«Алматы қ. Наурызбай ауданы әкімі аппараты» КММ әдеп жөніндегі уәкілінің қызметі туралы есебі

«Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының» КММ әдеп жөніндегі уәкілінің                      2020 жылғы қызметі туралы есебі

Бүгінгі таңда Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген негізгі функция бұл Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережісіне сәйкес қызметтік этика нормаларын сақтау және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен Этикалық кодекс туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтарға кеңес беру болып табылады.

Осының негізінде, Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің өкімімен Наурызбай ауданы әкімінің аппаратындағы әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары аудан әкімі аппаратының басшысына, яғни маған жүктелген.

Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде Мен өз қызметімде Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдарын, Әдеп кодексін, Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ережені басшылыққа аламын.

Әдеп жөніндегі уәкіл туралы мәліметтер әкім аппаратының ресми сайтында, сондай-ақ баршаға көріну үшін әкім аппараты ғимаратының бірінші қабатында тегін, атын, әкесінің атын, фотосуретін, кабинет нөмірін және телефон нөмірін көрсете отырып орналастырылған.

Мемлекеттік қызметшілердің штат саны 40 бірлікті құрайды. Нақты жұмыс істейтіндер-39 қызметкер (оның ішінде 14 әйел, 25 ер адам).

Мемлекеттік қызметке кірген кезде үш күн ішінде біз қабылданған мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің мәтінімен таныстырамыз.

2020 жылы 39 азаматқа жеке консультативтік көмек көрсетілді (жазбаша өтініштер түскен жоқ), оның ішінде 27 мемлекеттік қызметші, 12 жеке және заңды тұлғаларға, қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша 7 семинар өткізілді. Азаматтарды қабылдауды есепке алу журналы бар.

Мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша, атап айтқанда қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары, жария мінез-құлықпен байланысты қызметтік қатынастардағы мінез-құлық, оның ішінде БАҚ-та сөз сөйлеу, бағыныстылармен және әріптестермен мінез-құлық, мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуі, жалпы қабылданған іскерлік стильге сәйкес келуі және басқалар бойынша мемлекеттік қызметшілердің сыртқы келбеті бойынша семинар-кеңестер өткізілді. Бұдан кейін мемлекеттік қызметшілерді жеке қабылдау өткізілді.

Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында уәкілетті орган бекіткен сауалнама парағын толтыра отырып, анонимді сауалнама жүргізілді. Сауалнама қорытындысы ұжымда қызметтік этика нормалары сақталатынын, моральдық-психологиялық ахуалдың оң екенін, сондай-ақ жанжалды жағдайлар жоқ екенін көрсетеді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметте болуына байланысты заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына тұрақты негізде ықпал етемін.

Менің ұсынысым бойынша мемлекеттік органның оң имиджін, сондай-ақ ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан 21 қызметкер марапатталды.

Әкімшілік-мемлекеттік қызметшілерді бос лауазымдарға қабылдау конкурстық негізде және меритократия қағидатын сақтай отырып, біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Мәселен, 2020 жылы меритократия қағидаты бойынша Наурызбай ауданы әкімінің аппаратында 4 адам төменгі лауазымнан жоғары лауазымға ауысты, мысалы, аппарат басшысы әкімнің идеология жөніндегі орынбасары болды, бөлім басшысы аппарат басшысы болды, екі бас маман бөлім бастығы болды.

2020 жылы БАҚ, әлеуметтік желілер мониторингінің қорытындысы бойынша Наурызбай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері қызметтік әдеп нормаларын бұзған жоқ.

Әкім аппараты ғимаратының 1 қабатында "Open Ѕрасе" форматындағы фронт-офис ашылған, онда коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, кәсіпкерлік, Әлеуметтік сала бөлімдерінің мамандары орналасқан, аудан әкімі де осы фронт-офисте өз қызметін жүзеге асырады.

Әкім аппаратының ғимаратында мемлекеттік және орыс тілдерінде әдеп кодексі, сондай-ақ "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заң стенд-қабырғаларында орналасқан.

Айсайын әкім аппаратының қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта жаппай оқыту жүргізіледі.

Әкім аппаратының жанында тәулік бойы жедел желісі, оның ішінде "WhapsApp" әлеуметтік желісі бойынша өтініштер қабылданады, сондай-ақ call-орталық жұмыс істейді.

Фронт-офисте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі "Nauryzbai Adaldyq Alany" жобалық кеңсесі ұйымдастырылды, оның жанында "Instagram" әлеуметтік желісінде арнайы аккаунт парақшасы ашылды, онда ақпараттармен посттар үнемі үздіксіз жарияланып отырады, заңнамадағы өзгерістер туралы  сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған ақпараттар да ұсынылады.

Аталған фронт-офисте тұрақты негізде кәсіби медиатор орналасқан және ол өз қызметін жүзеге асырады,  аудан тұрғындарына тегін кеңес береді, отбасылық даулар мен көршілер арасындағы қақтығыстарды реттеу бойынша шаралар қабылдайды.

2020 жылғы 25 қарашада осы жобалық кеңседе мемлекеттік органдар, саяси партиялар, ҮЕҰ, кәсіпкерлер палатасы, білім беру, Жастар, діни және этномәдени ұйымдар өкілдерінің қатысуымен іс-шара өткізіліп, нәтижесінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Ағымдағы жылдың 26 наурызында ҚР Бас прокуратурасының базасы арқылы әкім аппаратының қызметкерлеріне тексеру жүргізілді, соның нәтижесінде әкім аппараты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары анықталған жоқ, аталған тексеру тоқсан сайын жүргізілетін болады.

Сондай-ақ, жұмыс тиімділігін арттыру үшін аппарат қызметкерлерін жұмылдыруға арналған тимбилдингтер ұйымдастырылады (табиғаттағы демалыс, театр, кино, боулинг және т.б.). Тимбилдингтің міндеттеріне: ұжым мен ұйымшылдықтың бірлігі сезімін қалыптастыру, командада сенім мен түсінушілікті қалыптастыру, сондай-ақ қызметкерлердің психологиялық жүктемесін азайту кірді. Бірақ, өкінішке орай, пандемияға байланысты аталған іс-шараларды өткізу тоқтатылды.

Қоғам мемлекеттік қызметшілер салуға барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін олар жүзеге асыратын кәсіби қызметке әділ және адал өз Отанына адал қызмет ету. Instagram, Facebook, Telegram, Twitter, WhatsApp жедел желісі, Open Almaty, 20 мыңнан астам оқырман, жазылушысы бар аудан әкімінің ресми сайты- ресми интернет ресурсы халықпен тікелей және кері байланыс орнату үшін әкім аппаратында тұрақты жұмыс  істейді.

Сондай-ақ, Әдеп жөніндегі уәкілдің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары әзірленіп, бекітілді, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы бекіткен жоспарда айтылған барлық іс-шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар, мемлекеттік басқару органдарына деген сенімді арттыру және азаматтарды сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында аудан әкімі тұрғындармен 45 кездесу ұйымдастырып өткізді, онда әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар, "мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдардың, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің орындалуы туралы хабардар етті.

 

Дата публикации
26 апреля 2021