Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің 2021 ж. 9 айында атқарылған жұмыс есебі

Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің 2021 жылдың 9 айында атқарған жұмыстарының есебі

2021 жылы Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Наурызбай ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 7 отырысы өткізілді.

Алматы қаласында Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабының 4 отырысы өткізілді.

2021 жылдың 9 айында аудан әкімінің аппараты сыбайлас жемқорлықтың алдыналу және оның алдын алудың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында онлайн форматта 30 іс-шара ұйымдастырды, оның ішінде: 2 мемлекеттік мекеме, 8 медициналық ұйым, 10 мектеп, 10 пәтер иелері кооперативі.

Сондай-ақ әкім, әкім орынбасарлары, әкім аппаратының басшысы, бөлім басшылары апта сайын аудан аумағын аралау, халықпен кездесулерді ресми интернет-ресурсында ақпараттарды жариялай отырып, жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау өткізеді.

Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің қызметкерлері Наурызбай аудандық полиция басқармасымен бірлесіп, "Жүк автомобильдерінің қозғалысына тыйым салынады", "тоқтауға тыйым салынады" жол белгілерін ескермейтін автокөлік жүргізушілерін анықтау мақсатында аудан бойынша рейдтер жүргізуде. Жыл басынан бері 40-тан астам автокөлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы қаласының атқарушы, құқық қорғау және арнайы органдарының деструктивті діни ағымдарға бейім тұлғаларды анықтау бойынша өзара іс-қимыл меморандумын іске асыру барысында Наурызбай ауданында 2021 жылдың басынан бері 511 адам анықталды.

Наурызбай ауданында өз бетінше иеленіп алынған жер учаскелерін анықтау жөніндегі жұмыс тобы 68 жер учаскесін тексерді, қазіргі уақытта Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасына жіберу үшін материалдар дайындалуда.

Аталмыш бөлім аудан Әкімі аппаратының мүддесін белгіленген тәртіпке сәйкес сотта, сонымен қатар басқа да мемлекеттік органдарда аудан Әкімі аппаратының құқықтық мәселесіне қатысты сұрақтары бойынша мүддесін қорғайды.

Есептік кезеңде бөлім қызметкерлері Наурызбай ауданы Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және қабылдау, оларға куәлік беру жөніндегі арнайы комиссияның жұмысына қатысады.

Наурызбай ауданының бірінші басшысына айсайын тіркелген құқық бұзушылықтар саны және оларды ашу бойынша жиынтық ақпарат беріліп отырады.

Дата публикации
21 октября 2021