Қоршаған ортаны және экологияны қорғау бөлімі
2021 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша Наурызбай аудандық табиғатты қорғау полиция қызметкерлерімен бірлесе «Алматы қаласының көріктендіру Ережесі» және «Алматы қаласының жасыл екпелерін күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларын бекіту туралы Ережесіне» сәйкес жұмыстар атқарылып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 505, 386 баптары бойынша заңды және жеке тұлғаларға 914 әкімшілік хаттама рәсімделіп, 9 494 835 теңге көлемінде айыппұл салынды оның ішінде:
Мердігер мекемесі бойынша: "Шұғыла" шағынауданының арықтары, жолдары қоқыстан тазаланбауына байланысты, «Алғабас» ЖК төрағасына әкімшілік хаттама толтырылды және де "Шұғыла" шағынауданының ішкі аулалары қоқыстан тазаланбауына байланысты, «Комфорт» ПИК төрағасына әкімшілік хаттама толтырылып, «Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесіне» сәйкес түсініктеме жұмыстары жүргізілді. "Қалқаман" шағынауданының Әшімов көшесінің бойындағы арықтары, жолдары уақытылы қоқыстан тазаланбауына байланысты, «Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесіне» сәйкес ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы бойынша «BSB Construction» ЖШС басшысына әкімшілік хаттама толтырылып, 30 АЕК (87 510 тг.) көлемінде айыппұл салынды.
Наурызбай аудандық Қоршаған ортаны және экологияны қорғау бөлімінің инспекторлары ұйымдастыруымен және Алматы қаласының «Құтқару қызметінің» жұмысшыларының қатысуымен Ақсай, Жайлау, Тастыбұлақ, Қарғалы өзендерінің бойын қоқыс, мұз қалдықтарынан тазарту жұмыстары өткізілді. Іс-шараға 29 арнайы техника мен 93 жұмыс күші жұмылдырылды. Нәтижесінде шамамен 113 м3 қоқыс қалдықтары қоқыс полигонына шығарылды.