Мемлекеттік – құқықтық бөлімінің 2021 жылы атқарған жұмысы туралы есебі
- Есептік кезеңде Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Наурызбай ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 11 отырысы өткізілді.
- Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабының 8 отырысы өткізілді.
- Мемлекеттік құқықтық бөлімінің қызметкерлерімен Наурызбай ауданы Полиция басқармасымен бірлесіп, аудан бойынша «Жүк автомобильдерінің жүруіне тыйым салынады» жол белгісін және «Тоқтап тұруға тыйым салынады» жол белгісін ескермеген автокөлік жүргізушілерін анықтау мақсатында рейдтер жүргізіліп тұрады. Жыл басынан бері 60-тан аса автокөлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
- Жол көлік оқиғаларының азайту және қылмыс санын азайту мақсатында аудан аумағында 11 «Сергек» бейне бақылау камералары орнатылты.
- Деструктивті діни ағымдарға бейімі бар адамдарды анықтау бойынша Алматы қаласының атқарушы, құқық қорғаушы және арнайы органдарының әрекеттесуі бойынша меморандум шараларын жүзеге асыру барысында, Наурызбай ауданында 2021 жылдың басынан бері 678 адам анықталды.
- Наурызбай ауданындағы өз бетінше иеленіп алынған жер учаскелерді анықтау бойынша жұмыс тобымен 51 жер учаскесі қаралып, Жер комиссиясы оң шешімін берді.
- 2021 жылдың І- тоқсаны бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
- Алматы қаласы әкімінің орынбасарына мемлекет мұқтажы үшін 2 жер учаскесін (Әліби паркінің бір бөлігі және Таусамалы шағын ауданындағы Л.Коданидиге тиесілі жер учаскесін) алып қою қажеттігі туралы жіберілген хаттар қаралып, Алматы қаласының жер комиссиясының мақұлдауын алды. Қазіргі таңда, Алматы қаласы әкімдігінің аталған жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою туралы қаулысының жобасы дайындалуда.
- Төлебеков көшесінде орналасқан жер учаскесінің аумағын түзету аяқталды, бүгінгі күні жаяу жүргіншілер жолы Жер кадастры базасына сәйкестендірілді.
- "АстанаСервисСтрой-А" ЖШС (сот орындаушысы ақауларды жою жолымен сот шешімін мәжбүрлеп орындатуда), "Глобал Трейд центр" ЖШС (мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілді, ақаулар жойылды) және "ПСК Строй Инвест" ЖШС (ақаулар жойылды) қатысты 3 азаматтық іс жеңіп алынды.
- Бөлім қызметкерлерімен ауданның 20-дан астам тұрғынына азаматтық, әкімшілік, тұрғын үй, жер және т.б. мәселелер бойынша талап арыз жазу дайындау бойынша көмек көрсетілді.
- Бөлім белгіленген тәртіпке сәйкес жыл басынан бері 46 рет үшінші тұлға ретінде сот процестеріне қатысты.
- 2021 жылы халық санағының 2 кезеңі өткізілді.