Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің 2020 жылғы есебі
2020 жылғы 20 желтоқсандағы аудандағы салық түсімдерінің сомасы 12,8 млрд. теңгені құрады, жоспардың орындалуы 106%. Өткен жылғы сәйкес кезеңге өсімі 131 %. Оның ішінде: республикалық бюждетке 5,3 млрд. теңге, жергілікті бюджетке 7,5 млрд. теңге.
2020 жылғы қаңтар-қарашадағы өндіріс көлемі 5,2 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 102,1% пайызды құрады.
Бөлшек сауда айналымының көлемі 6,1 млрд теңгені құрады, өткен жылғы сәйкес кезеңге өсімі 210%, көтерме сауда көлемі 1,9 млрд теңге.
Шағын және орта кәсіпорындарының саны- 2 460, жұмыс істейтіндер- 1 892.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 87,9 млрд. теңге соммасын құрады, өткен жылғы сәйкес кезеңге 199,9%.
Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай мемелекеттік бағдарламалары
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппайкәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылд арға арналған бағдарламасы» бойынша 2020 жылы 18,5 млн теңге «Акжол Servicе» ЖШС-нің қауіпті емес қалдықтар жинау бойынша, 2 млн. теңгеге «Нургалиева Мақпал» ЖК жобалары қолдау алды..
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша 3,3 млрд. теңгеге 9 жоба мақұлданды:
1) «BJ Bolashak group» ЖШС (стоматология)- 24 млн. теңге;
2) «Луиза» ЖК (жүк тасымалы)- 24,5 млн. теңге;
3) «Пэри» ЖК (шұлық өнідірісі)- 53 млн. теңге;
4) «Аскарбекова А.М.» ЖК (автобетононасос сатып алу)- 59 млн. теңге;
5) «Ниязбеков И.Ш.» ЖК (жатақхана құрылысы)- 20 млн. теңге;
6)«Шакенов М.Д.» ЖК (жеңіл көлік жалға беру) - 15 млн. теңге;
7) «ГРАТ-Строй» ЖС (жер учаскесін сатып алу, 15 га)- 1 млрд 422 млн теңге;
8) «Top cleaning service» ЖШС (клинингтік қызмет көрсету)- 40 млн. теңге;
9) «Kaz Eco Gas LTD18» (мектеп құрылысы)-1 млрд.700 млн теңге.
Тоқтап тұрған кәсіпорындарды қайта жандандыру мақсатында, Жандосов көшесінде, Дәулеткерей көшесімен қиылысында «Ala Estate» ЖШС өнеркәсіп паркі жұмыс істеуде.
Бүгінгі уақытта өнеркәсіп апркі аумағында 7 жаңа кәсіпорын ашылды:
Сондай-ақ, аудан аумағында Әшімов көшесі, 1/5 мекенжайы бойынша «Бротмастер» ЖШС-мен өнеркәсіп паркінің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта аталған өнеркәсіп паркінде нан өнімдерін өндіру («Ай-шербет» ЖШС), кофе дәнін қуыру («Coffee expert» ЖШС), сусын өндіру («Wow drinks» ЖШС) цехтары орналасқан.
3 қыркүйек күні кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, «Qolday» кәсіпкерлік орталығымен бірлесіп «Zoom» платформасында кәсіпкерлермен жиналыс өткізілді.
Сондай-ақ, кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің мамандарымен күнделікті түрде барлық мүдделі шағын және орта бизнес субъектілеріне кері байланыс арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы жаңа нысандар
Ағымдағы жыл басынан бері шағын және орта бизнес саласында инвестиция көлемі 2,5 млрд. теңгені құрайтын 10 нысан ашылды.
Қоғамдық көлік
Қазіргі таңда, аудан аумағында 21 бағытта қоғамдық көлік қызмет көрсетеді.
№226 маршрут ашылды, Жаңатұрмыс ауылы- Жандосов көшесі, Яссауи көшесімен қиылысы.
№39 маршрут ашылды, Қарағайлы ш/а – Жандосов көшесі- Вахтангов көшесімен қиылысы.
№104 маршруттың схемасы Байзақ батыр және Ақтамберді жырау көшелерін қамту арқылы өзгертілді.
№11, 22, 27, 104 а маршруттарда автобустар жаңартылды.
Аудан аумағында бар жалпы 124 аялдама бекеттерінің, 94-і 2016-2018 жж. жаңадан орнатылды. 2019 жылы 15 жаңа аялдама орнатылды.
Жол белгілері мен таңбалары
«СМЭУ» ЖШС мердігер компаниясымен 120 жол белгісі орнатылып, 24 қайта қалпына келтірілді, 11 демонтаждалды және 30 «жаяу жүргіншілер жолы» жол таңбасы жаңартылды. Аудан аумағында 5 мыңнан астам жол белгісі бар.
Аудан аумағында 5 мыңнан астам жол белгісі бар.
Сондай-ақ, Дәулеткерей-Әбділдин көшелерінің қиылысы және Бекішев-Әбділдин көшелерінің қиылысында бағдаршам нысандары орнатылды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы мониторингі
7 сәуір мен 11 мамыр аралығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның көтерілуіне жол берген кәсіпкерлерге 18 әкімшілік хаттама толтырылды, 100 АЕК көлемінде (277 800 теңге). Барлығы айыппұлдарын төледі.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның көтерілу фактілерін болдырмау мақсатында тұрақты негізде ауданда орналасқан сауда кәсіпорындарына бару арқылы баға мониторингі жүргізілуде, сондай-ақ осындай фактілерді болдырмау үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Кәсіпкерлік нысандарын кезеңмен іске қосу
20 сәуір мен 6 маусым аралығында шектеулерді кезеңімен алу бойынша Наурызбай ауданындағы нысандардың дайындығын бағалау жөніндегі жұмыс тобымен барып қарау жұмыстарынан кейін, 906 адам жұмыс істейтін 243 нысанның қызметі қайта жанданды.
Кәсіпкерлерді уақытында хабарландыру және кері байланыс орнату мақсатында, төтенше жағдай енгізілген күннен бастап whatsapp мессенджерінде шағын және орта бизнес өкілдерімен топтар құрылды.
Кәсіпкерлік нысандарында коронавирусты ескерту бойынша 600-ден астам плакат ілінді.
Кәсіпкерлік нысандарының мониторингі
8 қарашадан бастап, ауданда карантин режимінің және санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуын анықтау бойынша 4 мониторингтік топ («Атамекен» ҰКП, Жергілікті полиция қызметі, әкім аппараты) жұмыс істеуде.
2020 жылы 1000-нан аса нысан қамтылды, оның ішінде: