Электрондық құжат айналымының 9 айлық есебі

2021 жылдың 9 айы бойынша электрондық құжат айналымы туралы ақпарат

 Жалпы құжат айналым

Наурызбай ауданы әкімінің аппаратына 2021 жылдың 9 айы бойынша
4583 – кіріс хат-хабар, оның ішінде: 202 – заңды тұлғадан, 1326 - жеке тұлғадан,
16 – директивтік, 56 ұйымдастырушылық-өкімдік, 2983 – қызметтік құжат келіп түсті. Шығыс хат-хабар – 6144, оның ішінде: 202 - заңды тұлғадан, 1326 – жеке тұлғадан,
56 – ұйымдастырушылық-өкімдік, 2898 – қызметтік, 1662 – бастамашыл құжат. Жалпы құжат айналымы – 10727 құрайды.

2021 жылдың 9 айы бойынша Наурызбай ауданы әкімі аппаратындағы жалпы құжат айналым 10727 хат-хабарды құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,6 %-ға көп (2020 ж.- 7118 құжат айналымды құрады).

Жеке және заңды тұлға өтініштері

Аудан әкімінің аппаратына 2021 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғадан 1528 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда
19,5 %-ға көп (2020 ж. – 1230 өтініш келіп түскен).

Жеке және заңды тұлға өтініштерінің барлығы – 1528, оның ішінде 125 – қанағаттанарлық, 568 - түсініктеме берілді, 835 – басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілді, бас тартылған – жоқ.

Азаматтардың өтініштерінің басым көпшілігі коммуналдық-шаруашылық мәселелері - 698, әлеуметтік қамтамасыз ету - 178, көріктендіру - 123, жол және жаяу жүргіншілер жолын жөндеу - 45, жер мәселесі – 44, қоғамдық көлік – 40, ҚТҚ шығару жөнінде – 25, және де басқада мәселелер – 375.

Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты өтініштерде көрсетілген мәселелерді шешу үшін және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша бұзушылықтарды болдырмау мақсатында барлық қажетті шараларды қолдануда.

Қызметтік хат-хабар

Сондай-ақ аудан әкімінің аппаратына 2021 жылдың 9 айында
2983 қызметтік хат-хабар келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 62,3 %-ға көп (2020 ж. – 1123 қызметтік хат-хабар келіп түскен).

Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар

Аудан әкімінің аппаратына 2021 жылдың қаңтар және қыркүйек айында                         56 - ұйымдастырушылық құжат келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 64,7 %-ға аз (2020 ж. – 159 ұйымдастырушылық құжат келіп түскен).

Азаматтарды қабылдау

«Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарында жеке тұлғалардың және заңды тұлға өкілдерінің қабылдауын ұйымдастыру туралы» ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 974 қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімі және әкім орынбасарлары жеке қабылдауында жалпы 45 қабылдау өткізілді (342 адам), оның ішінде: аудан әкімі – 27 қабылдау (208 адам), оның орынбасарлары – 18 қабылдау (134 адам).

Өтініштерден оң шешілгені – 86, түсініктеме берілгені - 200, басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілгені - 140.

Open Almaty

«Open Almaty» Алматы қаласының қоғамдық қабылдауынан 2021 жылдың 5 қаңтары мен 30 қыркүйек аралығында 156 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,5%-ға көп. (2020 ж. – 71 өтініш келіп түскен). Қазіргі уақытта 156 өтініш қаралып, жауаптары «Open Almaty» Алматы қаласының қоғамдық қабылдауына және өтініш иелеріне жолданған.

 

 

Дата публикации
20 октября 2021