ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2021 жылғы І тоқсан АҚПАРАТЫ
- Наурызбай ауданы әкімінің аппаратымен 2021 жылдың 4 айында 25 іс-шара ұйымдастырылды (онлайн іс-шаралар), оның ішінде 8 медициналық мекемелерде, 9 мектептерде, 8 пәтер иелері кооперативтерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері бойынша кездесулер өткізіліп, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жолдары қарастырылды.
- 2021 жылғы 14 ақпанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама» тақырыбында Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ғимаратында семинар өткізіліп, 2020 жылға арналған ұлттық баяндаманың жобасы таныстырылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс нәтижелері талқыланды.
- 2021 жылғы 28 ақпанда Наурызбай ауданы әкімі аппаратының интернет ресурсында «Мемлекеттік сатып алу» бөлімінде Әкім аппаратының барлық шығыстары туралы ақпаратты қамтитын бюджеттік бағдарламалары орналастырылды.
- Наурызбай ауданында орналасқан 6 медициналық мекемелердің, 8 жалпы және
7 жеке білім беретін мектептердің ғимараттарында және әкім аппараты ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған ақпараттар орналастырылды.
- Аудан тұрғындарының мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру мақсатында Наурызбай ауданы әкімі аппараты ғимаратының 1 қабатында «NAYRYZBAI ADALDYQ ALANY» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жобалық кеңсе ашылды.
- Әкім аппараты қызметкерлері ювеналды полиция инспекторларымен бірігіп, аудан мектептерінде жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта тәрбие дәрістерін жүйелі түрде өткізеді.
- Наурызбай ауданы әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселелері бойынша мониторинг тұрақты түрде жүргізіліп тұрады, сондай-ақ, мүдделер қақтығысын алдын алу және реттеу бойынша
80 оқу құралдары таратылды.
- 2021 жылдың басынан бері Наурызбай ауданы әкімі аудан тұрғындармен 25 кездесу өткізді (онлайн кездесулер), кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында әкім аппаратында жедел-желі іске қосылды, телефон нөмірі: 8-700-308-70-20.