Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия

Бүгін, Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнінде өз өкімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияны құрдым, комиссия құрамына аудан әкімінің орынбасарларын, аппарат басшысын, «Nur Otan» партиясы, қоғамдық мекемелер, кәсіпкерлік, мүліктің меншік иелері бірлестігі, сондай-ақ жастар ұйымының өкілдерін енгіздім.
Комиссия өз жұмысын тұрақты түрде жасайтын болады, мақсаты сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасын нығайту, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және дүниетанымды қалыптастыру болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде түбегейлі ұстанымды қолданамын.



 

Дата публикации
09 декабря 2021