2021 жылы Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясы КММ тарапынан Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты КММ 2020 жылғы «Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жеке мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының төтенше жағдай кезеңінде бюджет қаражатын қаржыландыруының және мақсатты пайдалануының негіздемесі» аудиторлық тексеру жүргізілді.
Тексеру нәтижесінде, жалпы сомасы 1 083,5 мың тг. болатын қаржылық бұзушылық анықталды.
Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясы КММ 2021 жылғы 30 маусымдағы №11 ұйғарымына сәйкес, жауапты маманға тәртіптік жаза қолданылды. Сонымен қатар, ұйғарымда анықталған соманы 2021 жылғы 4 тамызына дейін мемлекет кірісіне қайтаруға қатысты, 854,3 мың теңге қайтарылып, қалған 229,2 мың теңге балабақшаның аудиторлық есеппен келіспеуіне байланысты, Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз жолданды.
Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясы КММ 2021 жылғы 4 тамыздағы №06-19-1094 хатының негізінде, сот дауларының орын алуына байланысты, қалған соманы 2021 жылғы 30 қарашаға дейін қайтару мерзімі ұзартылды.