2021 жығы 10 айда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпарат
- 2021 жылғы 15 ақпанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама» тақырыбында Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ғимаратында (онлайн) семинар өткізіліп, 2020 жылға арналған ұлттық баяндаманың жобасы таныстырылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс нәтижелері талқыланды.
- 2021 жылғы 26 ақпанда Наурызбай ауданы әкімі аппаратының интернет ресурсында «Мемлекеттік сатып алу» бөлімінде Әкім аппаратының барлық шығыстары туралы ақпаратты қамтитын бюджеттік бағдарламалары орналастырылды.
- 2021 жылдың I жартыжылдығында Наурызбай ауданы әкімінің аппаратымен нысаналы топтар үшін мемлекеттік қызметтің, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың және қызметтік этика қағидаларының өзекті мәселелерін түсіндіру мақсатында 15 іс-шара (онлайн) өткізілді, оның ішінде 1 мемлекеттік ұйымда, 5 мектептерде, 4 медициналық мекемелерде, 5 пәтер иелері коопиративінде.
- Наурызбай ауданы әкімі 2021 жылғы 27 сәуірдегі Алматы телеарнасының «Akimat Live» бағдарламасында сұхбат берді, бейне таспаны https://www.youtube.com/watch?v=NQ_yWdKHGHc сілтемесі арқылы көруге болады.
- Наурызбай ауданында орналасқан 6 медициналық мекемелердің, 8 жалпы және 7 жеке білім беретін мектептердің ғимараттарында және әкім аппараты ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған ақпараттар орналастырылды.
- Аудан тұрғындарының мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру мақсатында Наурызбай ауданы әкімі аппараты ғимаратының 1 қабатында «NAYRYZBAI ADALDYQ ALANY» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жлбалық кеңсе жұмыс істейді.
- Әкімінің аппараты қызметкерлері ювеналды полиция инспекторларымен бірігіп, аудан мектептерінде жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта тәрбие дәрістерін жүйелі түрде өткізеді.
- 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Наурызбай ауданы әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселелері бойынша мониторинг тұрақты түрде жүргізіліп тұрады, сондай-ақ, мүдделер қақтығысын алдын алу және реттеу бойынша 80 оқу құралдары таратылды.
- 2021 жылдың басынан бері Наурызбай ауданы әкімі аудан тұрғындармен 35 кездесу өткізді (онлайн), кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
- Әкім аппараты ғимаратының 1 қабатында медиация орталығы жұмыс істейді.
- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында әкім аппаратында жедел-желі жұмыс істейді, телефон нөмірі: 8700-308-70-20.
- Наурызбай ауданы әкімінің аппаратымен 2021 жылдың 10 айында 25 іс-шара ұйымдастырылды (онлайн), оның ішінде 8 медициналық мекемелерде, 9 мектептерде, 8 пәтер иелері коопиративдерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері бойынша кездесулер өткізіліп, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жолдары қарастырылды.