Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің 2020 жылы атқарған жұмысының есебі

Мемлекеттік – құқықтық бөлімінің 2020 жылда атқарған жұмысының есебі

  • Есептік кезеңде Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Наурызбай ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 7 отырысы өткізілді.
  • Мемлекеттік құқықтық бөлімінің қызметкерлерімен Наурызбай ауданы Полиция басқармасымен бірлесіп, аудан бойынша «Жүк автомобильдерінің жүруіне тыйым салынады» жол белгісін және «Тоқтап тұруға тыйым салынады» жол белгісін ескермеген автокөлік жүргізушілерін анықтау мақсатында рейдтер жүргізіліп тұрады. Жыл басынан бері 40-аса автокөлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
  • Деструктивті діни ағымдарға бейімі бар адамдарды анықтау бойынша Алматы қаласының атқарушы, құқық қорғаушы және арнайы органдарының әрекеттесуі бойынша меморандум шараларын жүзеге асыру барысында, Наурызбай ауданында 2020 жылдың басынан бері 673 адам анықталды.
  • Наурызбай ауданындағы өз бетінше иеленіп алынған жер учаскелерді анықтау бойынша жұмыс тобымен 60 жер учаскесі қаралып, 9 жер учаскесіне Жер комиссиясы оң шешімін берді.
  • Бөлім белгіленген тәртіпке сәйкес жыл басынан бері 38 рет үшінші тұлға ретінде сот процестеріне қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2020 жылы атқарылған жылдық есеп
Дата публикации
08 января 2021