2021 жылдың І тоқсаны бойынша электрондық құжат айналымы туралы ақпарат
Жалпы құжат айналым
Наурызбай ауданы әкімінің аппаратына 2021 жылдың І тоқсанында 1464 – кіріс хат-хабар, оның ішінде: 61 – заңды тұлғадан, 411 - жеке тұлғадан, 10 – директивтік, 24 ұйымдастырушылық-өкімдік, 958 – қызметтік құжат келіп түсті. Шығыс хат-хабар –1893, оның ішінде: 58 - заңды тұлғадан, 411 – жеке тұлғадан, 24 – ұйымдастырушылық-өкімдік, 902 – қызметтік, 510 – бастамашыл құжат. Жалпы құжат айналымы – 3357 құрайды.
2021 жылдың І тоқсанында Наурызбай ауданы әкімі аппаратындағы жалпы құжат айналым 3357 хат-хабарды құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 %-ға көп. (2020 ж.- 3020 құжат айналымды құрады).
Жеке және заңды тұлға өтініштері
Аудан әкімінің аппаратына 2021 жылдың І тоқсанында жеке және заңды тұлғадан 472 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,8 %-ға көп. (2020 ж. – 364 өтініш келіп түскен).
Жеке және заңды тұлға өтініштерінің барлығы – 472, оның ішінде 46– қанағаттанарлық, 166 - түсініктеме берілді, 260 – басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілді, бас тартылған – жоқ.
Азаматтардың өтініштерінің басым көпшілігі сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесі - 116, әлеуметтік қамтамасыз ету - 69, көріктендіру - 25, жол және жол жиектерін жөндеу - 17, қоғамдық көлік – 8, ҚТҚ шығару жөнінде – 5, және де басқада мәселелер – 232.
Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты өтініштерде көрсетілген мәселелерді шешу үшін және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша бұзушылықтарды болдырмау мақсатында барлық қажетті шараларды қолдануда.
Қызметтік хат-хабар
Сондай-ақ аудан әкімінің аппаратына 2021 жылдың І тоқсанында 958 қызметтік хат-хабар келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,6 %-ға көп. (2020 ж. – 616 қызметтік хат-хабар келіп түскен).
Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар
Аудан әкімінің аппаратына 2021 жылдың қаңтар және наурыз айында 24 - ұйымдастырушылық құжат келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,8 %-ға аз. (2020 ж. – 71 ұйымдастырушылық құжат келіп түскен).
Азаматтарды қабылдау
«Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарында жеке тұлғалардың және заңды тұлға өкілдерінің қабылдауын ұйымдастыру туралы» ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 974 қаулысын басшылыққа ала отырып.
Аудан әкімі және оның орынбасарлары жеке қабылдауында жалпы 16 қабылдау өткізілді (140 адам), оның ішінде: аудан әкімі – 7 қабылдау (60 адам), оның орынбасарлары – 9 қабылдау (80 адам).
Өтініштерден оң шешілгені – 20, түсініктеме берілгені - 86, басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілгені - 34.
Open Almaty
«Open Almaty» Алматы қаласының қоғамдық қабылдауынан 2021 жылдың 5 қаңтары мен 31 наурыз аралығында 37 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48,6%-ға көп. (2020 ж. – 19 өтініш келіп түскен). Қазіргі уақытта 37 өтініш қаралып, жауаптары «Open Almaty» Алматы қаласының қоғамдық қабылдауына және өтініш иелеріне жіберілді.