2021 жылдың І тоқсанында атқарылған іс-шаралар есебі

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2021 жылдың І тоқсанындағы іс-шаралар есебі

13 қаңтар әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарын талқылау отырысы өтті.

16 қаңтар аудан жастары арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті.

16 қаңтар аудан жастарының қатысуымен жалғыз тұратын зейнеткерлерге «Жылу сыйла» көмек көрсету акциясын өткізілді.

9 ақпан Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай аудан жастары арасында «Мұқағали - мәңгілік жыр» мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.

14 ақпан отбасындағы зорлық-зомбылық мәселелерін қарау бойынша әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы отырысы өтті.

18 ақпан Сидней олимпиадасының жеңімпазы, боксшы Ермахан Ыбрайымовпен мектеп оқушыларының кездесуі өтті.

19 ақпан аудан ұстаздары арасында шахматтан жарыс өтті.

28 ақпан аудандық кітапханада Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай ҚР Жазушылар одағының мүшелерімен бірге «Жамбыл – менің жай атым, Халық – менің шын атым» атты жыр кеші өтті.

1 наурыз «Алғыс айту» күні аудан тұрғындары пандемия кезінде халыққа қызмет етіп, көмектескендерге өз алғыстарын білдіріп арнайы сыйлықтарын табыстады.

1 наурыз аудандағы өзге ұлт өкілдері қазақ көршілерін қонақ қылып, алғыстарын білдірді.

1 наурыз аудандағы өзге ұл өкілдері қазақ еліне, жеріне алғыс білдіріп әлеуметтік желіде бейне жариялады.

1 наурыз барлық білім мекемелерінде оқитын өзге ұлт өкілдерінің балалары және ата-аналары әлеуметтік желіде «Қазақ еліне мың алғыс!» бейне челленджін жариялады.

5 наурыз аудан әкімінің орынбасары А. Орынбековтің аудан әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау рәсімі өтті.

1-5 наурыз аралығы әйелдер қауымына сұлулық салондарының ашық есік күндері өтті.

6 наурыз жалғызбасты зейнеткерлер үйінде «Қарттарым - асыл қазынам!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, сыйлықтар табысталды.

6 наурыз аудан әкімінің орынбасары А. Орынбеков 111 жастағы Ермекбаева Әсел апаны мереке қарсаңында құттықтады.

6 наурыз аудандық құрылымдық бөлімшелер 100 жастан асқан Даулетбаева Қаламқас және Сариева Сара апаларды мереке қарсаңында құттықтап, сыйлықтар табыстады.

7 наурыз 96 жастағы Ару ана Камила Қасымова Наурызбай ауданындағы жас әйелдерге ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Құрақ көрпе» тігу бойынша «Ұрпақтар сабақтастығы» атты шеберлік сағатын өткізді.

8 наурыз аудан жастарымен бірге көшедегі әйелдерге кездейсоқ гүл сыйлау шарасы өтті.

14 наурыз «Көрісу күні» аудан ардагерлерінің көрісу шарасы өтті.

14 наурыз жас мұғалімдердің ардагер ұстаздармен көрісу шарасы өтті.

15 наурыз мектеп оқушылары арасында «Қазақтың ұлттық ойындары» конференциясы өтті.

15 наурыз мектеп оқушылары арасында «Наурыз жыл басы» сурет салу байқауы өтті.

16 наурыз «Арай» хорының ансамблі «Ел арна» каналының «Бейне» деректі фильміне түсті.

16 наурыз «Табиғат күні» аясында мектеп оқушылары арасында «Менің эко үйім» қоршаған орта ластануының алдын алу бойынша акция өтті.

17 наурыз «Айналаңа қуаныш сыйла» мектеп оқушылары арасында ұлттық нақыштағы кәдесыйлар жасап, тарату шарасы өтті.

17 наурыз мемлекеттік кірістер басқармасы «Наурыз отбасыммен!» акциясы аясында әлеуметтік жағдайы осал топқа жататын 30 отбасыға азық-түлік себетін және ұлттық тағамдар табыстады.

18 наурыз «Әз-Наурыз» мерекесі қарсаңында ХҚКО және Пробация қызметі бөлімінің ұжымы №4 күндізгі болу бөлімшесінің балаларына арналған монтессори тақтасын, пуфик, ой дамытуға арналған ойыншықтар сыйға тартты.

19 наурыз аудан бүлдіршіндерінің «Наурыз құтты болсын!» бейне челленджі өтті.

20 наурыз Әлеуметтік әл-ауқат бөлімі аудан тұрғындарына ұлттық тағамдар әзірлеп, «Наурыз көже» таратты.

20 наурыз  Санитарлық-эпидемиологиялық басқарма қызметкерлері аудан тұрғындарына ұлттық тағамдар әзірлеп, «Наурыз көже» таратты.

21 наурыз «Азаматтарға арналған үкімет» әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындарына ұлттық тағамдар әзірлеп, «Наурыз көже» таратты.

21 наурыз «Жайлау күні» аудан әкімі және құрылымдық бөлімшелер қызметкерлері, эстрада жұлдыздары, аудан жастарымен бірге 300 ағаш көшеттерін отырғызды.

22 наурыз «Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын!» аудан тұрғындары мен өнерлі жастарының құттықтау бейнеролигі жарияланды.

24 наурыз «Дәстүрімізді дәріптейік!» салт дәстүрге негізделген аудандық білім мекемлері арасында сайыс өтті.

26 наурыз ұлттық нақыштағы киімдер тігуден білім мекемелері арасында сайыс өтті.

27-31 наурыз аралығы мектеп оқушылары арасында «Қазақтың қолөнері» атты ұлттық нақыштағы бұйымдар жасау апталығы өтті.

 

2021 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша жоспарға сәйкес,
37 іс-шара өткізіліп, 1 376-дан астам адам қамтылды.

Сонымен қатар, «Игі істер марафоны» республикалық жобасы аясында жыл басынан бері 12 игі іс-шара ұйымдастырылды. Жалпы саны 315 адам қамтылды.

Жыл басынан бері өңірлік БАҚ-та халықтың барлық нысаналы топтарына бағдарланған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу бағыты бойынша 6 шара жарияланды.

 

Дата публикации
05 апреля 2021