2020 жылдың 12 айы бойынша электрондық құжат айналымы туралы талдау
Жалпы құжат айналымы
Наурызбай ауданы әкімінің аппаратына 2020 жылдың 12 айына 4537 – кіріс хат-хабар, оның ішінде: 215 – заңды тұлғадан, 1536 - жеке тұлғадан, 37 – директивтік, 192 ұйымдастырушылық-өкімдік, 2557 – қызметтік құжат келіп түсті. Шығыс хат-хабар –5936, оның ішінде: 213 - заңды тұлғадан, 1539 – жеке тұлғадан, 187 – ұйымдастырушылық-өкімдік, 2517 – қызметтік, 1480 – бастамашыл құжат түсті. Жалпы құжат айналымы – 10473 құрайды.
2020 жылдың 12 айына Наурызбай ауданы әкімі аппаратындағы жалпы құжат айналымы 10473 хат-хабарды құрайды, бұл өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 20,3 %-ға аз. (2019 ж.- 13154 құжат айналымды құрады).
Электрондық құжат айналымының жалпы саны 4014, атап айтқанда Алматы қаласының әкімдігінен келіп түскен өтініштер (Лотус Нотус жүйесі арқылы) – 2517, «Электрондық үкімет» порталы арқылы – 632, ЭҚАБЖ – 865.
Жеке және заңды тұлға өтініштері
Аудан әкімінің аппаратына 2020 жылдың 12 айында жеке және заңды тұлғадан 1778 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,4 %-ға аз.(2019 ж. – 2236 өтініш келіп түскен).
Оның ішінде 171 өтініш Алматы қаласы әкімдігінен (Лотус нотус жүйесі арқылы) 10 өтініш азаматтарды жеке қабылдаудан келіп түсті. Сонымен қатар 365 өтініш «Электрондық үкімет» порталы арқылы, 44 өтініш ЭҚАБЖ арқылы түскен.
Жеке және заңды тұлға өтініштерінің барлығы – 1778, оның ішінде 125–қанағаттанарлық, 490 - түсініктеме берілді, 1163 – басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілді, бас тартылған – жоқ.
Азаматтардың өтініштерінің басым көпшілігі сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесі - 517, әлеуметтік қамтамасыз ету - 323, көріктендіру - 311, жол және жол жиектерін жөндеу - 35, қоғамдық көлік – 48, ҚТҚ шығару жөнінде – 16, құрылыс мәселесі – 10 және басқада мәселелер – 518.
Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты өтініштерде көрсетілген мәселелерді шешу үшін және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында барлық қажетті шараларды қолдануда.
Қызметтік хат-хабар
Сондай-ақ аудан әкімінің аппаратына 2020 жылдың 12 айында 2557 қызметтік хат-хабар келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,2 %-ға аз.(2019 ж. – 2699 қызметтік хат-хабар келіп түскен).
Оның ішінде 1339 өтініш Алматы қаласы әкімдігінен (Лотус нотус жүйесі арқылы), 21 өтініш «Электрондық үкімет» порталы арқылы, 821өтініш ЭҚАБЖ арқылы келіп түсті.
Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар
Аудан әкімінің аппаратына 2020 жылдың 12 айында 192- ұйымдастырушылық құжат келіп түсті, бұл өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 42,6 %-ға аз.(2019 ж. – 335 ұйымдастырушылық құжат келіп түскен).
Азаматтарды қабылдау
«Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарында жеке тұлғалардың және заңды тұлға өкілдерінің қабылдауын ұйымдастыру туралы» ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 974 қаулысын басшылыққа ала отырып:
Аудан әкімі және оның орынбасарлары жеке қабылдауында жалпы 39 қабылдау өткізілді (222 адам), оның ішінде: аудан әкімі – 21 қабылдау (142 адам), оның орынбасарлары – 18 қабылдау (80 адам).
Өтініштерден оң шешілгені – 64, түсініктеме берілгені - 103, басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілгені - 34.
Open Almaty
«Open Almaty» Алматы қаласының қоғамдық қабылдауынан 2020 жылдың 5 қаңтары мен 31 желтоқсан аралығында 71 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 %-ға көп. (2019 ж. – 67 өтініш келіп түскен). Қазіргі уақытта 71 өтініш қаралып, жауаптары «Open Almaty» Алматы қаласының қоғамдық қабылдауына және өтініш иелеріне жіберілді.