Мемлекеттік-құқықтық бөлімі атқарған жұмыс есебі

2021 жылдың 2 тоқсанында мемлекеттік-құқықтық бөлімінің атқарған жұмыс есебі

2021 жылдың 2 тоқсанында Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Наурызбай ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2 отырысы өткізілді.

Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің қызметкерлері Наурызбай аудандық полиция басқармасымен бірлесіп "Жүк автомобильдерінің қозғалысына тыйым салынады" және "тоқтауға тыйым салынады" жол белгілерін ескермейтін автокөлік жүргізушілерін анықтау мақсатында аудан бойынша рейдтер жүргізуде. Жыл басынан бері 30-дан астам автокөлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы қаласының атқарушы, құқық қорғау және арнайы органдарының деструктивті діни ағымдарға бейім тұлғаларды анықтау бойынша өзара іс-қимыл меморандумын іске асыру барысында Наурызбай ауданында 2021 жылдың 2 тоқсанында 191 адам анықталды.

Ауданда өз бетінше иеленіп алынған жер учаскелерін анықтау жөніндегі жұмыс тобы 39 жер учаскесін тексерді, қазіргі уақытта Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасына жіберу үшін материалдар дайындалуда.

Бөлім ұдайы аудан Әкімі аппаратының мүддесін белгіленген тәртіпке сәйкес сотта, сонымен қатар басқа да мемлекеттік органдарда аудан Әкімі аппаратының құқықтық мәселесіне қатысты сұрақтары бойынша мүддесін қорғайды.

Наурызбай ауданының әкіміне күнделікті тіркелген құқық бұзушылықтар саны және оларды ашу бойынша жиынтық ақпарат беріледі.

Дата публикации
08 июля 2021