Көріктендіру бөлімінің 2021 жылдың II жартыжылдық есебі
Аудан аумағының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында мердігер ұйымдардың басшыларымен елді мекендердің тазалығы бойынша комиссиялық шығау жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, Алматы қаласының санитарлық тазалығы және көріктендіру бойынша штабының хаттамасы негізінде, Алматы қаласы Тұрғын үй басқармасының аудандық аумағындағы санитарлық тазалау және көріктендіру жөнінде ескертпелері бойынша апта сайын жұмыстар атқарылуда.
2021 жылғы жасалған келісім шарттың сәйкес «НФК Групп» ЖШС, «Стамп сервис» ЖШС медігер ұйымдары, шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК-ы «Алматы тазалық» күшімен қалалық, аудандық және жергілікті мәні бар көшелерде тазалық жұмыстары атқарылып, келесі жұмыс түрлері орындалды:
-қарды күреу және сыпыру жұмыстары;
-жол шетін және жаяужолды көк тайғаққа қарсы материалдармен себу;
-аумақты тазарту;
-механикалық сыпыру жұмыстары;
-қоқыс сауыттарын дизенфекциялау және тазалау;
-қар, қатты тұрмыстық қалдықтарды және басқада қалдық түрлерін тиеу және шығару;
Алматы қаласының әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың басынан бастап аудан аумағында тұрғындары мен мердігер ұйымдардың қатысуымен 20 желілік сенбілік өткізіліп, 153 м3 қоқыс полигонға шығарылды. Сонымен қатар, Қарғалы өзенін тазарту және тереңдету жұмыстары барысында 365 м3 қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
Аудан аумағында сыртқы жарық жүйесінің бағандарын орнатуды қажет ететін көшелердің түгендеу жұмыстары жүргізілді. «АлматыҚалаЖарық» МКК бірлесіп кемшіліктерді түзету, жанбайтын шамдарды мен ақауы бар желілерді ауыстыру және жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Жолдың жаңа құрылысы мен орташа жөндеуді талап ететін, арық жүйесі мен жаяу жүргіншілер жолының жаңа құрылысын талап ететін көшелерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Анықтау жұмыстарының нәтижесі бойынша көшелердің тізімі 2021 жылдың жұмыс жоспарына қосу үшін тиісті басқармаларға жолданды. Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасының тапсырысымен «Конфорс» ЖШС-мен ағымдағы жол жөндеу жұмыстары басаталды.
Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасымен бірлесіп, ағаш отырғызуға және ауданды гүлмен әсемдеп безендіруге орындарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасымен Наурызбай ауданының аумағында «Конфорс» ЖШС мердігерлік ұйымымен жалпы ауданы 9000 ш. м. жолдарға ағымдағы (шұңқырлы) жөндеу жүргізілді, сондай-ақ «ДСУ-13» ЖШС мердігерлік ұйымдарымен жалпы ұзындығы 4 шақырым 4 көшеге көше-жол желілеріне орташа жөндеу жүргізілді.
Бүгінгі күні «ДСУ-13» ЖШС, «Алонс» ЖШС мердігерлік ұйымдарының күшімен Айбергенов, Қадыржанов, Сыпатай батыр және ш / а Тастыбұлақ көшелеріндегі көше-жол желілерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде..
«Green dream» ЖШС мердігер ұйымымен жалпы ауданы 6126 м2 болатын Әшімов, Рысқұлов, Жандосов және Қонаев көшелерінде көп жылдық гүлдер отырғызылды.
Аудан аумағында 2380 дана жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды.
2021 жылы аудан аумағында ағаштарды кесу және санитарлық кесу жұмыстарын жүргізу мақсатында бөлім тарапынан осы жұмыс түрлерін орындауға тұрғындардан өтініштерді қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері «Stamp Service» ЖШС мердігерлік ұйымымен 7 дана санитарлық кесу, 3500 дана санитарлық қырқу және 409 дана Әшімов көшесінде формалық кесу жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, «Бюджетке қатысу» бағдарламасы бойынша 50 жобаны іске асыру бойынша жұмыстар басталды.