2021 жылдың І жартыжылдығындағы электрондық құжат айналымы ақпараты
Жалпы құжат айналым
Наурызбай ауданы әкімінің аппаратына 2021 жылдың І жартыжылдығында
2985 – кіріс хат-хабар, оның ішінде: 141 – заңды тұлғадан, 860 - жеке тұлғадан,
14 – директивтік, 24 ұйымдастырушылық-өкімдік, 1946 – қызметтік құжат келіп түсті. Шығыс хат-хабар –4010, оның ішінде: 141- заңды тұлғадан, 860 – жеке тұлғадан,
24 – ұйымдастырушылық-өкімдік, 1906 – қызметтік, 1079 – бастамашыл құжат. Жалпы құжат айналымы – 6995 құрайды.
2021 жылдың І жартыжылдығында Наурызбай ауданы әкімі аппаратындағы жалпы құжат айналым 6995 хат-хабарды құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,5 %-ға көп. (2020 ж.- 5098 құжат айналымды құрады).
Жеке және заңды тұлға өтініштері
Аудан әкімінің аппаратына 2021 жылдың І жартыжылдығында жеке және заңды тұлғадан 1001 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда
29,5 %-ға көп (2020 ж. – 705 өтініш келіп түскен).
Жеке және заңды тұлға өтініштерінің барлығы – 1001, оның ішінде 89– қанағаттанарлық, 338 - түсініктеме берілді, 574 – басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілді, бас тартылған – жоқ.
Азаматтардың өтініштерінің басым көпшілігі сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесі - 529, әлеуметтік қамтамасыз ету - 139, көріктендіру - 65, жол және жол жиектерін жөндеу - 25, қоғамдық көлік – 32, ҚТҚ шығару жөнінде – 10, және де басқада мәселелер – 201.
Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты өтініштерде көрсетілген мәселелерді шешу үшін және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша бұзушылықтарды болдырмау мақсатында барлық қажетті шараларды қолдануда.
Қызметтік хат-хабар
Сондай-ақ аудан әкімінің аппаратына 2021 жылдың І жартыжылдығында
1946 қызметтік хат-хабар келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46,4 %-ға көп (2020 ж. – 1042 қызметтік хат-хабар келіп түскен).
Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар
Аудан әкімінің аппаратына 2021 жылдың қаңтар және маусым айында 24 - ұйымдастырушылық құжат келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда77,7 %-ға аз (2020 ж. – 108 ұйымдастырушылық құжат келіп түскен).
Азаматтарды қабылдау
«Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарында жеке тұлғалардың және заңды тұлға өкілдерінің қабылдауын ұйымдастыру туралы» ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 974 қаулысын басшылыққа ала отырып.
Аудан әкімі және оның орынбасарлары жеке қабылдауында жалпы 32 қабылдау өткізілді (225 адам), оның ішінде: аудан әкімі – 17 қабылдау (116 адам), оның орынбасарлары – 15 қабылдау (109 адам).
Өтініштерден оң шешілгені – 58, түсініктеме берілгені - 107, басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілгені - 60.
Open Almaty
«Open Almaty» Алматы қаласының қоғамдық қабылдауынан 2021 жылдың
5 қаңтары мен 30 маусым аралығында 90 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 61,1%-ға көп. (2020 ж. – 35 өтініш келіп түскен). Қазіргі уақытта 90 өтініш қаралып, жауаптары «Open Almaty» Алматы қаласының қоғамдық қабылдауына және өтініш иелеріне жіберілді.