Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің жартыжылдық есебі
2021 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша аудандағы салық түсімдерінің сомасы 9,1 млрд. теңгені құрады, жоспардың орындалуы 121%. Өткен жылғы сәйкес кезеңге өсімі 163%. Оның ішінде: республикалық бюждетке 3,8 млрд. теңге, жергілікті бюджетке 5,3 млрд. теңге.
2021 жылғы қаңтар-мамырдағы өндіріс көлемі 3,7 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 109,0% пайызды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 33,7 млрд. теңге соммасын құрады, өткен жылғы сәйкес кезеңге 111,6%.
Бөлшек сауда айналымының көлемі 3,3 млрд теңгені құрады, көтерме сауда көлемі 1,67 млрд. теңге.
Шағын және орта кәсіпорындарының саны- 9 628, жұмыс істейтіндер- 7456.
Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай мемелекеттік бағдарламалары
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша 495 млн теңгеге 42 жоба мақұлданды.
«Almaty business-2025» бағдарламасы аясында «Айнар-Кенсе» ЖШС-нің кецсе құралдарын жасау бойынша жобасы 70 млн теңгеге 2 % жеілдетілген несие алды.
Сондай-ақ, кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің мамандарымен күнделікті түрде барлық мүдделі шағын және орта бизнес субъектілеріне кері байланыс арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы жаңа нысандар
Ағымдағы жыл басынан бері шағын және орта бизнес саласында инвестиция көлемі 890 млн. теңгені құрайтын 3 нысан ашылды.
Қоғамдық көлік
Қазіргі таңда, аудан аумағында 21 бағытта қоғамдық көлік қызмет көрсетеді.
№104 А маршруттың схемасы Байзақ батыр және Ақтамберді жырау көшелерін қамту арқылы өзгертілді.
Аудан аумағында бар жалпы 124 аялдама бекеттерінің, 94-і 2016-2018 жж. жаңадан орнатылды. 2019 жылы 15 жаңа аялдама орнатылды.
Ағымадағы жылы 43 аялдама конструкциясын орнату жоспарланған.
Жол белгілері мен таңбалары
«СМЭУ» ЖШС мердігер компаниясымен 12 жол белгісі орнатылып, 11 қайта қалпына келтірілді, 60 «жаяу жүргіншілер өткелі» жол таңбасы жаңартылды.
Аудан аумағында 5 мыңнан астам жол белгісі бар.
Ағымдағы жылы Жандосов-Дәулеткерей, Жандосов-Карьерная көшелерінің қиылысында бағдаршам нысандары құрылысы жоспарлануда.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы мониторингі
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның көтерілу фактілерін болдырмау мақсатында тұрақты негізде ауданда орналасқан сауда кәсіпорындарына бару арқылы баға мониторингі жүргізілуде, сондай-ақ осындай фактілерді болдырмау үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Кәсіпкерлік нысандарының мониторингі
Ауданда карантин режимінің және санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуын анықтау бойынша 4 мониторингтік топ («Атамекен» ҰКП, Жергілікті полиция қызметі, әкім аппараты) жұмыс істеуде.
Ағымдағы жыл басынан бері 270 нысанда бұзушылық анықталды.
178 жеке тұлға және 18 заңды тұлға ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425 бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.