Наурызбай ауданы бойынша қылмыстық сот төрелігі моделінің 2021 ж.6 айдағы жұмысының нәтижелері
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылы 31-желтоқсаннан бастап қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын күшейтуге бағытталған қылмыстық сот төрелігінің үш буынды моделі іске асырылуда. Басты мақсат – заңның үстемдігін, әділдікті және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Модель барлық негізгі процессуалдық шешімдерді прокурордың, яғни тәуелсіз тараптың бекітуі мен келісуін білдіреді. Жұмыс нәтижелері қылмыстық сот төрелігінің осы моделінің тиімділігін толыққанды көрсетіп отыр. Мысалы, 2021-жылдың жартыжылдығында Наурызбай ауданында азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тарту, соттармен ақтау, сондай-ақ соттардың қылмыстық істерді қосымша тергеуге жіберу фактілеріне жол берілген жоқ. Жыл басынан бері аудан прокуратурасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының 2 мыңнан астам негізгі процестік шешімі бекітіліп, келісілді. Бұл орайда 100-ден астам шешім келісу мен бекітуден бас тартылды, бұл прокуратура органдарының сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының негізсіз және заңсыз шешімдеріне мезгілімен белгілі шара қолдануларын анықтайды. Аталмыш бағыттағы нәтижелі жұмыстар оданәрі жалғасын табуда және тұрақты түрде бақылауда.
Дереккөз – Наурызбай ауданы әкімінің аппараты @ Көшіру кезінде дереккөз сілтемесін пайдаланыңыз.
Наурызбай ауданының прокуратурасы