Коммуналдық шаруашылық бөлімінің 2020 жылда атқарған жұмысы туралы есебі
Инженерлік желілерді дамыту жобасы аясында ағымдағы жылы 8 жобаны іске асыру бойынша жұмыстар басталды (Құрамыс, Таужолы, Жайлау, Ақжар, Қарғалы, Шұғыла, Тастыбұлақ және Қарғалы өзеніндегі су тоғаны) қазіргі уақытта жобаға сәйкес 62,7 шақырым су және 36,2 шақырым кәріз құбырының құрылысы салынды (жобаға сәйкес 121,5 шақырым су, 85 шақырым кәріз желісі).
Таусмалы, Қарағайлы және Ақсай өзенінде салынатын су тоғанының жобалары мемлекеттік сараптамадан өткізілуде, құрылыс жұмыстары 2021 жылға жоспарланған.
Аудандық коммуналдық қызмет бөлімінің күшімен су құбыры желілерінде орын алған 1159 апатты жағдай қалпына келтірілді, 53 дана құдық қақпағы және 42 дана өрт сөндіру гидарнттары ауыстырылды.
Алматы қаласы әкімдігінің 04.10.2019ж. №4/573, 21.11.2019ж. №4/621 және 27.05.2020ж. №2/170 қаулысына сәйкес барлығы - 54 дана трансформатор қондырғысы мен 122,2 шақырым электр желілері «Алатау жарық компаниясы» АҚ теңгеріміне өткізілді. Қазіргі уақытта трансформатор қондырғыларының меншік иелерімен және бау-бақша бірлестігі төрағаларымен жеке есеп шот ашу шаралары басталды.
Аудандағы көп қабатты тұрғын үйлердің аумағында 85 аула орналасқан. Оның ішінде 65 аула (77,3%) 2015 -2019жж аралығында күрделі жөндеуден өткізілді. Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 4 аулада ағымдағы жөндеу жұмыстары орындалды: Ақжар ш/а, Дәулеткерей көшесі, 8, 13/1, Қалқаман ш/а, №3,11,13 («Asmar stroy» ЖШС; «Прогрес Электро» ЖШС). Сонымен қатар, бюджет есебінен 5 аулада ағымдағы жөндеу жүргізілді: Акжар ш/а, Санаторная көшесі, 2; Рахат ш/а, Көкдала көшесі, 8,17; Ақжар ш/а, Дәулеткерей көшесі, 5; Қалқаман ш/а, 3 («Prosperity» ЖШС).