Наурызбай ауданының 2021 жылғы I жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

Құрметті брифингке қатысушылар!

Наурызбай ауданының 2021 жылғы I жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндамаға көшуге рұқсат етіңіздер.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевтың тікелей тапсырмасына орай, аудан әкімдігінің негізгі жұмыс бағыты - ауданымыздың тұрғындарын толғандыратын ең өзекті мәселелерді шешу болып табылады.

Бірінші кезекте, халықтың тұрмыс-тіршілігінің деңгейін арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру, жаңа нысандар салу және ауданға инвестициялар тарту. Екіншіден, инженерлік, транспорттық, тұрғын-үй және әлеуметтік мәселелерді шешу. Үшіншіден, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғаммен ашық диалог құру.

 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ АУДАНҒА КЕЛУІ.

Қала әкімі Бақытжан Әбдірұлының «Жаңа Алматы» мегаполисін дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыруды жалғастырамыз.

Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылында қала басшысы ауданымызға келіп, өндірістік парк жұмысымен, «Қарғалы» өзеніндегі су сүзгілеу стансасымен, «Ақжар» ықшам ауданының су жүйелерінің құрылысымен, Абай даңғылы мен «Тастыбұлақ» ықшам ауданына жол төсеу жұмыстарымен танысып, өзге де әлеуметтік нысандардың құрылыстарының қарқынды дамуы бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар, тұрғындар үшін көптеген демалыс орындары мен алаңдарын көбейтіп, жасыл желекті аймақтарды кеңейтудің маңыздылығын атап айтты.

Яғни, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруды жақсарту үшін жұмыстарды жалғастырамыз.

ВАКЦИНАЦИЯ.

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен жалпыхалықтық вакцинациялау басталды. Алматы қаласы бойынша 725 мыңнан аса адамға вакцина салынған болса, Наурызбай ауданы бойынша 50 мыңға жуық тұрғындарымыз екпе қабылдады. Бүгінгі күнде 6 мекен жайда (№7 Қалалық аурухана, №26, №27, №36 – Қалалық емханаларда вакцина салуға мүмкіндік бар, 10 пункте 20 тұрақты  және 5 жылжымалы бригада қызмет етеді. Қосымша 2 мектеп пен Таусамалы базары мен Халыққа қызмет көрсету орталығында вакцинациялау пунктері резервте тұр.

Экономикалық өсімге қысқаша тоқтала кетсем.

Аудан экономикасының барлық салаларында оң серпіліс бар.

Өндіріс көлемінің 4,3 млрд. теңгеге өсуі себебінен (2020 – 3,1 млрд.тг.) салықтық түсімдер 161 пайызға көбейіп, 9,4 млрд. теңгені құрады.

Ағымдағы жылдың 6 айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 48.7 млрд.теңгеге жетті. Кәсіпкерлікпен айналысатын субъектілер саны – 7559 жетті (2020 - 6846). 2021 жылдың 1 жартыжылында 42 көп қабатты үй пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 4500 асатын пәтері бар 100 көп қабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.

Біз үшін шешімін табуы тиіс ең бірінші кезектегі өзекті мәселе – ол аудан тұрғындарын 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз ету.

Таза ауыз сумен қамтылғандар – 30 пайыз ғана, қалған 70 пайызы ашық су тоғандары мен жеке ұңғымалардың суын пайдаланып келеді. Ия, жаз айларында су тапшылығы орын алады, ол кездері біз арнайы техникалармен ауыз суды үздіксіз тасып беріп отырамыз. Тиісті жұмыстар аяқталғанша аталған қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Ақжар, Шұғыла, Тастыбұлақ, Таужолы, Жайлау, Қарғалы, Құрамыс ықшам аудандарында 122 шақырым су жүйесі және 85 шақырым кәріз құбыры жұмыстары мен Қарғалы өзеніндегі су өңдеу стансасы құрылысы тоқтаусыз жүргізілуде. Жұмыстар толық аяқталғаннан кейін, 70 мың аудан халқы таза ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Ал, электроэнергиясымен қамтамасыз ету мәселесіне келетін болсақ.

512 трансформаторлық қондырғылардың 308 жеке меншікте болса, өткен  жылы шағым көп түскен Шұғыла, Ақжар, Таусамалы, Қарағайлы ықшам аудандарындағы 123 шақырым желілері бар 54 трансформаторлық қондырғы, осы жылы 24 трансформаторлық қондырғылар мемлекет теңгеріміне өтіп, сапалы электр жарығымен қамтамасыз ететін болады.

Ендігі кезекте ауданның инфраструктуралық дамуына тоқталсам. Бірінші, жол мәселесі.

Абай даңғылын тесу (147 участок: 74 участок жұмыс барысында), Алатау көшесін Райымбек даңғылына дейін ұзарту, Қонаев көшесін кеңейту жұмыстары жалғасуда.

126 көшеге 11.270 шаршы метр құрайтын ағымдағы жөндеу жүргізілді. Және Тастыбұлақ шағынауданы мен 35 көшеге орта жөндеу жүргізіліп, асфальт төселетін болады. Қарағайлы шағын ауданындағы Тәжиев көшесінің көпір өткелі пайдалануға берілді.

Екінші, тротуар мәселесі.

12 шақырымды құрайтын 16 көшеге тротуар салынатын болады (100 көшеде – 114 км.).

Үшінші, арық салу мәселесі.

«Бюджетке қатысу» жобасы бойынша 5 көшеге арық құрылысы жүргізілуде (80 көшеде – 81 км.). Сонымен бірге, 34 көшеге арық салуға Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасына өтінім жолданды.

 Төртінші, жарықтандыру мәселесі.

Қала басшысының тікелей тапсырмасымен аудандағы барлық 312 көше толық жарықтандырылып, 6 баубақша серіктестігін жарықтандыру жоспарымызда бар.

Сондай-ақ, көріктендіру де басты назарымызда.

Аудан тұрғындарына деген қоғамдық кеңістік пен демалыс орындарын көптеп ашу үшін Шұғыла шағын ауданындағы әкімшілік орталық алдына саябақ, Қалқаман ықшам ауданында саябақ ашу, Қарғалы өзенінің бойын абаттандыру жұмыстары басталмақ.

«БЮДЖЕТКЕ ҚАТЫСУ» жобасы қала тұрғындарының ең белсенді талқылайтын бағдарламасы болды.

Аз уақытта түйіні тез шешілетін жобаға – 100 аса ұсыныстар түсіп, 50 жоба мақұлданды. 18 жерде балалар мен спорт алаңдары салынып, 17 мекенжайда көшелер, парктер, тротуарлар жүргізілуде, ал қалған 15 жобада арық, жарықтандыру, аялдамаларды абаттандыру және тағы басқа жұмыстар іске асырылуда.

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК.

Қоғамдық көліктің 21 бағыты жұмыс істейді.

Байзақ батыр, Ақтамберді жырау, Жүнісов, Кенжетаев, Жақыбаев көшелерін қамти отырып, № 104 а маршруттарының схемалары өзгертілді.

Әлеуметтік қамсыздандыру – мәселесіне жеке тоқталсам.

Әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарымыздың жағдайы басты назарымызда. Кепілдендірілген әлеуметтік көмекті 3325 адам алды.

2021 жылғы бірінші жартыжылдықта 2157 жаңа жұмыс орындары құрылып, 520 жуық жұмыссыздар қоғамдық жұмысқа жіберілді. Жалпы, ағымдағы жылы аудан аумағында 7 мыңға жуық жұмыс орнын қамтамасыз ете отырып, шамамен 120 жаңа жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз.

Денсаулық сақтау саласына келсем. Жаңадан салынған 4 емханамен қатар, Құрамыс ықшам ауданында 500 орындық емхана, Ақжар ықшам ауданында 200 орындық жанұялық-дәрігерлік амбулаториясын салу және халық шет тұратын аймақтарды мобильді амбулатория ашу жоспарлануда.

Білім беру саласына келсем. Сапалы білім беру мен мектептердегі орын тапшылығын жою үшін Қалқаман ықшам ауданында 2 мектеп, Қарағайлы ықшам ауданында бір мектеп, Ақжар және Таусамалы шағынаудандарында 120 орындық 2 балабақшаның құрылысы аяқталды, Қалқаман, Қарағайлы, Шұғыла ықшам аудандарында 3 бала бақша құрылыстары басталмақ.

Мәдениет пен өнер саласына келсек. Аудандық әкімшілік орталық жанынан Инновациялық өнер орталығы, Таусамалы ықшам ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған музыкалық мектеп, 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жұмыстарын жүргізу жоспарда.                

Халық санағына қатысты.

Халық санағының I кезеңі шеңберінде (1-30 маусым аралығында) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды аралау аяқталды, нәтижесінде базаға планшеттер арқылы 158 595 адам тұратын 66 938 объект енгізілді, I кезеңді орындау нәтижесі 119% - ды құрайды (аудандар арасында 2-орын).

Халық санағының II кезеңіне дайындық шеңберінде (1-31 қазан аралығында) бүгінгі күні санақ учаскелерін кадрлар іріктеу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша жұмыс басталды, аудан картасы өзектендірілді.

ІСКЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖОБАЛАР:

- Қалқаман шағынауданындағы 1500 және 1800 орынға арналған 2 мектептің құрылысы басталды, Ақжар шағынауданындағы №186 мектепке қосымша құрылыс ғимараты аяқталуда;

- Қарғалы және Ақжар ықшам аудандарында 2 жекеменшіктік мектептер салынуда;

- Ақжар шағын ауданында 6 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізілуде;

-  №7 ҚКА қабылдау бөлімі құрылысы жүргізілуде;

- 16 мекенжайда көп қабатты тұрғын үй құрылыстары басталды.

ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫРҒАН ЖОБАЛАР:

- Шұғыла шағынауданында 1200 орындық мектеп құрылысын бастау;

- Қарағайлы шағынауданында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын емхана салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу;

- Ақжар шағынауданында отбасылық дәрігерлік амбулатория құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу;

- Қалалық жайлы орта басқармасына рәсімделген Құрамыс шағынауданындағы 6,3 га жер учаскесінде 1200 орынға арналған мектеп пен 320 орындық балабақша салу;

- Шұғыла шағынауданында 3,9 га жер учаскесінде орналасқан № 15 мектеп-интернатын сейсмикалық күрделі жөндеу және оны балабақша салу;

- Денешынықтыру-сауықтыру кешені, кітапхана және саябақ аймағын салу;

- «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ресімделген Ақжар шағынауданында ауданы 0,5 га жер учаскесінде мүмкіндігі шектеулі балаларға да арналған музыка мектебін салу;

- Шұғыла шағынауданында жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу орталығын ашу;

- Шұғыла шағынауданында мектеп жасындағы балаларға арналған 675 орындық инновациялық шығармашылық орталығының құрылысы;

- Ақжар және Шұғыла шағынаудандарында 320 орындық балабақша құрылысы

- Қалқаман шағынауданында 240 орындық балабақша құрылысы.

Өздеріңізге 2021 жылғы 1 жартыжылда атқарылған және алдағы уақытта жоспарланып отырған жұмыстар туралы қысқаша ғана баяндап өттім.

Құрметті ағайын, бұл ең өзекті мәселелердің бірі ғана. Басқа да сұрақтарды шешу үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Осы қарқынымыздан таймай ары қарай да үлкен жетістіктерге жете берейік!

Назарларыңызға рахмет!

Дата публикации
06 августа 2021