2021 жылдың І тоқсанындағы Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы есеп
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш – жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны-Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенім білдіреді. Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын, Әдеп кодексін, Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерін басшылыққа алады.
2021 жылдың I тоқсаны бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл 7 жеке консультативтік көмек көрсетті, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларға - 7.
Әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысы бойынша ҚР Тұңғыш Президентінің "Атамекен" тарихи-мәдени орталығының музейінде экскурсия, Наурызбай ауданы әкімі аппаратының кітапханасында "Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы" конференциясы өтті.
І тоқсанда БАҚ, әлеуметтік желілер мониторингінің қорытындысы бойынша Наурызбай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері қызметтік әдеп нормаларын бұзған жоқ.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмысы тұрақты негізде жүргізіледі, мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді.