2021 ж.10 айда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпарат

2021 жығы 10 айда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпарат

  1. 2021 жылғы 15 ақпанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама» тақырыбында Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ғимаратында (онлайн) семинар өткізіліп, 2020 жылға арналған ұлттық баяндаманың жобасы таныстырылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс нәтижелері талқыланды.
  2. 2021 жылғы 26 ақпанда Наурызбай ауданы әкімі аппаратының интернет ресурсында «Мемлекеттік сатып алу» бөлімінде Әкім аппаратының барлық шығыстары туралы ақпаратты қамтитын бюджеттік бағдарламалары орналастырылды.
  3. 2021 жылдың I жартыжылдығында Наурызбай ауданы әкімінің аппаратымен нысаналы топтар үшін мемлекеттік қызметтің, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың және қызметтік этика қағидаларының өзекті мәселелерін түсіндіру мақсатында 15 іс-шара (онлайн) өткізілді, оның ішінде 1 мемлекеттік ұйымда, 5 мектептерде, 4 медициналық мекемелерде, 5 пәтер иелері коопиративінде.
  4. Наурызбай ауданы әкімі 2021 жылғы 27 сәуірдегі Алматы телеарнасының «Akimat Live» бағдарламасында сұхбат берді, бейне таспаны https://www.youtube.com/watch?v=NQ_yWdKHGHc сілтемесі арқылы көруге болады.
  5. Наурызбай ауданында орналасқан 6 медициналық мекемелердің, 8 жалпы және 7 жеке білім беретін мектептердің ғимараттарында және әкім аппараты ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған ақпараттар орналастырылды.
  6. Аудан тұрғындарының мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру мақсатында Наурызбай ауданы әкімі аппараты ғимаратының 1 қабатында «NAYRYZBAI ADALDYQ ALANY» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жлбалық кеңсе жұмыс істейді.
  7. Әкімінің аппараты қызметкерлері ювеналды полиция инспекторларымен бірігіп, аудан мектептерінде жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта тәрбие дәрістерін жүйелі түрде өткізеді.
  8. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Наурызбай ауданы әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселелері бойынша мониторинг тұрақты түрде жүргізіліп тұрады, сондай-ақ, мүдделер қақтығысын алдын алу және реттеу бойынша 80 оқу құралдары таратылды.
  9. 2021 жылдың басынан бері Наурызбай ауданы әкімі аудан тұрғындармен 35 кездесу өткізді (онлайн), кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
  10. Әкім аппараты ғимаратының 1 қабатында медиация орталығы жұмыс істейді.
  11. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында әкім аппаратында жедел-желі жұмыс істейді, телефон нөмірі: 8700-308-70-20.
  12. Наурызбай ауданы әкімінің аппаратымен 2021 жылдың 10 айында 25 іс-шара ұйымдастырылды (онлайн), оның ішінде 8 медициналық мекемелерде, 9 мектептерде, 8 пәтер иелері коопиративдерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері бойынша кездесулер өткізіліп, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жолдары қарастырылды.
Дата публикации
30 ноября 2021