«Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
6.«Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген аудан әкімінің актілерімен ресімделетін шешімдер және өкімдер қабылдайды.
Егер «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
1) Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін аудан аумағында орналасқан кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер және азаматтармен оларды орындауын қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік қызметшілердің және «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлімдері қызметтерінің тиімділігін бағалау;
3) аудан әкімі белгілеген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
1) Наурызбай ауданының әкімі мен аппаратының қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
2) аудан аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
3) Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің тапсырмасы бойынша аудан әкімі мен аппаратының мүдделерін сотта қорғау, прокурорлық назар аудару актілерін қарау;
4) мемлекеттік қызметтер көрсету:
спортшыларға спорттық разрядттар беру: 2-разрядты спортшы,
3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы;
біліктілік санаттарын беру: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі;
азаматтардың хал актілерін тіркеу және туу туралы куәлік беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру.
5) «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің іс құжаттамаларын ұйымдастыру және жүргізу, оның ішінде құпия, арнайы байланыс бойынша, хат-хабарларды өңдеу, құпиялылық режимін, «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының ішкі нысандар ережесін нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес қамтамасыз ету;
6) мемлекеттік органның қызмет бағыты бойынша оның жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру;
7) мемлекеттік тіл мен басқа тілдердің қолданылуы мен дамуына қажетті жағдайлар жасау;
8) аудан әкімінде, оның орынбасарларында, «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аппарат басшысындағы кеңестерді ұйымдастыру, кеңес материалдарын, хаттамаларын ресімдеу және тарату;
9) аудан әкімінің, оның орынбасарларының, «Алматы қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының тапсырмалары бойынша аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеу, оларды тарату және сақтау;
10) аудан әкімінің және оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларының, аудан әкімі мәжілістерінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылау, осы мәселелер бойынша аудан әкіміне мәлімет беру;
11) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
12) азаматтар мен заңды тұлға өкілдерін қабылауды ұйымдастыру;
13) салық және бюджетке төленетін өзге де төлемдерді жинауға жәрдемдесу;
14) өз құзыретінің шегінде әскери міндеттілі және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, сондай-ақ, азаматтық қорғаныс саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамаларының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
15) тарихи және мәдени мұраларды сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
16) жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
17) қылмыстық-атқару инспекцисының сынақ қызметіндегі есепте тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуге қатысу және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;
18) әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу;
19) Алматы қаласы Наурызбай ауданының аумағында көріктендіру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру;
20) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жұмыстарын жүргізу;
21) Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жарықтандыру;
22) кәсіби емес медиаторлардың тізілімін жүргізу;
23) кадр құрамына зерттеу жүргізу, ұсыныс әзірлеу және енгізу;
24) «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кадрларының оқуын және қайта даярлығын ұйымдастыру;
25) гендерлік аспектілерді қарау;
26) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер өндірісін жүзеге асыру;
27) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцяларды жүзеге асыру;
1) «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен, оның ішінде арнайы байланыс және деректерді беру жүйесін пайдаланып, құпия және қызметтік жазбаларды жүргізуге;
2) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша бақылау және үйлестіруді жүзеге асыруға;
3) заңнамада белгiленген тәртiпте мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпараттар мен материалдарды алуға;
4) жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізуге;
5) «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі әкiмгері болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджет құрамында көзделген бағыттар бойынша жергiлiктi маңызы бар мәселелердi қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды енгізуге;
6) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің
56 бабында белгіленген тәртіпте сотқа талап арызбен жүгінуге;
7) өзіне берілген мүлікті басқаруға;
8) заңнамада көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқы бар.
1) Алматы қаласының әкімдігіне «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекітуге ұсынады, Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі орынбасарларының арасында міндеттерді бөлу, «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штаттық саны бойынша ұсыныстар, оған бекітілген штаттық санның шегінде өзгерістер енгізеді;
2) «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды;
3) Наурызбай ауданының әкімі қабылдаған шешімдер мен өкімдердің орындалуы мен сақталуын, оның тапсырмаларының орыдалуын, құжаттардың өтуін бақылау жұмыстарын үйлестіреді;
4) аудан әкіміне қол қою және қарау үшін аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын және аудан әкіміне жолданған басқа да құжаттар мен материалдарды ұсынады;
5) ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
7) бөлінген еңбекақы төлеу қорының шегінде «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына үстемақылар, қосымша ақылар және көтермелеулер мен тәртіптік жаза қолдану мәселесі жөнінде заңнамада белгіленген тәртіпте ұсыныс енгізеді.
8) «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің қызметіне жалпы басшылық жасайды және қызметін үйлестіреді;
9) Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі қабылдаған актілердің орындалуына қатысты келіспеушіліктерді қарау жөніндегі мәжілістерді шақырады;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қолдануға жеке жауапкершілікте болады;
11) осы Ережеде көрсетілген, сондай-ақ Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі оған жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
«Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.