Экологияны және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің есебі

Экологияны және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің  атқарылған жұмыстары бойынша 2 тоқсан есебі

  1. Наурызбай аудандық Қоршаған ортаны және экологияны қорғау бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен және Алматы қаласының «Құтқару қызметінің» жұмысшыларының қатысуымен Қарғалы өзенінің бойын қаардан, мұздан және қоқыс қалдықтарынан тазарту жұмыстары өткізілді. Іс-шараға 7 арнайы техника мен 30 жұмыс күші жұмылдырылды. Нәтижесінде шамамен 30,7 м3 қоқыс қалдықтары қоқыс полигонына шығарылды.
  2. Мердігер мекемесі бойынша: Шұғыла шағын ауданының арықтары, жолдары қоқыстан тазаланбауына байланысты, «Алғабас» ЖК төрағасына  әкімшілік хаттама толтырылып, «Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесіне» сәйкес түсініктеме жұмыстары жүргізілді.
  3. Ауданымыздағы заңды тұлғалармен жұмыс бойынша: күнделікті Райымбек даңғылындағы, Қонаев, Жандосов т.б. көшелеріндегі заңды тұлғаларға тиесілі іргелес аумақтары және көлік тұрақтарының қоқыстан тазалануы туралы ауданымыздың табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерімен бірлесе отырып түсінік жұмыстары жүргізіліп, өрескел құқық бұзушыларға тиісті шаралар қолданылып, хаттамалар толтырылуда.

«Алматы қаласының жасыл екпелерін күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларын бекіту туралы» және  «Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесіне» сәйкес салынған айыппұлдар туралы атқарылған жұмыстары мәліметі (01.04.2021ж. – 30.06.2021ж.)

 

Атауы

Хаттамалар саны / АЕК / соммасы

1

№ 505-ші бапка сәйкес толтырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар:

- қоқыс шығаратын мекеме

 

 

1 хаттама

30 АЕК / 87 510 тг.

3

- мердігер ұйымдары

1 хаттама

20 АЕК / 58 340 тг.

4

- жеке тұлғалар

212  хаттамалар

390 АЕК / 1 370 6300 тг.

(оның ішінде 193 - ескертулер)

 

5

- заңды тұлғалар

7 хаттамалар

20 АЕК / 58 340 тг.

(оның ішінде 6 - ескертулер)

6

- жасыл желектер бойынша

 

21 хаттама

105 АЕК / 306 285 тг. 

(оның ішінде 14 - ескертулер)

7

Рәсімделген хаттамалар

 

242  хаттамалар

(оның ішінде: 29 айыппұлдар,

              213 - ескертулер)

565 АЕК  (соммасы: 1 648 105 тг.)

Дата публикации
07 июля 2021