 қараша аудан желтоқсаншыларыың Алматы қаласы Бас ботаникалық бағына тегін серуені ұйымдастырылды.
10қараша аудандық дебат клубтары арасында «Тәуелсіздік – табысқа апарар жол» тақырыбында пікірсайыс өтті.
15 қараша тарих ғылымдарының кандидаттары Шашаев Ауезхан және Жұмаділов Арман Қабдешұлымен кездесу өтті.
19 қараша азқамтылған отбасылардың балаларына Мемлекеттік циркте тегін қойылым ұйымдастырылды.
23 қараша Іле-Алатау Ұлттық паркінде аудан жастары арасында спорттық туризмнен жарыс өтті.
25 қараша «Көшбасшы Наурызбай -2021» тұлғалық даму марафонының он күндігі өтті.
26 қараша «Көшбасшы Наурызбай – 2021» марафонына қатысушылармен Шамалған ауылындағы Тұңғыш Президенттің «Атамекен» тарихи-мәдени орталығына экскурсия және марапаттау шарасы өтті.
27 қараша аудандағы мүмкіндігі шектеулі балаларға «Немо» делфинариясында тегін қойылым ұйымдастырылды.
30 қараша аудан әкімі Санжар Тоғай ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан әр сала қызметкерлерін Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапаттады.
1 желтоқсан аудан тұрғындарының «Тұңғыш Президент күнімен» құттықтау бейнеролигі жарияланды.
3 желтоқсан «Халықаралық мүгедектер күніне» орай «Шапағат» әлеуметтік орталығында қызмет алушы мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлықтар табысталды.
6 желтоқсан Жастар ресурстық орталығында 8 аудан бойынша дебат клубтарының «30 жылдағы Қазақстан» тақырыбында пікірсайыс өтті.
7 желтоқсан аудан әкімі - Санжар Тоғай, боксшы, Олимпиада жүлдегері – Қамшыбек Қоңқабаев, әнші, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері – Бағлан Әбдірайымов, Алматы қаласы Мәслихатының депутаты – Есенгелді Талбидиновтің қатысуымен «Наурызбай Жастар форумы – 2021» өтті.
8 желтоқсан жазушы, этнограф Данияр Әлбозымның «Желтоқсан қырандары» тарихи романының тұсаукесері өтті.
9-18 желтоқсан күндері аралығында аудан жастары арасында «Тұғыры биік Тәуелсіздік» тақырыбында ән айту челленджі өтті.
11 желтоқсан аудан суретшілерінің Наурызбай ауданының инфраструктуралық дамуы бойынша сурет көрмесі өтті.
13 желтоқсан аудан жастары арасында волейболдан жарыс өтті.
14 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтті.
15 желтоқсан АҚШ-тағы «CADCA» есірткіге қарсы күрес әкімшілігінің алдын алу бөлімінің маманы Джоанна Миндеркомен аудан жастарының кездесуі өтті.
16 желтоқсан Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толуына орай аудан желтоқсаншыларын аудан әкімінің марапаттау рәсімі өтті.
16 желтоқсан аудандағы әр сала өкілдерінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтау бейнеролигі жарияланды.
17 желтоқсан Желтоқсан оқиғасына қатысушы Аюпов Ғанидың сұқбаты жарияланды.
17 желтоқсан Желтоқсан оқиғасында құрбан болған батырларға аудан әкімдігі тарапынан ас беру рәсімі өтті.
18 желтоқсан Желтоқсан оқиғасына қатысушы Қабыланов Әріптің сұқбаты жарияланды.
19 желтоқсан аудан жасөспірімдері арасында асық атудан жарыс өтті.
20 желтоқсан Желтоқсан оқиғасына қатысушы Бисембиева Қалдыгүлдің сұқбаты жарияланды.
21 желтоқсан желтоқсаншылардың жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне қайырымдылық шарасы өтті.
23 желтоқсан құрылымдық бөлімдері ауданның зиялы қауым өкілдеріне Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында сыйлық табыстап, құттықтады.
24 -30 желтоқсан азқамтылған, мүмкіндігі шектеулі балаларға аудан әкімінің Жаңа-жылдық сыйлықтарын табыстау шарасы ұйымдастырылуда.
Барлығы 46 іс-шара өтті.
2021 жылдың есебіне сәйкес 169 іс-шара өткізілді.