Наурызбай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы БАЯНДАМАСЫ 2021 жылғы 30 қараша, cағат: 14.00
І. 2021 жылдың 11 айы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевтың тікелей тапсырмасы бойынша аудан әкімдігі жұмысының негізгі бағыты - аудан тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді шешу болып табылады.
Бірінші кезекте, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру, жаңа объектілер салу және ауданға инвестициялар тарту. Екіншіден, инженерлік желілер, қоғамдық көлік, тұрғын үй және әлеуметтік мәселелерді шешу.
Үшіншіден, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғаммен ашық диалог құру.
Экономикалық өсімге қысқаша тоқталайын.
Аудан экономикасының барлық салаларында оң серпіліс байқалады.
2021 жылғы қаңтар-қазандағы өнеркәсіп көлемі - 6,4 млрд. тг құрайды. (2020 жылы - 4 млрд. тг.), Физикалық индекс көлемі - 127,9 %.
Өнеркәсіп бойынша ауданда барлығы 30 шағын өнеркәсіптік кәсіпорын (статистика департаментінің тіркелімінде өндірісі ЭҚЖЖ бар 148 пп тіркелген) және 4 ірі коммуналдық кәсіпорын («АлТС» ЖШС, «АлматыЭнергосбыт» ЖШС, «Тәртіп» АҚ, «Алматы Су» ШЖҚ МКК) бар.
Анықтама: 2020 жылғы өндірістік көлем - 5,7 млрд. тг. құраған.
2021 жылдың қаңтар-қазан айларындағы инвестиция көлемі – 84,6 млрд. тг. Физикалық индекс көлемі - 107,1%.
Анықтама: 2020 жылдағы инвестициялар көлемі - 118 млрд. тг.
Ағымдағы жылдың 10 айында тауар айналымының көлемі - 9,1 млрд. теңгені құрады. оның ішінде бөлшек тауар айналымы - 4,9 млрд. тг., көтерме сауда тауар айналымы - 4,2 млрд. тг.
Көтерме және бөлшек сауда тауар айналымы бойынша ағымдағы жылы 8 кәсіпорынның көлеміне мониторинг жүргізіледі.
Анықтама: 2020 жылғы тауар айналымы - 16,7 млрд. тг. болған.
2021 жылғы қаңтар-қазанда құрылыс жұмыстарының көлемі 49,1 млрд. теңгені құрап, Физикалық индекс көлемі – 126 % жетті.
Анықтама: 2020 жылғы құрылыс жұмыстарының көлемі - 60,3 млрд. тг.
ІІ. Жұмыспен қамту
Ағымдағы жылдың басынан бастап бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша:
«Бизнестің жол картасы-2025»бағдарламасымен жалпы сомасы 426 млн. теңгені құрайтын 28 жоба мақұлданды.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасымен - 133,7 млн.теңге сомасына 9 жоба қабылданды.
Мысалы: «ALMATY business-2025» жобасы «Айнар-Кенсе» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - кеңсе бұйымдарын өндіру бойынша 70 млн.теңге сомасына 2% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие алды.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасы:
|
№ |
Атауы |
Жоспар |
Факт |
%
|
Сомасы
|
|
1 |
Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту |
80 |
83 |
103,8 |
1,2 млн.тг. |
|
2 |
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру |
77 |
89 |
115,6 |
4,6 млн.тг. |
|
3 |
Қоғамдық жұмыстарға жолдама |
480 |
690 |
143,8 |
36 млн.тг. |
|
4 |
Жастар практикасына жолдама |
64 |
116 |
181,3 |
9,5 млн.тг. |
|
5 |
Тұрақты жұмысқа орналастыру |
780 |
1542 |
166,7 |
103,5 млн.тг. |
|
6 |
200 АЕК гранттар беру |
80 |
81 |
101,3 |
41,5 млн.тг. |
|
7 |
Еңбек жоба бойынша бірінші жұмыс орны |
4 |
4 |
100,0 |
0,15 млн.тг. |
|
Барлығы |
1565 |
2605 |
113,3 |
196,4 млн.тг. |
|
ІІІ. Өмір сапасын жақсарту
«Жаңа Алматы» мегаполисін дамытудың Кешенді жоспарын жүзеге асыруды жалғастырамыз.
Біз үшін шешілуі тиіс бірінші кезектегі маңызды мәселе - аудан тұрғындарын 100% таза ауыз сумен қамтамасыз ету.
Ауданда халық тек 30% таза ауыз сумен қамтамасыз етілген, қалған 70% - ы ашық су қоймалары мен жеке ұңғымалардан суды пайдаланады. Жаз айларында ауыз суды арнайы техникамен тұрақты қамтамасыз ететін су тапшылығы туындайды. Тиісті жұмыстар аяқталғанға дейін аталған қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Ақжар, Шұғыла, Тастыбұлақ, Таужолы, Жайлау, Қарғалы, Құрамыс, Таусамалы шағынаудандарында 149,6 шақырым су құбыры және 74,8 шақырым кәріз желілерін төсеу және Қарғалы өзенінде сүзгі станциясының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстар толық аяқталғаннан кейін ауданның 70 мың тұрғыны таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Ағымдағы жылдың басынан бастап қала басшысы ауданымызға тұрақты түрде келіп тұрды, онда «Қарғалы» өзеніндегі сүзгі станциясының, «Ақжар», «Тастыбұлақ», «Құрамыс» шағын ауданындағы су құбыры желілерінің, сондай-ақ, Абай даңғылының құрылысы мен тағы басқа жұмыстарды жіті бақылауында ұстап отырады.
Сонымен қатар, қала әкімінің тапсырмасы бойынша аудан тұрғындарының демалуы үшін көптеген қоғамдық кеңістіктер мен орындарды құру үшін Шұғыла шағынауданы мен Қалқаман шағынауданында әкімшілік орталықтың алдында саябақтар ашылып, Қарғалы өзенінің жағалауын абаттандыру жоспарлануда.
Электр жарығымен қамтамасыз ету. 512 трансформаторлық қондырғы станциялардың 308-і жеке меншікте, 2020 жылы Шұғыла, Ақжар, Таусамалы, Қарағайлы шағынаудандарында 123 шақырым желілері бар 54 трансформаторлық қосалқы станциялар бар, оларға бірнеше рет шағымдар келіп түскен және үздіксіз сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылы бұған дейін 20 бірлік Трансформаторлық Қондырғы беру жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда 29 Трансформаторлық Қондырғы және 111,2 шақырым электр желілерін иесіз деп тану туралы сот шешімі бар. Сондай-ақ энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасы «АЖК» АҚ-да одан әрі ұстау және қызмет көрсету үшін қаулы дайындауда.
Енді мен ауданның инфрақұрылымдық дамуына тоқталайын. Бірінші, жолдар бойынша.
Ағымдағы жылы орташа жөндеу жұмыстарымен жалпы ұзындығы 29 көше (19 шақырым), соның ішінде, шағын аудан қамтылып, толық көлемде асфальттау аяқталды. «Тастыбұлақ» шағынауданында жалпы ұзындығы 18 көше (13 шақырым) жөнделді (желі төселгеннен кейін қалпына келтіру).
Ауданда барлығы 348 көше бар (289 шақырым). Асфальтталған көшелердің үлесі 85% құрайды. Инженерлік желілердің (су құбыры, кәріз) құрылысы аяқталғаннан кейін барлық көшелерді асфальттау жоспарлануда.
Жыл басынан бері 28 000 м2 астам шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 180 құдық қақпағы пен тор көтерілді.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында төрт жолақты қозғалыспен екі бағыттағы ұзындығы 2 шақырымды құрайтын Алатау көшесін тесу жүзеге асырылды. Қонаев көшесін кеңейту аяқталды. Абай даңғылын тесу жалғасуда.
Екінші, жаяу жүргіншілер жолдары.
Ұзындығы 114 шақырымды құрайтын (39%) 100 көше тротуармен қамтамасыз етілген.
Биыл ұзындығы 9 шақырым болатын 13 көшеге тротуар салынды.
Үшінші, арық желілері.
«Бюджетке қатысу» жобасы бойынша 5 көшеде арық желілері салынды (80 көшеде – 81 шақырым). Сонымен қатар, 34 көшеде арық желісінің құрылысы басталды.
Төртінші, ол - сыртқы жарықтандыру.
Қала басшысының тапсырмасы бойынша ауданның 312 көшесі толығымен жарықтандырылды, ағымдағы жылы «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша баубақша серіктестік көшелерініңің 6 көшесі мен 47 жаяу жүргіншілер өткелі жарықтандырылды.
Сонымен қатар, білім беру және денсаулық сақтау басты назарда болып табылады.
Сапалы білім беру және орын тапшылығын жою үшін Қалқаман шағынауданында 1500 және 1800 орындық 2 мектептің құрылысы басталды. Ақжар және Таусамалы шағы аудандарында 120 орындық 2 балабақшаның құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, Ақжар және Рахат шағынаудандарында екі жекеменшік мектеп ашылды.
Құрамыс шағын ауданында 500 орындық емхана, Ақжар шағын ауданында 200 орындық отбасылық-дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда.
Мәдениет пен өнерге қатысты. Әкімшілік кешен жанынан инновациялық өнер орталығының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда. Құрылыстың басталуы - 2022 жылғы II тоқсан.
ІV. Қала тұрғындарын әлеуметтік қолдау
Әлеуметтік қамсыздандыру мәселесіне жеке тоқталайын.
Халықтың әлеуметтік осал топтары мәселесі өзекті болып қалуда. 11154 адам кепілдендірілген әлеуметтік көмек алады (АӘК - 1713, тұрғын үй көмегі - 181, ГСП - 3169, ЕСП - 651, СГП - 1056, балаларға жәрдемақы-4384).
Ағымдағы жылы 3300 – ден астам жаңа жұмыс орны құрылды, 2274 адам жұмысқа орналастырылды (қоғамдық жұмыс– 690, әлеуметтік жұмыс орындары – 89, жастар практикасы-116), 153 адам 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде грант алды. Жалпы, ағымдағы жылы аудан аумағында шамамен 7 мыңға жуық жұмыс орны құрылып, шамамен 120 жаңа жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз.
ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫН ЖОБАЛАР:
- Қалқаман шағынауданында 1800 орындық мектептің құрылысы (аяқталу мерзімі: 2021 жылғы желтоқсан айы);
- Қалқаман шағынауданында 1500 орындық мектептің құрылысы (аяқталу мерзімі: 2022 жылғы маусым айы);
- Ақжар шағынауданындағы № 186 мектепке қосымша ғимарат құрылысы (аяқталу мерзімі: 2021 жылғы желтоқсан айы);
- Қарғалы шағынауданында «Зерде» жеке меншік мектебінің құрылысы (аяқталу мерзімі: 2022 жылдың 2 тоқсаны);
- №7 Қалалық клиникалық ауруханасы қабылдау бөлімшесінің құрылысы жүргізілуде;
– Шұғыла шағынауданындағы №36 қалалық емхана аумағында модульдік КТ-орталығын орнату басталды;
- Аудан бойынша 16 мекенжай бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы басталды.
ЖОСПАРЛАНҒАН ЖОБАЛАР:
- Шұғыла шағынауданында 1200 орындық мектеп салу (Алма сити-5, Qazaq stroy – тұрғын үй кешендеріне арналған);
- Шұғыла шағынауданында 1500 орындық мектеп салу (Нұрлы дала, BazisA – тұрғын үй кешендеріне арналған) жоспарлануда;
- Құрамыс шағынауданында 6,3 га жер учаскесінде 1200 орындық мектеп салу үшін Жобалық Сметалық Құжаттаманы әзірлеу басталды;
- Осы жерде 320 орындық балабақша салу салу үшін Жобалық Сметалық Құжаттаманы әзірлеу басталды;
- Шұғыла шағынауданында 320 орындық балабақша (Виват Ғимараты) құрылысына ЖСҚ әзірленуде;
- Ақжар шағынауданында 320 орындық балабақша құрылысы басталды;
- Қалқаман шағынауданында 240 орындық балабақша құрылысына ЖСҚ аяқталуда;
- №15 санаторлық-мектеп интернаты қайта жаңартылып, мектеп аумағында 120 орындық балабақша құрылысы қарастырылған. Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың II тоқсанына жоспарланған.
Мен, Сіздерге алдағы атқарылатын негізгі жұмыстарды ғана қысқаша атап өттім, алдағы уақытта атқаратын ауқымды істер көп.
Құрметті ағайын, бұл ең өзекті мәселелердің бірі ғана. Басқа да сұрақтарды шешу үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Осы қарқынымыздан таймай, арықарай да үлкен жетістіктерге жете берейік!
Енді сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын.