Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің атқарылған жұмысы туралы есебі

2021 жылдың 1 тоқсаны  бойынша мемлекеттік-құқықтық бөлімінің атқарған жұмысы туралы есебі

  • Ақжар шағынауданының тұрғындардың өтінішіне сәйкес Төлебеков көшесінен Бекешев көшесіне дейін жаяу жүргіншілер жолы ашылды.
  • Есептік кезеңде Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Наурызбай ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 6 отырысы өткізілді.
  • Мемлекеттік құқықтық бөлімінің қызметкерлерімен Наурызбай ауданы Полиция басқармасымен бірлесіп, аудан бойынша «Жүк автомобильдерінің жүруіне тыйым салынады» және «Тоқтап тұруға тыйым салынады» жол белгілерін ескермеген автокөлік жүргізушілерін анықтау мақсатында жүргізілген рейдтер аясында жыл басынан бері 30-аса автокөлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
  • Деструктивті діни ағымдарға бейімі бар адамдарды анықтау бойынша Алматы қаласының атқарушы, құқық қорғаушы және арнайы органдарының әрекеттесуі бойынша меморандум шараларын жүзеге асыру барысында, Наурызбай ауданында 2021 жылдың басынан бері 215 адам анықталды.
  • Наурызбай ауданындағы өз бетінше иеленіп алынған жер учаскелерді анықтау бойынша жұмыс тобымен 54 жер учаскесі қаралып, 50 жер учаскесіне Жер комиссиясы оң шешімін берді.
  • Бөлім белгіленген тәртіпке сәйкес жыл басынан бері 17 рет үшінші тұлға ретінде сот процесстеріне қатысты.
  • Бейнебақылау камераларын орнатуды қажет ететін орындардың тізімі жасалып, Алматы қаласы Полиция департаментіне жолданды.

 

Дата публикации
15 апреля 2021