Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық КЕЛІСІМІ

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы КЕЛІСІМ

Алматы қ.                                                                « __ »__________ 2020 жыл

Алматы қаласы Наурызбай ауданының мемлекеттік органдары, азаматтық қоғам институттары және бизнес қауымдастықтары

Сыбайлас жемқорлықтың аудандағы экономикалық жаңару мен ауқымды әлеуметтік қайта құруларға, мемлекеттік институттардың беделіне және жалпы елдің халықаралық имиджіне теріс әсерін тигізетініне НЕГІЗДЕЛЕ ОТЫРЫП,

2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді ЕСЕПКЕ АЛА ОТЫРЫП,

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік атмосферасын құрудың маңыздылығын және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жоюға бағытталған алдын алу шараларын күшейту қажеттілігін ТҮСІНЕ ОТЫРЫП,

Қазақстандық қоғамның сау күштерінің ымырасыздығы мен шешімділігін, қазақстандық қоғамның мәдениеті мен этикасын, сыбайлас жемқорлыққа әлеуметтік құбылыс ретінде және сыбайлас жемқорлықтың түрлі көріністеріне қарсы тұру кезінде ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП,

Мемлекетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттары мен бизнес-қоғамдастықтың маңызды рөлін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда және нығайтуда корпоративті және жеке жауапкершілікті қабылдау қажеттілігін МОЙЫНДАЙ ОТЫРЫП, осы Келісімге қосылды:

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  2. Келісімнің мақсаттары мен міндеттері:
  3. Осы Келісімнің мақсаты сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасын нығайту, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және дүниетанымды қалыптастыру және нығайту болып табылады.
  4. Келісімнің негізгі міндеттері
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен нығайтуға мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, кәсіподақтардың, қоғамдық ұйымдардың, жастар ұйымдарының, кәсіпкерлер мен бизнес қауымдастығының қатысуы (әрі қарай - Қатысушылар);
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мен алдын-алуға қатысушылардың күш-жігерін біріктіру;
  • азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, әкімшілік кедергілерді азайту, кедергісіз аймақтарды кеңейту, халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетудің ашықтығы мен қол жетімділігін арттыру жөніндегі қатысушылардың бірлескен іс-қимылдары;
  • Қатысушылардың жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде қағазбастылыққа жол бермеудегі өзара әрекеттестігі, сондай-ақ оларды қараудың ашықтығын қамтамасыз ету;
  • осы Келісімнің мақсатына жетуге қамтамасыз етуге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге Қатысушылардың әрекеттерін үндестіру және үйлестіру.
  1. Келісімнің мәні
  2. Осы Келісімнің мәні қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға азаматтардың белсенділігі мен жеке қатысуын арттыру, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаларды, жоспарлар мен міндеттерді іске асырудағы қоғамдық бақылаудың тиімділігін арттыру бойынша Қатысушылардың өзара әрекеттестігі болып табылады.
  3. Қатысушылардың өкілдері және Келісім талаптары
  4. Келісім Қатысушыларының өкілдері - мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, кәсіподақтардың, қоғамдық ұйымдардың, жастар ұйымдарының, кәсіпкерлер мен бизнес қауымдастықтың уәкілетті қызметкерлері.
  5. «Nauryzbai Adaldyq Alany» жобалық кеңсесі осы Келісім Қатысушыларының бірі бола отырып, Қатысушылардың ынтымақтастық бағыттары бойынша қызметін үйлестіруге міндеттенеді.
  6. Қол қойған тараптар осы Келісімге қосыла отырып, бір немесе бірнеше бағыттар бойынша ынтымақтастық туралы міндеттеме алады.
  7. ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БАҒЫТЫ, МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
  1. Саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде адам құқықтары мен кәсіподақтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға қатысу.
  2. Ынтымақтастықтың мақсаты - еңбек ұжымдарында, мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдары және басқа да органдар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту.
  3. Ынтымақтастықтың міндеттері: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алу, мемлекеттік сатып алуларға қатысу процедураларын түсіндіру.
  1. Жастар мен жастар ұйымдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға қатысуы.
  2. Ынтымақтастықтың мақсаты - сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік атмосферасын қалыптастыру және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
  3. Ынтымақтастықтың міндеттері:

1) «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының идеялары негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту;

2) жастар мен жастар ұйымдарын Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруға тарту;

3 Мемлекеттік органдар мен қоғамды субъектілер мен лауазымды тұлғалармен өтініштерді қарау кезінде қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге тарту.

  1. Ынтымақтастықтың мақсаты - өтініштерге қойылатын талаптардың біртұтастығын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау үйлесімін сақтау қағидатын енгізу.
  2. Ынтымақтастықтың міндеттері:

1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы және уақытылы қарау, сондай-ақ қоғамда өтініштерді қарау кезінде бюрократия мен қағазбастылық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру және нығайту;

2) өтінішті қарау нәтижелері бойынша қабылданған шаралар туралы азаматтарды уақтылы хабарландыру;

3) өтініштерді қарау процедурасын жетілдіруде өзара әрекеттесудің тиімді тәсілдері мен әдістерін жасауға күш біріктіру.

  1. Этномәдени және діни бірлестіктердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға қатысу
  2. Ынтымақтастықтың мақсаты - Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері мен дәстүрлеріне жат құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа діннің теріс қатынасын көрсету.
  3. Ынтымақтастықтың міндеттері:

1) патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиесін жетілдіру;

2) «Мәңгілік ел» идеологиясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;

3) дәстүрлі діндердің ізбасарлары, түрлі этностар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

4) діни қызметкерлерді даярлаудың кәсіби бағдарламаларын іске асыратын рухани (діни) білім беру ұйымдары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру негіздері бойынша білім беруді ұйымдастыру.

  1. Білім және ғылым қызметкерлерінің, сондай-ақ білім және ғылым саласындағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға қатысу
  2. Ынтымақтастықтың мақсаты - білім беру ұйымдарындағы, сондай-ақ ғылыми зерттеу ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиелеу бойынша қызметті күшейту
  3. Ынтымақтастықтың міндеттері:

1) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласындағы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыру

2) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметін әдістемелік қамтамасыз етуге көмек көрсету

3) білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша білім беру қызметінің әдістемесі мен практикасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

  1. Кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктерінің (одақтарының) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға тарту.
  2. Ынтымақтастықтың мақсаты - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру, мемлекеттік басқарудың ашықтығын, бизнестің ашықтығын, кәсіпкерлік ортадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әкімшілік кедергілерді азайту
  3. Ынтымақтастықтың міндеттері:

1) сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын себептерді бірлесіп анықтау және жою;

2) қоғамдық бақылауды күшейту және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру;

3) мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік компаниялардың, жеке кәсіпкерліктің қызметіндегі ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу;

4) кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдері арасында Комплаенс (Compliance System) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерді басқару жүйесін насихаттау және іс-шараларды әзірлеу.

  1. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
  2. Басқа шарттар
  3. Осы Келісімнің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін оның Қатысушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы үйлестірілген бірлескен іс-шараларға белсенді қатысу, өз қатарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерін болдырмауға тырысу міндеттерін өздеріне алады.
  4. Осы Келісім оған әр түрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, қозғалыстардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдары мен кәсіпкерлер қауымдастығының, кәсіподақтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының қосылуы үшін ашық және оның мерзімі жоқ.

 

 

Дата публикации
01 декабря 2021