Көріктендіру бөлімінің 2020 жылда атқарған жұмысы туралы есебі
Жол инфрақұрылымы
2020 жылы ұзындығы 23 шақырым құрайтын 35 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Көлік жүретін бөлікті кеңейту және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында Қарағайлы шағынауданы Тәжиев көшесі бойындағы көпір өткелін қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Жол» ЖШС мердігерлік ұйымымен Нұрлы көшесін (МУРЗ) Сәбденов көшесінен Райымбек даңғылына дейін ұзарту жұмыстары басталды.
Жол құрылысына ЖСҚ әзірленуде:
- ш.а. Құрамыс (11 көше, 4,5 км,);
- ш.а. Ақжар (84 көше, 45,2 км);
- Төле би көшесін ұзартылуына. Жоба мемлекеттік сараптамадан өту сатысында.
Жаяу жүргінші жолдары
Жолдарды орташа жөндеу аясында 7 шақырым (8 көше) жаяу жүргінші жолдары салынды.
Көптеген өтініштер бойынша Сәбденов көшесінен №36 ҚА дейін, Бегалиев және Қыдырбеков, Дрозд және Сәке батыр көшелері арасында және Сұраншы батыр көшесінен Сәбденов көшесіне дейін жаяу жүргіншілер жолын жайластыру жүзеге асырылды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 8,5 км болатын 9 көшеде жаяу жүргіншілер тротуарының құрылысы жүзеге асырылды.
Жүргізілген жұмыстарды ескере отырып, 115 шақырым 100 көше, жаяу жүргіншілер жолдарымен қамтамасыз етілді.
Арық желілері
Жолдарды орташа жөндеу аясында 2 км арық желісі салынды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ұзындығы 13 шақырым болатын 10 көшеде арық желісін салу жұмыстары жүргізілуде.
Жүргізілген жұмыстарды ескере отырып, жалпы ұзындығы 81 шақырым болатын 80 көшеде арық желілерімен қамтылды.
Сыртқы жарықтандыру желісін салу
2020 жылы "Электроремонт" ЖШС мердігерлік ұйымымен мемлекеттік-жеке серіктестік аясында 306 көшенің сыртқы жарықтандыру желілерінің құрылысы және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Абаттандыру жұмыстары
Әлеуметтік жауапкершілік және бизнес аясында Ақжар шағынауданы №200 мектеп-гимназиясының алдында балалар және спорт ойын кешендерінің, көрермендер трибунасы бар футбол алаңының құрылысы салынды.
Сонымен қатар, «Бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында 2 баскетбол, 4 workout, 2 балалар және 1 скейт алаңдары салынды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 5 сквер салынып, 5 жасыл аймақ абаттандырылды.
«КомпанияСтройИндустрия» ЖШС мердігерлік ұйымымен Байзақ батыр көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жұмыстар аясында жаяу жүргіншілер жолы, сыртқы жарықтандыру желісі салынып, балалар ойын және workout алаңдары, орындықтар және қоқыс жәшіктері орнатылды.
Көгалдандыру
Ауданның 2020 жылға арналған гүлді-сәндік безендіру көлемі 6 730 м2 құрайды. Оның ішінде, қызғалдақ – 1200 м2, канн – 320 м2, летники – 5200 м2 отырғызылды.
2020 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 8500 ағашты санитарлық кесу, 409 ағашты формалық кесу, 40 апатты ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілді.
6695 қылқан жапырақты және жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды.
ТЖ объектілері
Төтенше жағдайларды жою мақсатында Қарағайлы шағынауданы Тажиев және Ізгілік көшелері бойындағы беткейді габиондық құрылыммен нығайту және Ақжар шағынауданы Арман б/б көпір өткелін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету:
Ауданның көшелерін тазалауға 3 мердігерлік ұйым жұмылдырылды («Алматы Тазалық» МКК, «Магнолия дистард» ЖШС, «НФК групп» ЖШС) техникалық сипаттамаға сәйкес күн сайын тротуарларды, аялдама кешендерін және көшенің жүру бөліктерін механикалық және қолмен тазалау жұмыстары жүргізіледі. 150 жол жұмысшылары мен 57 арнайы техника жұмылдырылды.
«BSB Construction» ЖШС мердігерлік ұйымымен арық желілерін қоқыс пен тұнбадан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Күн сайын 12 жұмысшы және 4 арнайы техника бірлік жұмылдырылды.
Қалалық және аудандық іс-шараларды, сондай-ақ төтенше жағдай кезеңіндегі іс-шараларды өткізу кезінде 428 дана биодәретхана орнатылған.
Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде күн сайын көшелерді, тротуарларды, саябақтарды, скверлерді және өткелдерді өңдеуге: 9 бригада (22 адам) 6 бірлік суару-жуу машиналары жұмылдырылды.